Күй анасы - Дина

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сыныбы: 2

Сабақтың тақырыбы: Күй анасы-Дина.

Сабақтың мақсаты: Күйші композиторлардың шығармашылығына тоқталу , таныстыру.

Білімділік мәні : Оқушылардың жан – жақты білімдерін арттыру.

Дамытушылығы: Жас өспірімдердің музыкаға деген ықыласын дамыту,есте сақтау, ырғақты айыру,тыңдай білу, айыра білу, есту қабылеттерін қалыптастыру, дамыту.

Тәрбиелік мәні : Күйші композиторларының музыкалық шығармалары арқылы халық музыканың тәрбиелік мәнін тыңдату , сезіну , арқылы бойына сіңіру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ түсіндіру , әңгімелеу, музыка тыңдау, шығармашылыққа баулу .

Пәнаралық байланысы: Музыка әдебиеті , тарих, әдебиет.

Сабақ жоспары:

Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, сыныпты түгендеу.

Өткен сабақты сұрау: Арнау күй.

Жаңа сабақ: Күй анасы-Дина.

Музыка тыңдау.

Ән айту. «Домбырасыз сән қайда?»әні.

Қорытындылау.

Бағалау.

Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Күй анасы –Дина.

Күй атасы-Құрманғазы болса, күй анасы-Дина. Дина Нүрпейісова –Атырау жерінде дүниеге келген. Динаның ұстазы Құрманғазы болған. Динаның ерекше күйі «Бұлбұл»күйі.

Ән айту.«Домбырасыз сән қайда?»әні.

Елдің жырын жырлаған

Қайғысын да толғаған.

Домбырасыз ешқашан,

Жүрекке ем қомбаған.

Қ-сы:

Домбырасыз ән қайда?

Домбырасыз сән қайда?

Ән мен күй бар өмірде

От та лаулап жанбай ма?

Құрманғазы ,Тәттімбет

Домбырамен сайраған.

Жүрекке от жақсын деп,

Елге күйін арнаған.

Абай , Жамбыл, сал Біржан,

Таңғалдырып ән салған.

Жүрегіңді жандырған

Естіген жан тамсанған.

Домбырамен сөйлеген,

Махаббаты халқымның

Жігер беріп күй деген,

Шақырады алтын күн.

Қорытындылау :

* Қазақтың күйші композиторларын ата.

* Күй атасы кім ?

* Динаның ұстазы кім?

Үйге тапсырма:

* Күй анасы-Дина.«Домбырасыз сән қайда?»әні.

Бағалау: