Сабақ жоспары 5-сынып Математика Әріпті өрнектер

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сынып: 5

Күні:

Пәні: Математика

Сабақтың тақырыбы

Әріпті өрнектер

Жалпы мақсаттар:

- әріпті өрнекті санды өрнектен ажырата білу;

-әріпті өрнектің мәнін және коэффициентті таба білу;

-әріпті өрнектің жазылу ережесін білу;

-есеп шартына сәйкес әріпті өрнекті жаза білуге үйрету.

Ресурстар:

Оқулық, сабаққа қажетті ресурстар.

Әдіс - тәсілдер

Тәсілі : жеке, жұппен, топпен

Әдісі: АКТ, СТО,

Оқыту нәтижесі:

Әріпті өрнек,оның мәні,коэффициенті және жазылу ережесін біле отырып,оны есептер шығаруда қолдана алады,Топпен жұмыс жасай отырып,есептердің шығарылу жолдарын бір-біріне түсіндіреді,өзгелердің қатесін түзейді. Оқушылар жекелеме,жұппен,топпен жұмыс істей отырып идея бөліседі, өнім жасалады, талдайды,жинақтайды, қортындылайды, бағалайды.

Түйінді идеялар

Өрнектер,санды өрнектер,олардың мәні

Дерек көздер

Оқулықпен жұмыс, қосымша мәліметтер

Сабақтың барысы :

Уақыты:

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті


Ұйымдастыру кезеңі:

1 мин

Тілек айту.

Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілейді.

1 мин

Топқа бөлу


Оқушылар ұқсас фигуралармен бірігіп 2 топ құрайды, топ ережесін сақтайды.

«Қызығушылықты

ояту »

Өткен материалды еске түсіру.

Үй тапсырмасын тексеру.

10 мин

«Топтастыру» әдісі бойынша «Санды өрнектер.Санды теңдіктер» туралы жұмыстандыру.

Топтар «Топтастыру» әдісі бойынша «Санды өрнектер.Санды теңдіктер» жөнінде топтастыру жұмысын орындайды.

Жаңа тақырып:

«Мағынаны ажырату».

8 мин

«Дөңгелек үстел» әдісі бойынша топтарға «Әріпті өрнек» тақырыбы бойынша үстелге дөңгелене отырып,тақырып төңірегінде білетіндерін айтып өту.

Топтар «Дөңгелек үстел» әдісі бойынша «Әріпті өрнек» тақырыбы бойынша әр оқушы білетіндерін айтып өтеді.

Оқушылар өрнектердің жазылуындағы ерекшеліктерді айтады.

7 мин

Мұғалім түсіндірмесі

Оқушылар әріпті өрнек туралы мағұлматтар алады.

«Ой толғаныс»

Есептер шығару

12 мин

Оқулықпен жұмыс.

1.«Кім жылдам» әдісі бойынша №161 есепті ауызша орындату

2.«Ойлан,бірік ,бөліс» әдісі бойынша екі топқа №162,№163,№164 есептерін орындау тапсырылады.

І топ.№162(1,2),№163(4,5,6), №164(1,2)

ІІ топ.№162(3,4),№163(1,2,3), №164(3,4)

Оқушылар жекелеме жұмыс жасай отырып,жұптасып,одан соң топтасып бір-бірінің жұмыстарын тексереді. Ортақ шешім шығарылып, қорытындысын бір оқушыдан тақтада орындайды.

162 1)15а; 2)17+в;3)х:у; 4)29-п.

163 1)83+а=83+17=100.

2)в-24=40-24=16,

3)75:с+20=75:5+20=35

4)30:с+18=30:6+18=23

5)d:16-7=144:16-7=17

6)9n+16=54+16=70

164 1)п<15;

2)k9

3)3m>11

4)2r<18

Топтар бір-бірінің жұмыстарын смайликтермен бағалайды.

«Ой қозғау»

Қорытындылау.

3 мин

«Венн дианраммасын» толтыру.

Оқушылар санды өрнек пен әріпті өрнек арасындағы айырмашылық ппен ұқсастықты көрсетеді.

Оқушылар «Венн диаграммасын» толтыру арқылы санды өрнек пен әріпті өрнек арасындағы байланыс пен айырмашылықты топ болып ойланады.Әр топ жеке орындайды.

Бағалау

1

мин

Топтар бір-бірлерінің жұмыстарын, смайликтер арқылы бағалайды.Топтық жұмыстардың жиынтық бағасы қойылады. «Табыс критерийі» бойынша оқушылардың жиынтық бағасы қойылады.

Кері байланыс

1 мин

Оқушылар сабақ туралы пікірлерін стикерге жазып жапсырады.

Кейінгі жұмыс

1мин

§1.8 №168,№170