Дөңгелек диаграмма (5 сынып)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: Дөңгелек диаграмма

Сабақтың мақсаты: оқушыларды диаграммалардың түрлерімен таныстыру, дөңгелек диаграммаға тоқталу;

Сабақтың міндеті:

а) оқушыларға дөңгелек диаграмманы кескіндеу арқылы шығарылатын есептер шығаруды, диаграмма салуды үйрету;

ә) оқушылардың диаграмма салу біліктілігін қалыптастыру, пәнге қызығушылығын арттыру;

б) оқушыларды байқағыштыққа, алғырлыққа, ұйымшылдыққа, көркемдікке тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы.

Сабақтың әдісі: көрнекілік, практикалық, топпен жұмыс, жеке жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, түрлі түсті дөңгелектер.бағалауға арналған дөңгелектер.

Пәнаралық байланыс: информатика, жаратылыстану.

Сабақтың барысы:

  1. Актуализация

  2. Жаңа сабақ.

а) диаграммалармен таныстыру

ә) дөңгелек диаграммаға мысалдар

3. Бекіту.

4. Қорытынды.

5. Бағалау.

6. Рефлексия

7. Үйге тапсырма.

1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру.

Оқушыларды бағалауда әр дұрыс жауап беріп отырған оқушыларға дөңгелекшелер беріп отырамын. Сабақтың соңында әрбір оқушыдағы дөңгелектерді санап, барлық оқушыларды бағалаймын.

Қ [pic] айталау +1.1

1. Ауызша есептер

>1

-0,3 +1 +2,5 егер

-0,3

<1 +2.1


2. Графикалық диктант. [pic]

[pic] - дұрыс, - бұрыс

Бұрыштар.

  1. Тең бұрыштардың градустық өлшемдері тең болады.

  2. Жазыңқы бұрыш 1790 құрайды.

  3. Сүйір бұрыш тік бұрыштан кіші болады.

  4. Доғал бұрыш деп сүйір бұрыштан кіші бұрышты айтады.

  5. Жазыңқы бұрыш 1800-қа тең.

  6. Барлық тік бұрыштар жазыңқы бұрыштың жартысына тең.

[pic]

Жауабы:


3. Тапсырма: Процентті ондық бөлшек түрінде жазып, кестені толтыру. Тапсырманы әр топқа тарату.Шыққан ондық бөлшектерді өсу ретімен жазу. Сонда бүгінгі сабақтың тақырыбы шығады.

Балаларды топқа бөліп отырғызу. Ол үшін оқушы санына қарай үш түрлі түстен тұратын фигураларды оқушылар таңдау арқылы 3 топқа бөлінеді. Топқа бөлінетіндігін бұрын хабарламай, түстерді таңдаған соң айту.

2. Жаңа сабақ.

а) Диаграммалар туралы:

Диаграмма – грек тілінен аударғанда «сурет», «бейне», «сызба» деген ұғымды білдіреді. Мәліметтердің арақатынасын көрнекі етіп көрсету үшін қолданылады. Диаграммалар арқылы мәліметтердің сандық айырмашылықтарын анық көруге болады. Диаграммалар дөңгелек, бағанды және сызықтық диаграммаларға бөлінеді.


Диаграммалар

[pic]











1- сурет


ә) Дөңгелек диаграмма салуға мысалдар қарастырайық.

Дөңгелек диаграммада 30 га, 50 га, 80 га және 20 га- ға тең аудандарды кескіндейік. Ол үшін дөңгелек аламыз (2- сурет). Бұл дөңгелек жалпы ауданды, яғни 180 га- ды береді, өйткені 30 га+50 га +80 га + 20 га=180 га (3- сурет). Дөңгелектің 3600-қа тең толық бұрышты қамтитыны белгілі. Алдымен 1 га-ға қандай сектордың бұрышы сәйкес екенін табамыз. Ол үшін толық бұрышты жалпы ауданға, яғни 180 га- ға бөлеміз. Сонда 3600 : 180 =20. демек, 30 га-ға сәйкес сектордың бұрышы 600, өйткені 20∙30=600; 50 га-ға сәйкес сектордың бұрышы 1000, өйткені 20∙50=1000; 80 га-ға - 1600, өйткені 20∙80=1600; 20∙20=400.

Транспортирдің көмегімен дөңгелекке бұрышы 600, 1000, 1600, 400 болатын секторларды бірінен соң бірін саламыз (4- сурет)

[pic] [pic] [pic]

2- сурет 3- сурет 4-сурет

[pic]

Секторларды әртүрлі түстермен бояу арқылы дөңгелек диаграмманы аламыз.








3.Бекіту.

Зерттеу бағытындағы есептер:

1. Сыныптағы қыздар мен ұлдардың санын шығарып, дөңгелек диаграмма құру.

М [pic] ысалы: Барлығы - 12 оқушы

Қыздар- 5

Ұлдар- 7

Шешуі: 5+7=12

3600:12=300

5∙300=1500

7∙300=2100


2. Сыныптағы оқушылардың туған жылын зерттеп, дөңгелек диаграмма құру.


М [pic] ысалы: Барлығы -12

2001 жылғылар –3

2002 жылғылар -9

Шешуі:3+9=12

3600:12=300

3∙300=900

9∙300=2700

3. Сынып оқушыларының деңгейіне байланысты үздік, жақсы, орташа оқитындарды дөңгелек диаграммамен көрсету.

М [pic] ысалы: Барлығы – 12

Үздік – 2

Жақсы – 6

Орташа – 4

Шешуі: 2+6+4=12

3600:12=300

2∙30=600

6∙300=1800

4∙300=1200

Сергіту сәті.

Тақтада математикалық сөйлемдер мен есептер жауабымен жазылады:

Сөйлемдер ме есептердің дұрыс, бұрыстығына қарап, жаттығулар жасау.

1. 9- жай сан - жоқ

2. 12 3-ке бөлінеді- иә

3. 42=16 – иә

4. 2 мен 3-тің ең кіші ортақ еселігі 5- жоқ

5. [pic] бөлшегінің онды бөлшек түрінде жазылуы – 0,12- иә.

6. [pic] -дұрыс бөлшек – иә

7. 10 санының 50%-ы – 8 – жоқ.

а)Оқулықпен жұмыс. Әр оқушы жеке жұмыстанады.

962 есеп.

Орман 70 га, жайылым 80 га, ал егістік 210 гажерді алып жатқанын көрсететін дөңгелек диаграмма салыңдар.

Берілгені: Орман – 70 га.

Жайылым – 80 га

Егістік – 210 га.

Шешуі: 70га+80га+210га=360га.

3600:360=10

Транспортирдің көмегімен 700, 800, 2100 болатын секторларды саламыз.

[pic]

965 есеп.

Бақшада алма, алмұрт, шабдалы және шие ағаштары бар. Олардың 110-ы алма, 100-і алмұрт, 80-і шие, ал 70-і шабдалы ағашы. Осы мәліметтерді көрсететін дөңгелек диаграмманы салыңдар.

Берілгені:

Алма- 110

Алмұрт -100

Шие -80

Шабдалы 70

Шешуі: 110+100+80+70=360

360:360=1

Транспортирдің көмегімен 110,100,80,70 ке тең секторларды саламыз.

[pic] [pic]


1

[pic] [pic]





ә)Әр топқа жеке тапсырмалар. Тақтада көрсетілген есептерді шығарып, түрлі-түсті қағаздардан дөңгелек диаграмма қиып жапсыру.

І-топ: Қоспаның 40%-ын күміс, 20%-ын мыс, қалған пайызын мырыш құрайды. Қоспаның құрамын көрсететін дөңгелек диаграмма салыңдар.

Ш [pic] ешуі: Күміс - 40%

Мыс - 20%

Мырыш -40%

40+20+40=100

3600:100=3,60

40∙3,60=1440

20∙3,6=720

40∙3,60=1440


ІІ- топ: Ауа құрамының 70%-ын азот, 20%-ын оттек, қалған пайызын әртүрлі газдар құрайды.Осы мәліметті дөңгелек диаграммамен көрсетіңдер.

Шешуі: Азот -70%

Оттек -20%

[pic] әр түрлі газдар- 10%

70+20+10=100

3600:100=3,60

70∙3,60=2520

20∙3,60=720

10∙3.60=360

І [pic] ІІ- топ: Сыныпта 30 oқушы бар. Оның 15-і қыз бала. Сыныптағы ер балалар мен қыз бабалар санының дөңгелек диаграммамен көрсетіңдер.

Шешуі: 15+15=30

3600:30=120

15∙120=1800

15∙12=1800



Бекіту сұрақтары:

  1. Диаграмманы не үшін қолданады?

  2. Диаграмманы қандай түрлері бар?

5. Бағалау.

6. Рефлексия.

7. Үйге тапсырма: №974 есеп.

№974 есеп.

Жер телімінің 30 га-на бидай, 20 га-на сұлы, 10 га-на жүгері себілген. Осы мәліметтерді қолданып, дөңгелек диаграмма салыңдар.

Шешуі: Бидай -30 га

Сұлы – 20га

Жүгері – 10 га

30+20+10=60

3 [pic] 600:60=60

30∙60=1800

20∙60=1200

10∙60=600