Сабақ Рационал бөлшектерге амалдар қолдану

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың Тақырыбы: «Рационал бөлшектерге амалдар қолдану»



Пәні: Алгебра

Сабақтың тақырыбы: Рационал бөлшектерге амалдар қолдану

Пән мұғалімі: Молдрахмет Р.Қ

Сабақтың мақсаты:

1.Қысқаша көбейту формулаларын пайдаланып, рационал бөлшектерге берілген амалдарды орындау, есептер шығару барысында қолдану арқылы білім, іскерлік дағдыларын дамыту.

2.Оқушылардың ой – өрісін, логикалық ойлау қабілеттерін, есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру.

3.Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, өз ойын дәл тиянақты айта білуге үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: үлестірме кеспелер, плакаттар, қазақ – орыс  халықтарының   баспаналары.

Техникалық  құрал: проектор, слайд

Сабақтың  типі:  қайталау  сабағы

Сабақтың   түрі: топтық жұмыс  арқылы  білімді  пысықтау  сабағы.

Сабақтың әдіс – тәсілі:  сұрақ – жауап, практикалық

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. ( 3 минут)

А)Оқушыларды түгендеу

Ә) Сергіту сәті «Шаттық шеңбері» жылы лебіздер арқылы.

Б) Топтастыру  Геометриялық фигуралар арқылы (Оқушыларды екі топқа бөлу «Достық» және «Дружба»)

І.  Ұйымдастыру  кезеңі:  ( 3 минут)

 

Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар және бүгінгі сабағымыздың қонақтары. Бүгін  біздің   сабағымыз  ерекше  сабақ.

 

2015 жыл Қазақстан халқы ассамблеясының жылы деп бекітілді. Осы  күнге   орай   бүгінгі   сабағымызды    мен  Қазақстан  ассамблеясына   арнағым  келіп отыр.   Мен сіздерге  бүгінгі  сабақта  сәттілік  тілеймін.

 

Мұғалім оқушыларға сәттілік тілейді:

 

Күннін шуағындай жылу тілеймін.

Қажымас қайрат тілеймін.

Таудай талап тілеймін.

Сәттілік тілеймін.

Оқушылар   «рахмет»   айтады.

 

 

І.  Ұйымдастыру  кезеңі:  (3 минут)

Мұғалімнің  сөзі:  Бүгін   біз сабақта    топпен  жұмыс істейміз.

Оқушылар   «Шаттық  шеңберге»   тұрып  жылы  лебіздер  білдіреді.

Топқа бөліну:    

Оқушылар  өздеріне  ұнаған  фигураларды таңдау  арқылы топқа  бөлінеді. Сол  таңдалған  фигуралардан  үй  құрастырып  тақтаға  жапсырады, қасына  ағаш  жапсырады.

Мақсаты:   серіктестік қарым-қатынас жасауға  ыңғайлы орта құру.

Мұғалімнің  сөзі:   

  • Әр топтан топ  мүшелерімен  ақылдасып, топ  басшысын    сайлаңыздар.

  • Әр топқа бағалау  парағын   таратамын.

 

І  топ  - Достық,   ІІ топ  – Дружба

«Математикалық бәйге»

Оқушылар берілген тапсырманы орындау арқылы 1995; 1; 3 деген жауаптарды алады. Бұл 1995 жылы 1 наурыз күні Қазақстан халық ассамблеясының құрылған жылы екенін көрсететеді. Ұлт пен ұлыстар сүттей ұйып, татулық пен келісімнің тұмарына айналған Қазақстан бүгінде көпшілікке үлгі болып отыр. Қазақстан  өңірінде    130  – дай ұлт  өкілдері   бір – бірімен  тату – тәтті  өмір  сүріп  жатыр.  Нақтырақ айтатын болсақ, 1 наурыз – Қазақстан халқы ассамблеясының құрылған күні.   

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (3 минут)  «Миға шабуыл » стратегиясы

Қайталау – оқу анасы

Оқушылар  сұрақтың  жауаптарын  интерактивті  тақтада  тексереді.

  1.  Рационал өрнек дегеніміз не?

  2. Рационал бөлшектің негізгі қасиеті қандай?

  3. Бөлімдері бірдей рационал бөлшектерді қалай қосамыз?

  4. Бөлімдері бірдей рационал бөлшектерді қалай азайтамыз?

1. Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қалай қосамыз?

2. Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қалай азайтамыз?

3. Рационал бөлшектерді қалай көбейтеміз?

4. Рационал бөлшектерді қалай бөлеміз?



Мұғалімнің  сөзі:   ( 2 минут )

Құрметті оқушылар!
Біз сіздермен   Рационал бөлшектерге амалдар қолдану тақырыптарын пысықтаймыз. Сіздер  жаңа    геометриялық  фигураларды  таңдау  арқылы   екі  топқа  бөлініп,  фигулардан  үй  құрастырдыныздар.  Енді    бүгінгі  сабақта  есептер  шығару  арқылы,  Қазақстан  ассамблеясының  мерейтойына  қатысты,   «Қазақ»   және  «Орыс»  ұлт  өкілдерінің  баспанасын  құрастырып  көрсетеміз.

Оқушалар  сіздер  білесіздер ме?

  • Қазақ халқында баспанасы  қалай  аталады?

  • Киіз үй

  • Орыс халқының  баспанасы?

  • Изба

Енді осы  баспаналарды  қай  топ   жасайды  екенін  білу  үшін    әр топтың  басшылары   мына қағазды   таңдау  қажет. 

 

ІІІ.  Осы  баспаналарды  салу  үшін  бізге  не  керек? (жер). ( 7 минут) 

Мұғалімнің  сөзі: 

  • Ал енді жер алу үшін  топ   мүшелеріне  мына  есептерді   тез шығарып шығуларың  керек:

  • Енді дәптерлерімізді ашып,  бүгінгі  күнді  жазып алайық.   1 тапсырма  дәптерде  орындалады.

І  топ:

1)  Петропавл мен  Қорған  қалаларының   арақашықтығы 300 км-ден кем болатын. Пойыз бір қаладан шығып екінші қалаға қарай 3 сағ жүргенде екінші қалаға дейін 45 км қашықтық қалды? Пойыздың жылдамдығын бағалаңдар.

2)  Төмендегі есепті шығаруда кеткен қателіктерді анықтаңдар.
8y -(5y – 4)=22
8y+5y+4=22
8y+5y=22+4
13y=26
y=26: 13
y=2

ІІ  топ:

1)  Екі пойыз А станциясынан бір-бірінен қарама-қарсы бағытта жүріп барады,А станциясынан Астана  пойыз 70,5 км, Омбы  пойыз 56,75км қашықтықта,  Астана пойызы 57 км/сағ жылдамдықпен, Омбы пойызы 62,5 км/сағ жылдамдықпен жүрді,Неше сағаттан соң екі пойыз А станциясынан бірдей қашықтықта болады?

2)  Төмендегі есепті шығаруда кеткен қателіктерді анықтаңдар.
a) 2(3x – 5)- 3(x – 5)=x
6x+10 – 3x – 15=x
6x – 3x – x=- 10+15
2x=25
x=25: 2
x=12, 5

Әр  топтан  1 оқушы  шығып, екінші  тапсырманы   интерактивті  тақтада  қатесін  ауызша  айтып    дұрыстайды.   (Бағалау парағына  ұпай  сандарын  қою. )

 

ІV. Енді балалар   жер алдық   енді  әр  ұлттың  баспанасын  тұрғызу  үшін  енді   не  керек?

Оқушылар  жауап  береді? 

  • Ол үшін киіз  үйдің керегісін  және   избаның    қабырғасын тұрғызу  қажет.

Мұғалімнің  сөзі:

Үйдің керегесін мен қабырғасын  түрғызу үшін  бізге  «Шатасқан баулар» стартегиясы бойынша дұрыс және дұрыс емес формулалар берілген.Қатесін тауып өз тобында талқылап жауап береді. Жарайсыңдар балалар. Формулларды жазып, біз әйгілі математиктің атын тауып алдық бұл Диофант б.ғ.д 3 ғасырда өмір сүрген. Ол ең алғаш геометриялық өрнектеулерден бас тартып, алгебралық теңдеулерді қолдана бастаған. Сөйтіп қысқаша көбейту формулалары пайда болды. Балалар біз «шатасқан баулар» стратегиясы бойынша киіз үй мен избамыз дайын болды.



Жауаптарын    интерактивті   тақтадан  тексереді.  

 Ал енді оқушалар екі топ өз баспаналарымызды әсемдейміз. Сіздерге осы екі баспананың заттары тапсырылады.Заттардың екінші жақ бетінде тапсырмалар бар, сол тапсырманы кім орындайды, сол апарып үйдің ішіне жапсыра отырып әсемдейді.

Әр  затта  тапсырмалар  болады.   (  5 минут)

І  топ:    Киіз  үй  әсемдейді.

  • Сандық  

  • Домбыра

  • Күбі

  • Ошақ   

  • Бесік

  •  ІІ  топ:  Избаны  әсемдеу.

  • Матрёшка

  • Балалайка

  • Самовар

  • Колыбель

  • Орыс халқының  пеші 

  1. Қорытынды: (3 минут)  Балалар  біз  бүгін   киіз  үй мен  избаны  керемет  әсемдедік,  киіз  үй мен  избаның  тұрғындары   осы   отырған  қонақтарға  өз  тағамдарын  тарту  етеді.

Оқушылар    тілек  білдіріп   апарады.

(Оқушылар  қонақтарға      бауырсақ, құймақ,  блины  апарады.)

«Оқулықпен жұмыс» № 256; 257

«Тест тапсырмалары»

Оқушыларға берілген бағалау парағы бойынша топ мүшелері өз ұпай сандары бойынша бағалайды. Бүгінгі сабағымызда біз бар білімімізді ортаға салдық, қаншама тапсырмалар орындадық. Егерде  біз  ары – қартай осылай еңбек етсек,  біз қанша  жақсылықтарға  жетеміз.Оқушылар бағаланады.

Бағалау. (2 минут).

Оқушыларға  берілген  бағалау  парағы  бойынша   топ  мүшелері    интерактивті  тақтада  өз  ұпай сандары  бойынша  бағалайды.

«Рефлексия.  (2 минут)

Әр  оқушының  алдында   «қызыл», «сары», «жасыл»  алмалар  жатыр. Оқушылар сіздер  екі  топқа  бөлінгенде  үй  құрастырдыңыздар,  сол үйдің  ағашына  апарып,  таңдаған  алмаларыңызды  жапсырыңыздар.

Біздің  сабағамызда  осы  екі  ағаш  өз  жемісін  берді.

Қызыл алма – Маған  бүгінгі  сабақ  өте   ұнады,  күшті  әсер  алдым.

Сары  алма – Маған   сабақ орташа  деңгейде  өтті.

Жасыл  алма – Маған  сабақ  мүлде  ұнамады.

Үйге тапсырма.   ( 2 минут)

270 ; 271