|
Қысқа мерзімді жоспар Натурал сандардың бөлінгіштік белгілері (5класс)
Автор публикации: Бакытжанова Г.А.
Дата публикации: 2016-09-20
Краткое описание: ...
Уақыты: | Класс: 5 «б» | Пәні: Математика | Сабақтың тақырыбы | Натурал сандардың 3, 9-ға бөлінгіштік белгілері
| Сабақ түрі | Жаңа білімді қалыптастыру сабағы | Мақсаты | 1)Білімділік: Оқушыларды берілген санның цифрларының қосындысына қарап, оның 3-ке, 9-ға бөлінетіндігін ажырата білуге үйрету; натурал сандардың 3-ке, 9-ға бөлінгіштік белгісінің тұжырымдамасын айта білуге дағдыландыру; 3-ке және 9-ға бөлінетін көп таңбалы сандар- ға мысал келтіре білуге үйрету. 2) Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту; сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру. 3)Тәрбиелік. Оқушыларды еңбекке, тапқырлыққа, тыныштық сақтауға, ізденімпаздыққа, өз пікірін айқындауға, өзара ынтымақтастыққа, тәртіпке тәрбиелеу.. | Күтілетін нәтижелері | Талдау, жинақтауды үйренеді. | Сабақ кезеңдері | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Қолданылатын әдіс-тәсілдер | Ұйымдастыру | Сыныппен амандасамын; Оқушылардың қатысымын тексеремін; Сыныпты топтарға бөлемін. Ынтымақтастық атмосферасын құру | Мұғаліммен орнынан тұрып амандасады; Кезекші оқушылар класстың қатысымын хабарлайды. Топтарға бөлінеді, топ мүшелерін сайлайды. | Топқа бөлу (өздері топ атауын таңдау) | Қызығушылықты ояту | Алдын-ала даярлық тапсырмасын талдау. Бағыттау сұрақтарын қою. | Топ бойынша біріккен жұмысты атқарады, талдайды, сұрақтарға жауап береді. | Сыни ойлауғы үйрету, диалогтық оқыту | Мағынаны тану | «Жуан-жіңішке сұрақтар» қою арқылы тақырыпты ашу. Топтық тапсырма: жеңіл, орташа, қиын есептерді шығарып, талдау
А №1264, 1265 В № 1266 С №1272 есептер. | Берілген санның 3-ке, 9-ға бөлінетіндігін бөлінбейтіндігін бөлу амалын орындамай да анықтауға болады. 3-ке бөлінгіштік белгісі Қосындының берілген санға бөлінгіштігін пайдаланып, санның 3-ке бөлінгіштігін анықтайық. 9-ға бөлінгіштік белгісі. Қосындының берілген санға бөлінгіштігін пайдаланып, санның 9-ға бөлінгіштігін анықтайық. 9 саны 3-ке бөлінетіндіктен, 9-ға бөлінетін сандардың барлығы да 3-ке бөлінеді.. Топтық жұмысты орындайды, өзара ақылдасады, бірін-бірі оқытады.
| Сыни ойлауға үйрету, диалогтық оқыту, деңгейлік оқыту, практикалық. | Сергіту сәті | Фиизкалық жаттығулар.
| Ой толғаныс | Түсінгендерін бағалау мақсатында бекіту сұрақтарын қою.
Өзін-өзі бағалау картасын ұсыну. | Сұрақтарға жауап береді, алға мақсат қояды. Өзін өзі бағалайды. | Формативті бағалау | Сабақтың қорытындысы | | Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады. Бағалану үшін күнделіктерін мұғалімге әкеледі. | Жиынтық бағалау |
| |
|
|
|
|