Сабақ жоспары
Алгебра
7 «в» сынып
Сабақтың тақырыбы
Бірмүшелерді көбейту. Бірмүшелерді дәрежеге шығару.
Жалпы мақсаты
Бірмүшеледі көбейту ережесін, бірмүшелерді дәрежеге шығару дағдысын есеп шығаруда қалыптастырады, қолдану біліктілігін меңгереді.
Сілтеме
Алгебра Ә.Н.Шыныбеков, дидактикалық материалдар, есептер жинағы
Оқу үшін оқу нәтижесі
Бірмүшеледі көбейту ережесін біледі, бірмүшелерді дәрежеге шығаруды есеп шығаруда қолдана алады. Оқушылар бірін-бірі, өзін-өзі, бағалай алады.
Сабақта қолданылған материалдар
АКТ, оқулық, үлестірмелі материал, бағалау парақтары
Оқыту әдістері
АКТ
Топтық жұмыс, жеке жұмыс
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеті.
1.Ұйымдастыру.
Топқа бөліну үшін оқушыларға «Төртбұрыштар», «Дөңгелектер», «Үшбұрыштар» фигуралары таратылады. Оқушылар өздері қалай бөлініп жатқандарын және топтың аты қандай болуы керек екенін анықтау керек.
Оқушылар бірдей фигуралар барлары бір топқа жиналады.
ІІ.«Алғашқы қадам» - үй тапсырмасын тексеру
«Ойлы болсаң, озып көр» сұрақ-жауап
«Білімің – ұшар қанатын» - оқулықпен жұмыс
Үй жұмысын тексеру № 162, 163.
162 1) 16а2 = (4а2)2
Ж
2) 169 х6 = (13 х3)2
А
3) 0,04 b12 = (0,2b6)2
Р
4) 6 = (3)2
А
№ 163 1) (-2а4b2)3= - 8 а12b6
Й
2) (-а2bd3)5 - a10 b5 d15
С
3) (-2ху3)4 16 x4 y12
Ы
4) (-3х2у)3 - 27 x6 y3
Н
Себеттен кез келген алманы алып сұраққа жауап береді. Әр топтан екі оқушы.
1.Қандай өрнектерді бірмүше деп атайды ?
2.Бірмүшенің стандарт түрі қалай жазылады?
3. Стандарт түрдегі бірмүшенің коэффициенті деп нені айтады?
4. Бірмүшенің дәрежесі қалай анықталады?
5. Бірмүшелер қалай көбейтіледі?
6. Бірмүшелерді дәрежеге қалай шығарады?
№ 171. Өрнекті ықшамдаңдар:
1)(0,2 х 2 ·у)3 · 1000 х4 у7= 0,23 (х2)3 у3 · 1000 х4 у7 = 0,008 х6 у3 · 1000 х4 у7 = (0,008·1000) (х6 · х4)· (у3· у7) = 8 х10 у10 Жауабы: 8 х10 у10
2) (а2 в)3 · (-32а2в) = 8 в4
Жауабы:8 в4
3) (m n4)2 · (-27m5n) = 7 n9
Жауабы: 7 n9
Оқушылар орындап келген үй жұмысын тексеріп отырады . Әр есепке бір балл.
Оқушылар тапсырманы алғаннан кейін жауап береді. Топ мүшелері көмектесуге болады.
Оқушылар дәптерде орындайды, топтан бір оқушы тақтада щығарады
1)(0,2 х 2 ·у)3 · 1000 х4 у7= 0,23 (х2)3 у3 · 1000 х4 у7 = 0,008 х6 у3 · 1000 х4 у7 = (0,008·1000) (х6 · х4)· (у3· у7) = 8 х10 у10 Жауабы: 8 х10 у10
2) (а2 в)3 · (-32а2в) = 8 в4
Жауабы:8 в4
3) (m n4)2 · (-27m5n) = 7 n9
Жауабы: 7 n9
Сергіту сәті
Қойылған сергіту сәті экраннан көрсетіліп тұрады.
Оқушылар экранда көрсетіліп тұрған қимылдарды қайталай отырып, сергіту жасайды.
«Біліктілік сайысы» - топпен бірігіп шығарады
«Шешуші сәт» - тест жұмысы
а3 в4 · а5 · 8 в8
(-7)2 ·х5 у4 · 0,05х10 у · х у7
-0,4 х5 · (2х3)4
20 а3 (5а)2
(с3)2 ·12с6
(4ас2)3·(0,5а3с)2
Білімді 36 а8в12
мыңды
2,45 х16у12
жығады
-6,4х17
Білікті
500 а5
бірді
12с12
жығады
16а9с8
Тест тапсырма
І нұсқа
А1. Стандарт түрге келтіріңдер: 3 х4 у · 0,4 ху
1,2 х4 у2 3)12 х4 у
2) 1,2 х5 у2 4)0,12 х5 у2
А2. Бірмүшелерді көбейтіңдер: 13 а2 в және 0,1 а3в5.
1,3 а5 в6 3)1,3 а5 в5
2) 13 а5 в5 4)1,3 а4 в4
А3. Дәрежеге шығарындар (-2а3в)4
16 в5 а7 3) -16 а12 в4
2) -16 а7 в5 4)16 а12 в4
А4. Бірмүшені стандарт түрге келтір: (3х5)2 ·х4
2х3 3) х14
2) 2х11 4) 2х14
В1. Өрнекті ықшамдаңдар: - 7а8 · ( - 0,3а5)2
В2. Өрнектің мәнің табыңдар: - 4х2+у3 , мұндағы х = 12, у = - 10.
С1. Бірмүшенің кубы түріне келтіріңдер: 8000 z6 y9 ?
ІІ нұсқа
А1. Стандарт түрге келтіріңдер: 4 х5 у · 0,3 ху3
12 х6 у4 3) 1,2 х6 у4
2) 1,2 х5 у3 4) 1,2 х у
А2. Бірмүшелерді көбейтіңдер: 11 а4 в және 0,01 а2в4.
0,11 а6 в5 3)1,1 а6 в5
2) 0,11 а4 в4 4)1,1 а4 в4
А3. Дәрежеге шығарындар (-3х4у2)5
243 х9 у7 3) 27 х20 у10
2) -243 х9 у7 4) - 243 х20 у10
А4. Бірмүшені стандарт түрге келтір: (4у3)2 ·3
7у9 3) у8
2) 28у9 4) 28у8
В1. Өрнекті ықшамдаңдар: - 8х7 · ( - 0,4х3)3
В2. Өрнектің мәнің табыңдар: - 5х3+у2 , мұндағы х = -10, у = 11.
С1. Бірмүшенің кубы түріне келтіріңдер: 125 m3 x12 ?
Оқушылар берілген тапсырмаларды орындап топта өздерін тексереді.
Жауабына сәйкес мақал шығады
Тест жұмысын нұсқа бойынша орындайды. Жауабымен тексереді
Жауаптары:
І нұсқа. ІІ нұсқа
А1. 2 А1. 3
А2. 1. А2. 1
А3. 4 А3. 4
А4. 4. А4. 1
В1. – 0,63 а18 В1. 0,512х16
В2. – 1576 В2. 5121
С1. 20 z2 y3 С1. 5 mx4
Үй тапсырмасы
№ 161
Күнделіктеріне үй жұмысын жазады
Рефлексия
Қорытындылау Бағалау
Сабақ соңында мұғалім оқушыларға сауалнама ұсынады.
1. Мен сабақта жұмыс… жасадым 2.Менің сабақта жасаған жұмысыма ...
3. Сабақ маған ...
4. Мен сабақта ...
5. Менің көңіл-күйім...
6. Сабақтың материалы маған ...
7. Үй жұмысы маған ...
белсенді / немқұрайлы
Көңілім толды / толмады
ұзақ / қысқа немесе тез
шаршамадым / шаршадым
жақсарды / төмендеді
түсінікті / түсініксіз
пайдалы / пайдасыз
Қызықты / қызықсыз
жеңіл / күрделі
қызықты / қызықсыз
Сабақ соңында сауалнамаға жауап береді
Сабақтың талдауы
Сабақтың тақырыбы: Бірмүшелерді көбейту. Бірмүшелерді дәрежеге шығару.
Сабақтың мақсаты: Бірмүшеледі көбейту ережесін, бірмүшелерді дәрежеге шығару дағдысын есеп шығаруда қалыптастырады, қолдану біліктілігін меңгереді.
Сабақты қиылған фигуралар, яғни шаршы, үшбұрыш, дөңгелек фигураларды қалағанын алу арқылы топқа бөлуден бастадым. Парталарға фигуралардың аты жазылған қағаздар қойылды. Таңдаған фигураларды алып, оқушылар өз орындарын тапты. Сабақты психологиялық ахуал туғызу үшін таңдаған фигураларға сәйкес міңез құлықтарына сипаттама берілді. Оқушылардың қызығушылықтары артқаның байқадым. Сабақтың тақырыбын, мақсатын айтып сабақты бастап кеттім. Әрбір оқушыға өін-өзі бағалау парақтары таратылды, әр кезеңде белсінділік таңытып балл жинау керек. «Алғашқы қадам» үй жұмысын тексеру кезеңінде барлық оқушылар дұрыс орындап сонында «жарайсын» деген сөз шыққанда қуанып отырды. Оқушылардың алған білімдерін актуалдандыру үшін «Ойлы болсаң, озып көр» кезеңінде барлық топқа бірдей сұрақтар берілді, әрбір топтан екі оқушыдан себеттегі алманы алып, сұрақтарға жауап берді . Бұл тапсырма оқушыларға жеңіл болды, барлық оқушылар жарыса отырып орындады. Келесі оқулықпен жұмыс жасады, үш оқушы тақтада орындады, осы кезенде оқушылар бірін бірі тексере отырып, қателерін түзеді. «Біліктілік» кезеніңде есеп жазылған кестелер ұсындым, оқушылар бірлесе орындап дұрыс жауабын бірге тауып, жауабына сәйкес мақалды оқыды. «Шешуші сәтте» оқушылар алған білімдерін тексеру, қорытындылау мақсатында нұсқа бойынша тест жұмысын жазды. Тест жұмысы 7 тапсырмадан тұрады, 4 тапсырма А деңгей, 2 тапсырма В деңгей , бір тапсырма С деңгей. В және С деңгей өздері жауаптарын табады. Берілген жауаптары арқылы өз-өзін тексеруді орындады. 58% оқушылар «5» деген баға алды, 42 % «4» деген баға алды. Оқушылар топпен жұмыс барысында белсенділік танытып, топ көшбасшыларына айналғанын байқады. Оқушылардың көп бөлігі белсенді жұмыс атқарды. Бір-бірімен өте жақсы тіл табысып, сабақта тыс қалатын оқушыларда бірге жұмыс жасап отырды.
Сабақтын соңында бағалау парақтарына қорытынды бағаларын қойып, тапсырды. Сабақ соңында алған қорытынды бағалары 52% оқушылар «5» деген баға алды, 48% оқушылар «4» деген баға алды. Оқушылар кейбір сабақтын бөлігінде көтерме баға қойған, үй жұмысын тексергенде әділ баға қойған. Сабақтын белсенді қатысқан топ анықталды, рефлексия арқылы кері байланыс іске асты. «Анкета» әдісі арқылы оқушылардың осы тақырып бойынша алған білімдері қай деңгейде екенін көруге болады. Барлық оқушылар сабақтың жақсы өткенін белгілеген.
Сабақ мақсатына жетті. Сабақтың барысында оқушылар бірмүшелер, оның коэффициенті, дәрежесі, бірмүшелерді көбейту ережесін, дәрежеге шығаруды меңгерді, пысықтап білімдерін толықтырды.