Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы: Жергілікті сазгер күйші Кәзен Әбуғазымен кездесу.
Сабақтың мақсаты: Келешек жас ұрпақтарды еліне, жеріне деген патриоттық сезімін ояту, өнерді сүюге құрметтеуге тәрбиелеу.
Білімділігі: Сазгер күйшіні дәріптеп шығармаларымен таныстыру.
Дамытушылығы: Жас ұрпақтың бойына музыка әлемінде жергілікті сазгер күйшілер туралы мағұлмат бере отырып олардың Отанға деген, туған еліне, жеріне деген сезімдерін ояту, дамыту және өнер арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Слайд
Әдістер : Дәріптеу, шығармаларын ойнау, күйлерін тыңдау.
Сабақтың барысы :
Ұйымдастыру кезеңі
Өмір жолымен таныстыру
Шығармаларын ойнату
Сазгерге сөз беру
Сұрақтар қою, жауап алу
Домбыра жүрегіммен үндес едің,
Өзіңмен сырласымдай тілдесемін.
Бабамнан қалған мұра сен болмасаң,
Өмірдің не екенін де білмес едім.
Мұқағали Мақатаев
Музыка әлемі – адамзат мәдениетінің байлығы ішіндегі мұхиттай шексіз, ғажайып дүние. Музыкада адамның асқақ асыл ойлары, арман – мақсаты, ізгі тілектері, қуаныш пен қайғы қасіреттері және әртүрлі сезім иірімдері бейнеленеді, Музыканың адам жан дүниесіне тигізетін әсері орасан, сондықтан оны шынайы ықыласпен қабылдау арқылы ғана түсінуге болады.Қаншама ғасырлар бойы жинақталған музыкалық қазына ұшы – қиыры жоқ аса мол мұра. Белгілі композитор академик А.Қ.Жұбанов”ХАЛЫҚ АСПАПТАРЫНЫҢ ІШЕКТЕРІНДЕ ҒАСЫРЛАР БОЙҒЫ ДАНАЛЫҚ ТҰНЫП ТҰР”,- ДЕГН ЕДІ.
Қазақ халқының күйшілік өнерінің бір тармағы еліміздің шығыс өңірінде қалыптасқан .Шығыс өңірінде қалыптасқан домбырашылық өнердің тамыры тереңнен бастау алады.Шығыс Қазақстан күйшілік, домбырашылық дәстүрі аймақтық жағынан кең ауқымды қамтиды.Шығыс Қазақстан өңірінен шыққан күйлердің тарихтары мен күйші композиторлар туралы жерлесіміз Мұрат Әбуғазының 2009 жылы <Шығыстың шыңырау күйлері > атты кітабы жинақ болып шыққан болатын. Сол кітаптың ішінде біздің бүгінгі қонағымыз жерлесіміз сазгер күйші Кәзен Әбуғазы атамыз да кірген.
Кәзен Әбуғазыұлы сонау 1928 жылдары, қиын - қыстау кезеңде, ел басына күн туған алмағайып заманда, жұрт үдіре көшкенде Қазеннің әкесі Әбуғазы Семей облысы Аксуат өңірінен шекара асып, арғы бетке өтіп кетеді. Кәзен Әбуғазы ұлы 1936 жылы Қытай Халық Республикасының Тарбағатай аймағының Дөрбілжін ауданында дүниеге келген. Жасынан ән мен күйге құмар Кәзен өнерге әуес болып өседі.Алғаш домбыраны өз әкесі Әбуғазыдан үйренеді. Кейіннен сол аймақтағы Оразғали атты домбырашыдан күйдің қыр – сырына қанығады.Кәзен анасынан екі-үш жасынан, ал әкесінен ес біліп қалғанда айырылады. Өмірдің қиыншылығы, ауыртпашылығы енді бір басына түседі.Жас кезінде ән салып, төңірегіне әншілігімен таныла бастайды.Ауыл арасында көкпарға түсіп, жүйірік атты бала атанады.Жасынан есепке де жүйірік болып өскен Казен ауылда есепші болып қызымет атқарады.1962 жылы атамекені Ақсуат өңіріне оралады. Көп жылдар Ақсуат кәсіптік техникалық училищесінің ағаш шеберханасында ағаш ұстасы бплып жұмыс істеген.Қазіргі күні зейнеткерлікке шықса да өнерді тастамай домбырашы, әнші ретінде өнерін көрсетіп жүр.1986 жылдан бастап өзі де күй шығару өнеріне ден қоя бастайды.
Казен Әбуғазыұлының күйшілік, шығармашылық өнері сан қырлы тақырыптардан тұрады.Жан-жануарларға арналған,< Ерке күрең>,< Қызыл жебе>,< Жалғыз аққу,> <Қара қаз>, дүниетанымдық ойға құрылған-<Ой толқыны>, <Қайран әке>, <Қосбасар>, болған оқиғаларға тынс-тіршілікке байланысты –<Ана зары>, <Серпін>, туған жерге<-Қуаныш>,<Бейбіт>,жер атауы сұлу табиғатқа-<Егіз қызыл>, <Нарын> т.б. 2006 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының ғылыми зерттеу лабораториясына өз орындауында 20 ға жуық күйлерін жаздырды. Күйлерінің сарыны, құрылымы, орындалу мәнері жағынан Алтай-Тарбағатай күйшілік мектебінің ізімен туындаған .
<Қайран әке>,< Қызыл жебе>,< Жалғыз аққу>,< Егіз қызыл> күйлерін шығу тарихтарымен таныстырып оқушыларға ойнату.
А.Байқыдыров атындағы саз мектебінің қобыз сыныбының оқытушысы: Нугыспанова Нурсагат Нурслямовна