Квадрат теңдеуге келтірілген теңдеулер.8 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тексерілді: оқу ісінің орынбасары Таженова А

Сыныбы: 8 күні: 11.01.2016 ж Пән мұғалімі: Оспанова С

Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңдеуге келтірілген теңдеулер.

Сабақтың мақсаты: «Биквадрат теңдеу» ұғымымен, квадрат теңдеуге келтірілетін басқа да теңдеулер түрлерімен танысу.

Күтілетін нәтиже: «Биквадрат теңдеу» ұғымымен, квадрат теңдеуге келтірілетін басқа да теңдеулер түрлерімен танысады.

Әдіс-тәсілдер: «Сұрақты ұстап ал», «Айрықша тапсырма» әдісі

Көрнекіліктер және оқу әдістемелік жабдық: Алгебра 8 сынып,Оқулық,Әбілқасымова А, «Мектеп» баспасы, 2013ж,

Оқыту әдістемесі, Математика,информатика журналдары, МАН материалдары, ІІІ деңгей Компьютер, өзіндік жұмыс тапсырмалары;жеке жұмыс тапсырмалары;топтық жұмыс тапсырмалары

Қолданылған модульдер: АКТ, СТО (блум таксаномиясы), топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жеке жұмыс, бағалау.

Сабақтың жоспары:

1.Ұйымдастыру.

Оқушыларды түстер бойынша топтарға бөлу.Төрт топқа бөлінеді.1-топ-қызыл түсті, 2-топ-сары түсті, 3-топ-көк түсті, 4-топ-жасыл түсті. Топ мүшелері өз міндеттерін бөліп алады, бақылаушы қадағалап отырады. Топтардың жұмыс істеу ережесі бұрын құрылған, күнделікті сабақта пайдаланылады,тақтаға ілініп тұрады, топ мүшелері өздерінің атқаратын міндеттерін бөліп алады. Үйге берілген тапсырма- Әр топ жеке жеке отырады, столда әр топқа тапсырмалар берілген. Топ басшылары жұмысты ұйымдастырып, тапсырмаларды бөліп және жинап отырады.

  Бүгін біз сабақта квадрат теңдеулерді шешудің тағы бір тәсілін қарастырамыз және осы тақырып бойынша алған білімдерінді қайталап, пысықтап, шығармашылықпен жұмыс жасаймыз.

1. Алғашқы математик әйел (С. Ковалевская).

  1. Геометрия” пәнінің негізін салушы. (Евклид).

  2. Миллион деген сөзді қазақ арасына жеткізген ағартушы.

(1879ж. Ы. Алтынсарин).

  1. Кординаттар жүйесін ең алғаш енгізген адам. (Р. Декарт).

  2. Екі қатынастың теңдігі (Пропорция).

  3. Алгебра оқулығын қазақ тілінде жазып, бірақ баспаға шығармаған кім? (Қ. Сатпаев).

  4. Екі санның бөліндісін басқаша қалай атайды? (Қатынас).

о

в

а

л

е

в

с

к

а

я


Е

в

к

л

и

д










А

л

т

ы

н

с

а

р

и

н



д

е

к

а

р

т

п

р

о

п

о

р

ц

и

Я



с

а

т

п

а

е

В



қ

а

т

ы

н

а

с


II. Ой толғау сәті . Қазір біз алған білімдерінді пысықтау үшін және есептер щығаруға, өзіндік жұмысын орындауға дайындалу үшін өткен тақырыптарды қайталайық, не білетінімізді еске түсірейік.

1. Берілген теңдеулердің қайсысы квадрат теңдеу болады? 70 бет

  1. Квадрат теңдеудің анықтамасын айт. (3 ұпай)

  2. Толымсыз квадрат теңдеу деген не? (3 ұпай)

  3. Қандай теңдеуді келтірілген квадрат теңдеу деп атайды. (3 ұпай)

  4. Квадрат теңдеудің қанша түбірі болуы мүмкін? (4 ұпай)

  5. Виет теоремасын айтып бер. (4 ұпай)

  6. Виет теоремасына кері теореманы айтып бер. (4 ұпай)

  7. Биквадрат теңдеу деген не және қалай шешетінің айтып бер. (5 ұпай)

  8. Толымсыз квадрат теңдеудің әр түрінің қанша түбірлері болады? (5ұпай)

  9. Бөлшек роционал теңдеуді қалай шешетінін айтып бер. (5 ұпай)

Ұпай саны анықталып, плакатқа әр топтың тұсына ұпай саны жазылады.

Пысықтау сұрақтары: Үндемес ойыны

1. Қандай теңдеу квадрат теңдеу деп аталады ?

2. Егер ах2 +вх+с=0 теңдеуіндегі в немесе с нөльге тең болса, онда ол  теңдеулер қандай теңдеулер болады ?

3. Квадрат теңдеуді шешудің қандай формулаларын білесіңдер?

 III. Түсіну. Ауызша есептер

3x2 + 5x -26 = 0, 5x2 + 3x + 7 = 0 т.с.с

 ІV. Қолдану. Жұптық жұмыс. Біз толық қайталадық. Енді осы білімдерінді практикада, яғни есептер шығаруда қалай қолданатындарынды тексерейік. Алдымен екі оқушыдан жұппен есепті шығарып,сосын топта талқылап, жауаптарын салыстырып, тиімді жолмен шығарған дұрыс шешілген есепті тақтаға шығып,қорғайсындар.

V. Талдау.Топтық жұмыс «Кім жылдам» №189 есеп.

1. Теңдеуді шеш: х4 - 13х2 +36 = 0 20 ұпай.

2. Теңдеуді шеш: х4 – 20х2 +64 = 0 20 ұпай

3.Теңдеуді шеш: х4 - 34х2 +225 = 0 20 ұпай.

4. Теңдеуді шеш: х4 – 20х2 +100 = 0 20 ұпай

190 есеп.

1. Теңдеуді шеш: х4 - 22х2 -75 = 0 20 ұпай.

2. Теңдеуді шеш: х4 – 14х2 -32 = 0 20 ұпай

3.Теңдеуді шеш: х4 + 3х2 -28 = 0 20 ұпай.

4.Теңдеуді шеш: х4 – 4х2 -45 = 0 20 ұпай

Біліміңді тексер. Сендер өз білімдерінді теория арқылы және шығармашылық түрде көрсете алдыңдар енді практикалық түрде,есептер шығара білуде өз білім деңгейлерінді көрсетіп, дәлелдеңдер.Әр топқа берілген есептерді ақылдасып шығарып, шешуін талдап, бір-біріне түсіндіреді.

 Топтарға тапсырма беріледі, шешуін тақтаға шығып,әрбір оқушы түсіндіріп, қорғайды

191. Жаңа айнымалыны енгізу әдісін қолданып, теңдеуді шешіңдер.

1.( х2 +4)2 +( х2 +4) - 300;

2. ( х2 -8)2 +3,5( х2-8) - 20;

3. ( 1-х2 )2 +3,7( 1-х2) +2,10;

4. ( 1+х2 )2 +0,5( 1+х2) -50;

  VI. Жинақтау. Оқушылардың өзіндік жұмысы.

Біз толық есептерді шығардық және практикада қалай қолдана алатындарынды көрсеттіңдер, енді осы алған білімдеріңді жинақтау үшін жеке тапсырма беріледі, әр оқушыға жеке тапсырмаларды топ басшысы таратып береді, 5 минутта орындап, жауаптарынды жауап парағына толтырамыз, сосын бір біріндікін ауыстырып, тексеріп, бағалаймыз.

Аяқтаған соң қатар отырған екі оқушы, жұмыстарын ауыстырып, бірін-бірі тексеріп бағалап, бағасын қояды. (формативті бағалау).

Фамилия:
Баға:

VII. Қорытынды . Рефлексия және сабақтың қорытындысы. «Мен тапсырманы орындадым...»