Ертегілер елінде II-сәбилер тобына арналған

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық карталары

«Құралай» II-сәбилер тобы

Музыка жетекшісі: Аубакирова Ж.А

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Ертегілер елінде»

Мақсаты: Қуыршақ театры арқылы балаларды шығармашылыққа баулу, әуен сипатын ажыратып,қимылдауға ән айтуға дағдыландыру ,достыққа қамқорлықа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: «Бауырсақ»ертегісінң көрінісі,үйшік,бауырсақ,ата,аже,қасқыр,қоян,аю,түлкі ойыншықтары.

Сөздік жұмыс: Бауырсақ ертегі,достар.

Оқу іс-

әрекетінің кезеңдері

Музыка жетекшісінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Залдың іші «Бауырсақ»ертегісінің көрінісіне лайықты етіп безендіріледі.

«Илигай»(өңдеген Б.Дәлденбай.)әуенімен балаларды қарсы алу. Музыка жетекшісі бауырсақ қуыршағын немесе суретін көрсетіп , балаларды бірге көңіл көтеруге шақырады.

Мен көңілді бауырсақ,

Кел,ойнайвқ қуыспақ!

Бауырсақ қашқан болады,

Балаларға қуалуп жүгіруді ұсынады

«Жүгіреміз»(Г.Фрид)әуені ойналып ,балалардың жеңіл жүгірулерін бақылайды.

Балалар қол ұстасып шеңбер бойымен жүреді.

Бауырсақты көріп,таңғалады,қуанады.










Жеңіл жүгіріп,бауырсақты қуып жетпекші болады.


Ұйымдастырушылық-ізденеістік

Әуен аяқталысымен балаларды отырғызып, жайғастырады.

-Балалар, бүгін бізді Бауырсақ өзімен бірге ертегілер еліне қонаққа алып бармақшы. Бірге барамыз ба?

Олай болса, Бауырсақ туралы ән айтып берейін, мұқият тыңдаңдар.

Бұл бауырсақты кім пісірген екен? Ендеше, ертегімізді бастайық!

Зал ортасына үйшік қойылып, педагогтың көмегімен қуыршақтарды ертегі мазмұнына сай қимылдатып, сахналайды.

Ерте, ерте, ертеде

Ешкі жүні бөртеде,

Ата мен аже болыпты,

Ұзақ өмір сүріпті.

Бір күні әже атаға дәмді, тәтті бауырсақ пісірмекші болыпты.

Ата: Кемпір, маған бауырсақ пісіріп берші!

Әже: жарайды!-депсахнадан көрінбей кетеді де, бауырсақпен қайта оралады.





Балалар келісіп көңілденеді. Әнді ынтамен тыңдап, түсінуге тырысады.




«Бауырсақты әже пісірді» деп жауап беруге талпынады.






Ертегіні ұйып тыңдап, қызығушылық сезімдерді оянады.

Рефлексиялық –

түзетушілік

Музыка жетекшісі түлкі әнін айтып шыққан кезде:

-Бауырсақ, балалар, абайлаңдар!-деп түлкіге алданып қалмаңдар!-деп ескерткен болады.

Бауырсақ: Қу түлкі, мен сенен қорықпаймын. Маған достарым көмектеседі.

Балалар, бауырсаққа көмектескендерің жақсы болды, жарайсыңдар!


Түлкіні көріп, сасақтанып, Бауырсақты қорғамақ болады.


Бауырсақты үйшікке дейін шығарып салып көңілді қоштасады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: «Бауырсақ» ертегісінің мазмұнын, кейіпкерлерінің сипатын бере алу, ажырату, әнге қосыла айту.

Игереді: ертегі кейіпкерлерімен бірге араласа жүріп, мазмұнын терең түсінеді, әртүрлі сипаттағы әнді айтуды үйренеді.

Меңгереді: әр кейіпкерге тән қимыл-қозғалыстарын көрсетіп, дауыс ырғақтарын салуды, әуеннің сипатын ажырата алуды.