Математика пәнінен сыныптан іс-шара 1+1 (8 сынып)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


«1 +1» сыныптан тыс іс-шара

 

 

            Бұл іс-шараны  математика апталығында 8-сыныптар арсында өткізуге болады. Өткізілу түрі – екі топ арасындағы сайыс. 

Іс-шараның мақсаты:

1) Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп есте сақтау қабілетін шыңдау,оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру.

2) Оқушыларды шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Түрі: Топтық сайыс

Қажетті құрылғылар, көрнекіліктер: интерактивті тақта, сурет жасырылған қималар, фигуралар кескінделген парақтар

Жоспары:

1. Іріктеу туры 

2.Суретті құрастыру арқылы екі топтың ұйымдасуы, топтың атауы беріледі

      3.І-тур (блиц-сұрақтар 10/10)

      4. ІІ-тур (жасырылған 4 есеп)

      5. Қызықты үзіліс

      6. ІІІ-тур (кесуге арналған есеп)         

      7. Қорытындылау, марапаттау

 

Барысы:

Жүргізуші: - Қайырлы күн қадірменді көрермендер!

Математикалық турнирге  қош келдіңіздер.

Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді.

Математика сырлары,

Қызықтырды біздерді.

Ойынға бірге қатысуға,

Шақырамыз сіздерді!

-          Турнирды бастау үшін, алдымен екі топ құрылу керек. Ол үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіздер: (2-13 слайд)

1.      Сағаттың ¼ -і неге тең?   15 минут

2.      1 % дегеніміз не?              1/100 бөлік

3.      1 кг-да неше г бар?  1000г

4.      Ридиусы 5  болатын шеңбердің диаметрі қанша?  10

5.      Үш алманы екі әкесі мен екі баласы қалай бөліп алады?   (егер ата, әке, бала болса)

6.      2-нің 2 дәрежесі.    4                

- Енді топтарымыз құрылғасын, сурет бойынша өз топтарыңызға атау бересіздер  (14 слайд)

 

Шеберлікті, білімді

сараптап сіздер көріңіздер

Әділқазы алқасы

Әділ баға беріңіздер! - дей отырып сайыскерлеріміздің біліміне баға беретін әділ қазылар алқасын ортаға шақырамыз.

І тур. (блиц-сұрақтар 10/10)

1-топ

1.      Бұрышты өлшейтін құрал?  Транпортир

2.      7 адам фотосуреттерімен алмасты. Қанша фотосурет таратылды?  42

3.      1-9ға дейінгі цифрлардың көбейтіндісінің соңында  неше 0 болады?  1

4.      Санды 0-ге көбейткенде... 0 шығады

5.      Түзудің бойынан 4 нүкте белгілесек, қанша кесінді пайда болады?    5

6.      Үстелде үш стақан сүт бар. Алмаз 1 стақан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стақан бар?   3

 

2-топ

1.      Тәуліктің 24-тен 1-і         1сағат

2.      Қайсы үлкен 2 м ме әлде 198 см ме?    2 м

3.      Түзудің бойынан 2 нүкте белгілесек, қанша кесінді пайда болады?    3

4.      Қолымызда 10 саусақ болса, он қолда неше саусақ бар?    100

5.      Квадрат метрде қанша квадрат сантиметр бар? 10000 см2

6.      16  нешенің квадраты? 4

     

ІІ тур 4 есеп (18-22 слайд)

Шарты: Сұрақтың номері таңдалған соң және негізгі сөздер аталған соң сіздер өздеріңізге ұпай қоясыздар 1-6 аралығында.

Егер бірден дұрыс жауап берсеңіздер өздеріңіз атаған ұпай қосылады, кері жағдайда азайтылады немесе көмек сұрауларыңызға болады. Бұл жағдайда 1 ұпай кемиді.  Ал ешбір жауап болмаса сөз кезегі екінші топқа беріледі.

 

1-есеп:

Негізгі сөздер: периметр, аудан

Тіктөртбұрыштың ауданы 24см2, ұзындығы 6см. Тіктөртбұрыштың периметрін тап?

 

Көмек: S=a∙b

Жауабы: 20

2-есеп:

Негізгі сөздер: периметр, аудан

Тіктөртбұрыштың периметрі 30см, ұзындығы 9см. Тіктөртбұрыштың ауданын тап.

Көмек: Р=(a+ b) ∙2

Жауабы: 56см

3-есеп:

124∙36=4464

Жауабы: 4464

4-есеп:

42∙36=1512

Жауабы: -40

 

Қызықты үзіліс

Әділқазылар алқасы әділ бағаларын санағанша, көрермендерімізбен қызықты үзіліс өткізейік.

Шарты: жасырылған ұғымды немесе іс-әрекетті оқушылар ешбір дыбыс шығармай тек іс-қимылмен бейнелеулеріңіз қажет.

Жасырылған сөздер:

1.      Турист

2.      Күнтізбе

3.      Координаталық жазықтық

4.      Боран

5.      Піл

 

ІІІ тур (24-27 слайд)

Алдарыңыздағы фигураны кесіп, квадрат құрастыру керек

 

 

 

                1-топ                                                                     2топ


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  IV. Қорытынды.                                                                                        

-          Қорытынды шығару үшін сөз кезегін әділқазыларға береміз.

Жеңімпаздар марапатталады.











Кішкенекөль №2 ішінара интернаты орта мектебі

[pic]



«1 + 1» математика пәнінен сыныптан тыс іс-шара

Математика пәнінің мұғалімі Дошемакова К.К.

 


[pic]








2014-2015 о.ж.