Бекітемін: ______________________________
Сабақ № 44
Күні: 22.10.2013 жыл сыныбы: 6
Сабақ тақырыбы: Рационал сандарды салыстыру.
Сабақ мақсаты: Оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастырып, өткен
тақырыптар мен жаңа тақырып бойынша байланыс жасап,
ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажырата білуін және
теориялық алған білімдерін, практика жүзінде ұштастыра білуін
қамтамасыз ету,
Сабақтың пәнаралық байланысы: Геометрия, физика, логика, т.б.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ жүйесі.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап;
Сабақ жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Кезекшіні анықтау;
ә) Оқушыларды түгелдеу;
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру;
а) Үйге берілген есептердің шығару жолдарын тексеріп шығу;
ә) Өткен тақырыптарға арналған сұрақтар қою;
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
ІV. Сабақты бекіту;
а) Сұрақ-жауаптар алу;
ә) Түсінбеген сұрақтарға оқушылармен бірге жауап іздеу;
V. Үйге тапсырма беру;
VІ. Оқушыларды бағалау;
Жаңа тақырыпты түсіндіремін:
Рационал сандарды салыстыру.
Кеше ауаның температурасы 20С болған, бүгін ауаның температурасы төмендеп , -30С болды. Термометрдегі сұйық төмендесе, ауа температурасы суитыны белгілі. Демек, бүгін кешегіге қарағанда суықырақ. Сондықтан « -3 саны 2 санынан кіші» деп есептейміз.
Жазылуы: [pic]
Координаталық түзу бойындағы -3 санын кескіндейтін Анүктесі сол жақта, ал 2 санын кескіндейтін В нүктесі оң жақта кескінделеді.
Анықтама: Координаталық түзу бойында үлкен сан оң жақта, ал одан кіші сан оның сол жағында кескінделеді.
Мысалы: [pic] ; [pic]
Анықтама: Кез келген оң сан 0-ден үлкен және кез келген теріс саннан үлкен
Мысалы: [pic] ; [pic] ; [pic]
Анықтама: Кез келген теріс сан 0-ден кіші және кез келген оң саннан кіші
Мысалы: [pic] ; [pic] ; [pic]
Анықтама: Екі теріс санның қайсысының модулі кіші болса, солсан үлкен
Мысалы: [pic] , онда -10 < -4
[pic] . Онда -3,7 > -6
Теріс санның және оң санның жазылуын пайдалансақ, санның модулінің анықтамасының жазылуы мына түрде болады.
[pic]
Жаттығулар орындау.
Сыныпта: № 383 , 384 , 385 , 386
Сабақты бекіту.
- Координаталық түзуде рационал сандар қалай салыстырылады?
- Қандай сандар О-ден үлкен ?
- Қандай сандар 0-ден кіші?
- Берілген қандай да бір теріс сан мен оң санның қайсысы үлкен?
- Теріс сандар модульдері бойынша қалай салыстырылады?
Бағалау: Оқушылардың тақырып бойынша түсінбеген сұрақтарына жауап беру.
Оқушыларға арналып жасалынған бағалау кестесі бойынша тиісті бағаларын
қойып шығамын да, оқушыларды бағалаймын.
Үйге тапсырма:
Оқулық бойынша № 387, № 388 есептерді шығару.