Ашық сабақ. Ондық бөлшекті натурал санға көбейту (5 сынып)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы:

Ондық бөлшекті натурал санға көбейту

сыныбы: 5

пәні: математика

Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшекті натурал санға көбейту

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ондық бөлшекті натурал санға көбейту алгоритмін айта білуге үйрету және оны пайдалана білуге дағдыландыру;

Дамытушылық: Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуге машықтандыру; ойлау , зерделеу қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: Халқымыздың салт-дәстүрлерін дәріптеуге, еліміздің біртуар ұл-қыздарын мақтан тұтуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндірмелі

Пәнаралық байланыс: география, этнопедагогика

Сабақтың көрнекілігі: компьютермен слайд арқылы «Байқоңыр қаласына саяхат», «Байқоңыр ғарыш айлағының » суреті, зымыранның суреті, ҚР картасы, үлестірмелер

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі.

а) Сәлемдесу; психологиялық даярлық.

- Сәлеметсіңдер ме, балалар?!

Оқушыларды түгендеу. Сынып тазалығына көңіл бөлу. Құрал-жабдықтарын тексеру.

ә) Сабақты хабарлау, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

- Балалар, қазір бізде математика сабағы және бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр.

- Атамыз қазақ- ежелден өз қонақжайлығымен аңызға айналған халық. Сыйлы қонақ келсе, тіпті жалғыз атын да сойып береді екен. Бұдан біз халқымыздың жомарттығын байқаймыз. Ал қазір өз кезегімізде келген қонақтарға қонақжайлығымызды көрсетейік. Өз қонақжайлығымызды не арқылы көрсетуіміз керек?

-Ұйымшылдық, тәртіп, ең бастысы білім.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру .

4,6 - 2,85 С. 0,75 ; Ғ.1,75 ; Д. 3,85

8,314 - 1,2036 Ш. 7,1104 ; Қ. 7,1106 ; П.6,1104

13,321 - 10,41 Ә. 1,911 ; Б.2,912 ; Р.2,911

6 - 3,82 А.2,18 ; Е. 3,82 ; Ж. 1,18

8,34 – 3,205 Н.5,145 ; Ы. 5,135 ; М. 4,145

Егер есептің дұрыс жауабын тауып және өсу ретімен орналастырып, оның тұсындағы әріптерді жаз.

4,6 - 2,85 = 1,75 8,314 - 1,2036 = 7,1104 13,321 - 10,41 =2,911

6 - 3,82 = 2,18 8,34 – 3,205 = 5,135





Ендеше бүгінгі сабағымыз «Ғарышқа саяхат» сабағы
  • Ең алғаш ғарышқа ұшқан қазақ батыры кім?

  • Ал сендер осы ағаларыңа ұқсап ғарышкер болғыларың келе ме?

  • Онда біз сендермен ғарышқа саяхатқа ұшамыз.


ІІІ Жаңа сабақты меңгертуге әзірлік

-Балалар , саяхатымыз біздің әсем планетамыз- жерден басталады.

-Ал жерден ғарышқа қайдан ұшады?

- Байқоңыр ғарыш кешені қайда орналасқан?

- Қызылорда облысы- әйгілі Қызылқұм шөлі және Арал теңізі орналасқан аймақ. /Картадан көрсетемін/ Міне, енді ұшу алаңына да келіп қалдық.

Слайд арқылы «Байқоңыр» қаласына саяхат жасаймыз.

- Бұл не? / суретпен жұмыс/

-Байқоңыр ғарыш айлағы.

-Дұрыс балалар, Байқоңыр ғарыш кешені 1955 жылдан бастап салынған екен. Жердің жасанды серігі және тұңғыш ғарышкер Ю.Гагарин де осы Байқоңырдан ұшқан. Қос қазақ ғарышкерлері : Т.Әубәкіров пен Т.Мұсабаевта осы Байқоңырдан ұшқан. Қазіргі кезде Байқоңыр ғарыш кешенін Қазақстаннан Ресей жалға алып, пайдаланып отыр.

- Ал енді, ғарышқа немен ұшамыз?

-Зымыранмен.

-Зымыранға отырып, ғарышқа ұшуға дайындығымызды тексерейік.Ол үшін өткен тақырыптарды еске түсіре отырып,мына сұрақтарға жауап берейік.

1. Ондық бөлшек дегеніміз не?

2. Ондық таңбалар дегеніміз не?

3. Ондық бөлшектер координаталық сәуледе қалай салыстырылады?

4. Ондық бөлшектерді разрядтары бойынша қалай салыстырады?

5.Ондық бөлшектер қалай қосылады?

6. Ондық бөлшектерді қалай азайтады?

-Балалар біз ұштық. Алдымызда «Жаңалық» және «Білгірлік» планеталары бар.

«Жаңалық» планетасына қону.

ІV Жаңа сабақ

1. Жаңа сабақ тақырыбын , мақсатын хабарлау.

«Жаңалық» планетасында ондық бөлшекті натурал санға көбейту жаңалықтарымен танысамыз.

Ондық бөлшекті натурал санға көбейтуді қосылғыштардың әрқайсысы осы ондық бөлшекке тең, ал олардың саны натурал санға тең қосынды ретінде қарастыруға болады.


1- мысал. 4,23 [pic] 3 [pic] 4,23+ 4,23 + 4,23 [pic]

4,23 [pic] 3 [pic]

4,23 [pic] [pic]

Оқушыларға ережесін шығаруын сұраймын.


Сонымен , ондық бөлшекті натурал санға көбейту үшін:

1) үтірге назар аудармай, натурал сандарды көбейткендей көбейту керек;

2) ондық бөлшекте үтірден кейін неше ондық таңба болса, шыққан көбейтіндіде оң жақтан сонша цифрды үтірмен айыру керек.

Ондық бөлшекті 10, 100, 1000 және т.с.с. разряд бірліктеріне көбейту үшін, ондық бөлшектің үтірін разряд бірлігінде неше нөл болса, сонша цифрға оңға қарай жылжыту керек. Мысалы, 7,465·100=746,5

Егер ондық бөлшектегі ондық таңбалар саны, разряд бірлігіндегі нөлдер санынан аз болса, онда ондық бөлшекке қажетіне қарай нөлдер тіркеп жазып, көбейтуді орындаймыз. Мысалы, 3,4·1000=3,400·1000=3400

ІV Есептер шығару

-«Білгірлік» планетасына келіп қондық. Бұл планетада бүгінгі сабақта алған білімімізді практикалық есептер шығару арқылы көрсетеміз.

А

1080

1081

В

1096


V Сабақты бекіту, бағалау, қорыту.

1. «Жерге оралу» .

- «Жаңалық» планетасында қандай жаңалықпен таныстық?

(сұрақ-жауап)

2. Сабаққа қатысқан оқушыларды атап өту, бағалау.

3. Қорыту.

- Балалар, бүгін өздеріңді нағыз батырларша ұстадыңдар. Бір сәтте сендерді ғарышкерлер екен деп қалдым. Мен сендерге ризамын.Ал батыр, ғарышкер болу үшін қандай болу керек?

- Білімді, тәрбиелі т.б.

- Дұрыс , балалар, ал сонымен бірге осы Талғат, Тоқтар сияқты халқымыздың біртуар ұлдарын құрметтеу, дәріптеу керектігін ұмытпаңдар.

VІ Үйге тапсырма беру.

1083 . Ережені оқу.

Математика пәні мұғалімі:

Масабаева Айшагүл Бидахметқызы


Алматы облысы Ақсу ауданы

Қаракөз ауылы

«Бижарас Садырбайұлы атындағы орта мектебі,

мектепке дейінгі шағын орталығымен»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі