5 сыныпта математикадан Бұрыш тақырыбы бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Қысқа мерзімді жоспар


Сыныбы 5 « Б » Пәні: математика

Сабақтың тақырыбы: Бұрыш.

Сабақтың мақсаты: Бұрыш тақырыбы бойынша есептер шығаруға баулу

Оқу нәтижелері Бұрыштың түрлерін анықтай алады, бұрышты өлшеп сала алады

Есептер шығара алады.

Тапсырмалар топпен жұмыс, сұрақтар бұрқасыны, айналмалы бекет, ыстық орындық әдісі, Джигсо әдісі,семантикалық карта

Ресурстар: Смайликтер,стикерлер, слайд, тест,кеспе қағаздар,плакаттар,маркер.

Бөлімдері

Мұғалімнің әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

(3 мин)

Топқа бөлу ( түрлі-түсті фигуралар арқылы) Сыныптың психологиялық ахуалын көтеру.


Оқушылар сәлемдеседі.

Оқушылар бір-біріне ыммен, іс-қимылмен көңіл-күйін білдіреді.

Оқушылар түрлі-түсті фигуралар арқылы бірігіп 6 топ құрайды.


Қызығушылықты ояту

(8мин)


Өткен сабақты пысықтау үшін «Сұрақтар бұрқасыны» әдісі арқылы сұрақ-жауап аламын. Мадақтау және смайлик арқылы бағалап отырамын

Сұрақтар бұрқасыны:

  1. Математикада «бұрыш» сөзінің орнына қандай белгі қолданылады?

  2. Сүйір бұрыштың анықтамасын айт, сызбасын салып көрсет.

  3. Бұрышты бір әріппен белгілеуге бола ма? Ол әріп бұрыштың несі деп аталады?

  4. Жазыңқы бұрышты салып көрсет? Оның градустық шамасы неге тең?

  5. Градус бегісін жазып көрсет.

  6. Бұрышты өлшейтін құралды ата

  7. Сызбадағы сүйір бұрыштарды ата.

  8. Сызбадағы доғал бұрыштарды ата

  9. Сүйір бұрыш пен доғал бұрыштың айырмашылығы неде?

  10. Тік бұрышты алып көрсет

  11. Тік бұрыштан үлкен, бірақ жазыңқы бұрыштан кіші бқрыш қалай аталады?

  12. Бұрышты қалай өлшейміз

  13. Жазыңқы бұрыштың жартысы неге тең?

  14. Бұрыштың қандай түрлері бар?

  15. Сағат тілі 15,00-де неше градусты көрсетеді?

  16. Бұрышқа өмірден мысалдар келтір

  17. Кез-келген бұрыш салып, оның ішінен сәуле жүргіз. Пайда болған бұрыштардың әрқайсысының градустық шамасын өлшеп, тақтада жаз.



Оқушылар өткен сабақты пысықтау үшін сұрақтарға жауап береді. Смайлик арқылы бағаланады. Топ басшысы бағалау парағына жазып отырады.


Мағынаны ажырату



(15мин)

Бүгінгі тақырыпты ДЖИГСО әдісі арқылы постерге жаздырып, топтар қорғайды. Мақтау, мадақтау арқылы бағалаймын

Оқушыларға «ойлан,жұптас,бөліс» әдісі арқылы семантикалық карта беремін

ДЖИГСО әдісі арқылы оқушылар жұппен талқылап,плакатқа жазып,постер қорғайды. Оқушылар семантикалық картамен жұмыс жасап, оны проектордан тексереді.Топтар бағдаршаммен бағалайды.

Сергіту сәті

(3мин)

Бұрыштарды атап отырады, оқушылар колдарымен көрсетеді


Қолдарымен ауада бқрыштардыжасап көрсетеді


Ой толғаныс

(5мин)

Әр топқа «Қар үйіндісі» әдісі арқылы деңгейлік тапсырмалар беремін

А-деңгей

372-374

В-деңгей

375-377

С-деңгей

378-380

Оқушылар тапсырмаларды орындап,критерий арқылы топ жетекшісі топ мүшелерін бағалайды.

Қорытынды

(5мин)

«Айналмалы бекет» әдісі арқылы сұраққа-жауап жаздырамын.

Әр топтан сұрақ жазып, келесі топқа жауап жазу үшін плакатты ауыстырып отырады .

Жауаптарды «басбармақ» арқылы бағалайды.

Бағалау

(3мин)

Топ жетекшісі өз топ мүшелерінің жұмысын критерий бойынша бағалайды. Оқушыларға жиынтық бағасы қойылады

Рефлекция

(2мин)

Кері байланыс. «Екі жұлдыз бір тілек» ой түю стратегиясын пайдалана отырып сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жаздырамын.

Кейінгі жұмыс


Үйге тапсырма №381 №382