«Математика және Спорт» сайысы 7-9 класс

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы

Ә. Молдағұлова атындағы №38 мектеп – лицейінің

математика пәнінің мұғалімі Қонақбаева Айсауле Пазылқызы

Тақырыбы: «Математика және Спорт» сайысы

Мақсаты: Математика мен спортты байланыстыра отырып,оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттыру , Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, қызықтыру арқылы білімін тереңдету, математикалық ой-өрісін кеңейту, іздену қабілеттерін дамыту.Жылдамдыққа,ептілікке, бір-біріне деген достық қарым-қатынаста болуға , дені сау азамат болып өсуге тәрбиелеу.

Сайыстың өтілетін орны: спорт зал.

1- Жүргізуші: Қайырлы күн көрермен!

Құрметті ұстаздар,оқушылар,

Сөз бастайын термелетіп өлеңмен.

Тәрбиелі,білімді боп әрқашан

Өс өркенде қанат жайып кемелден.

2- Жүргізуші:

Құрметті оқушылар,бүгінгі сайысқа қатысушы топтарды ортаға шақырайық.Бүгінгі сайысымыз апталық негізінде өткізілгелі отырған 5,7,9 сыныптардан құрылған сайысымыз. Олай болса, осы кезден қаланған білім-келешегімізге үлкен азық екенін естен шығармағанымыз жөн.Сайысушы топтар бүгін математика

мен спортты қатар алып жүреді.Алдымен әділқазылар алқасын сайлап алып, ойын шарттарымен таныстырып өтейін.

1-кезең. Топтарды таныстыру.

2-кезең. Дайындық кезеңі.

3-кезең. Доппен жүру.

4-кезең. Скакалькамен секіру.

5-кезең. «Нысанаға допты түсіру»

6-кезең. Капитандар сайысы.

1- Жүргізуші:

Мықты болсаң, алдағыны басып оз,

Мықты болсаң, арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң, тайғанама, құлама,

Мықты болсаң, бөгеттерді бұзып өт!

2050-дің бағдарлы биігі,

Білімнің еншісі мұны әркім біледі.

Сондықтан достар –ау дарынды қайрайық

Алынбас қамал жоқ шыңдайық жігерді.

2- Жүргізуші:

1-кезең бойынша әр топтың таныстыруын тыңдайық.

Ең жоғарғы ұпай 5.

1- Жүргізуші:

2-кезең.дайындық /разминка/ 1-топ 2-ге еселік сандарды айта отырып,жаттығулар жасайды.Ал екінші топ 3-ке еселік сандарды айтып отырып, кезекті жаттығу жұмыстарын жасайды, үшінші топ 1-ден 10-ға дейінгі сандардың кубын, төртінші топ 1-ден 10-ға дейінгі сандардың квадратын айта отырып, кезекті жаттығу жұмыстарын жасайды.

2- Жүргізуші:

3-кезең . Допты аяқтарына қыстырып алып, кезектесіп барып,есептерді шығарып қайтады. Толық дұрыс шығарылған есептерге 5 ұпайдан беріледі.Уақыттары да есепке алынып,жылдамдықтары да ескеріледі..

Есептер карточкаларға жазылып әр топтың алдына қойылады.

Теңдеуді шешіңдер:

1. 2(3-2х)=3х-4(1+3х)

2. 2+180: (х-11) = 22

3. х- (566 - 9) : 75= 86

4. х - 9 * 97 = 576

5. 765 * 5 - х = 76800 : 600

6. 7.

7. х * 5 + 125 = 750

8. 56 * 70 = 8 * х

9. 976 - х = 596 - 555

10. 57 * 60 = 4 * х

11. 976 - х = 596 - 555

12.

х = 3317

х = 1449

х = 3697

х = 696

х = 125

х = 490

х = 935

х = 855

Сергіту сәті: Дене жаттығулары:

Түсіндірме: Біз бір геометриялық ұғымды айтамыз. Сіздер сол геометриялық фигураны жасайсыздар. Мысалы: түзу десек, Сіздер біріңнен кейін бірің тұра қалып, түзу боласыңдар:

Екі топ сайысады. Кім бірінші болады, әділ қазылар алқасы анықтайды.

  1.      Тік төртбұрыш

  2.     Үшбұрыш

  3.      Шеңбер

  4.      Параллель түзу

  5.    Перпендикуляр түзу

  6.     Бұрыш

1- Жүргізуші:

4-кезең. Әр топтың мүшесі скакалкамен секіріп барып, "Капуста мен ешкі"тапсырмаларды орындап ,қайтарында да секіріп қайтады.Дұрыс шығарылған есептерге 5 ұпайдан беріледі.

Қиындықтан сірә дә біз қашпаймыз,

Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз.

Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.

2- Жүргізуші:

5-кезең. «Нысанаға допты түсіру» (баскетбол тақташасына допты түсіру) Тапсырмалар столына барып тапсырма алады.

6-кезең. Командаларға логикалық есептер беріледі.

  1. Жаңа үй салып жатқан Бобер Бобтың 6 бөренесі бар. Олардың әрқайсысын 6-ға бөлу керек. Ол өзінің өткір тістерімен бөренені бір жерден кесу үшін 1 минут уақытын жібереді.Барлық жұмысқа оның қанша уақыты кетеді? 30 минут

  2. Сықырлаған арба үстінде келе жатқан екі жолаушының біреуі жолдың жартысын өткенде жолдың жартысы қалғанша ұйықтады. Жолаушы жолдың қанша бөлігін ұйықтады.»

1/4

  1. Қояндар жанұясының үш мүшесі барлығы 73 сәбіз жеп қойған. Әкесі шешесіне қарағанда 5 сәбіз артық жеген. Ал баласы 12 сәбіз жеген, шешесі неше сәбіз жеген? 28

  2. Бір сан ойладық, сол санды 2 есе көбейтіп, шыққан нәтижені 3 – ке көбейткенде, 282 алдық. Ойланған санды тап. 47

  3. Жазықтықта төрт тең үшбұрыштар берілген және екеуінің ортақ екі төбелері бар. Барлығының ортақ төбесі бар деген дұрыс па?

  4. Бір жиында Қарабай, Сарыбай, және қызылбай атты үш бай кездесіп қалады. Біреуі – қара, екіншісі –қызыл, үшіншісі сары ат мініп келіпті. Сонда сары ат мінген бай, Қарабайға былай депті: Бізге аттарымызды ауыстырып мінсек, мінген аттарымыздың түсі өз атымызбен сәйкес келеді екен. Әр байдың мінген атының түсі қандай?

Қызылбай –Қара

Қарабай – сары

Сарыбай – Қызыл

  1. Жәшіктен барлық жұмыртқаның жартысын, сонан соң қалғанының жартысын, тағы жаңа қалғанының жартысын соңында тағы қалғанының жартысын алды, сонда жәшікте 10 жұмыртқа қалды. Барлығы қанша жүмыртқа еді?

  2. Үш қыз ақ, көк, жасыл көйлек және сондай туфли киды. Егер Айгүлдің көйлегі мен туфлиі бірдей болса, ал Гулнардың не көйлегі не туфлиі ақ емес, Нүргүлдікі жасыл туфли болды. Әр қыздың көйлегі мен туфлилерінің түрін анықта.


  1. Көйлек 500 теңге тұрады. Осы бағаны 10% арттырып, 10% кемітті. Енді көйлектің бағасы неше теңге болды?

  2. 15 санының алдына және соңына бір цифр қойғанда, шыққан сан 15-ке бөлінуі керек.

  3. Жайлымда 90 бұзау мен қаз бар. Олардың аяқтарының саны 256-ға тең. Жайлымда неше бұзау және неше қаз бар?

  4. Сүтімен шелектің массасы 32 кг, сүтсіз -2кг. Шелектің жартысы сүтпен толтырылса оның массасы қандай?

1- Жүргізуші: "Капитандар сайысы» сұрақтарға жауап береді.

І – топқа арналған сұрақтар

1. Өзі шыққан бұрышты қақ бөлетін сәуле (биссектриса)

2. 2011 жылғы қысқы олимпиада қай елде өтті? (Қазақстан)

3. Қызылорда футбол командасының атауы? (Қайсар)

4. Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда (диаметр)

5. Баскетболда бір командада неше ойыншы ойнайды? 4ойыншы)

6. 1800 бұрыш (жазыңқы)

7. Бокстан Қазақстан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы? (Бекзат Саттарханов)

8. Дәлелдеуді қажет ететін тұжырым (теорема)

9. Қай спорт ойындарына уақыт есептелмейді? (футбол, баскетбол, волейбол, хоккей)

ІІ-топқа арналған сұрақтар:

  1. Бұрыштың шамасын өлшейтін құрал (транспортир)

  2. «Пенальти» сөзі спорттың қай түрінде кездеседі? (футбол)

  3. Пи санының жуық сан мәні ( [pic] )

  4. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш (шаршы)

  5. Волейбол алаңында екі команданың ойыншы саны қанша? (12)

  6. Дәлелдеуді қажет етпейтін ұғым (аксиома)

  7. Шахматта «пат» ұғымы нені білдіреді? («тең ойын»)

  8. Еш жерде қиылыспайтын түзулер (параллель)

  9. Бокстан қазақтың екі дүркін әлем чемпионы (Серік Сапиев)

ІІІ-топқа арналған сұрақтар:

  1. Алманың жартысы неге ұқсас? ( екінші жартысына )

  2. 2,5 таяқтың неше ұшы бар? ( 6 )

  3. 60-ты 0,6-ға бөлсең қанша? ( 100 )

  4. Бір таңбалы санға дәл сондай санды тіркеп жазса, неше рет өседі? (11есе )

  5. Жазықтықтағы қиылыспайтын екі түзу ( паралелль)

  6. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг тартады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша? ( 3 кг )

  7. 1т мақта ауыр ма, 10 ц темір ауыр ма? ( тең )

  8. Үш май шам жанып тұрды, екеуін сөндірсе нешеуі қалады? ( 2 )

  9. Шахмат тақтасында қанша ақ, қанша қара шаршы бар? (32 ақ, 32 қара)


IV-топқа арналған сұрақтар:

  1. Жазықтықты зерттейтін геометрияның бөлімі? (планиметрия)

  2. Шеңбердің екі нүктесін қосатын кесінді (хорда)

  3. Тоғызқұмалақта қанша құмалақ болады, неше отау болады?

  4. Күн көзі жылына неше рет шығады? ( 365)

  5. Қандай үш таңбалы сандардың қосындысы олардың көбейтіндісіне тең? (1, 2, 3)

  6. Теректе 10 қарға отырды. Екеуін атып еді нешеуі қалды? ( 2 )

  7. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар? ( 6 )

  8. Тік бұрыш жасап қиылысатын екі түзу ( перпендикуляр )

  9. Ұлттық ойынға мына ойындардың қайсысы жатпайды? (көкпар, қыз қуу, асық ату, теннис)


2- Жүргізуші:

Енді әділқазылардың қорытындысын тыңдайық.

Сайысқа қатысушыларды марапаттау.

Аяқталды тапқырлар мен ептілердің сайысы,

Қоштасамыз көңіліміз қайысып.

Еске түсірейік есептерді шеше алмаған қиналып,

Отырғанда үйге барып шай ішіп.

Ең бастысы,орын емес жарыста,

Терең білім,жеңу шарты сайыста.

Өмірде де жетерің хақ,табысқа!