Ашық сабақ
Тақырыбы:
Ондық бөлшектерді
көбейту
Математика пәнінің мұғалімі: Шомакова А.О.
Математика 5 сынып
Күні : 28. 02.
Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді көбейту
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды ондық бөлшектерді ондық бөлшектерге көбейте білуге дағдыландыру.
Оқушылардың логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру.Белсенділіктерін арттыру , оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамыту.
Оқуға саналы сезімге ,жауапкершілікке өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.Тез ойлап , ойын тез қорытындылауға және сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу.
Сабақтын типі: дәстүрлі емес, ойын түрінде
Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы және топтық сайыс сабақ
Сабақтың көрнекілігі: тақырыптар жазылған плакаттар, кеспе қағаздары, Пән аралық байланыс: қазақ тілі, қазақ әдебиеті, дене тәрбиесі.
Сабақтың әдісі: баяндау, топпен жұмыс
Сабақтың өту жоспары:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
2. Сабақтың барысымен таныстыру.
3. Жаңа сабақ түсіндіру.
4. Математикалық жарыстар
5. Қорытынды
Сабақтың барысы:
Психологиялық кезең, сынып оқушыларын үш топқа болу,
Үй тапсырмасынтексеру
Мұғалімнің жаңа сабақты түсіндіруі
Оқушыларға мысалдар арқылыондық бөлшектерді көбейту туралы түсініктер беріледі.
Мысалы: 7,32 ондық бөлшегін 3,8 ондық бөлшегіне көбейтейік.
Ол үшін:
Үтірге назар аудармай, натурал сандарды көбейтуді орындау керек;
Шыққан нәтижеден көбейткіштердің екеуінде үтірден кейін неше ондық таңба тұрса, көбейтіндіде оң жақтан сонша цифрларды үтірмен айырып бөлу керек.
7,32
3,8
5856
2196
27,816
Ондық бөлшекті 0,1; 0,01; 0,001,....., разряд бірліктеріне көбейту үшін, осы бөлшектегі үтірді разряд бірліктерінде неше нөл болса, сонша цифрға солға қарай жылжыту керек.
Мысалы: 76,1*0,1= 7,61 т.с.с.
Математикалық ойындар:
А) есептеу ойыны ( бұл ойында әр топқа оқулықтан есептер беріледі
яғни, 1-ші топқа: №1118- ші есеп
2-ші топқа: №1121- ші есеп
3-ші топқа: №1123- ші есеп)
Ә) кім ұзаққа секіреді ойыны( бұл ойында әр топтан 4 оқушыдан шығып бір орында тұрып ұзындыққа секіреді, ал бір оқушы осы оқушылардың секірген сандарын тақтаға есептеп тұрады.)
Б) мақал – мәтелдер сайысы ( әр топ өздерінің сандар туралы білетін мақал – мәтелдерін айтады.)
В) сұрақ – жауаптар сайысы (бұл сайыста әр топ өздерінің дайындап келген сұрақтарын бір біріне қояды.)
Қортынды ( мұғалім жеңімпаз топтарды анықтап оларды марапаттайды)
Оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма беру: