Cабақ жоспары
І. Сабақтың тақырыбы: Қобыз аспабында ойнау шеберлігін арттыру
Ойнайтын шығармасы: 1.Л.Бетховен «Романс»
2.Қазақтың халық әні «Ахау, бикем» өңдеген:В.Пирогова
ІІ. Сабақтың мақсаты: Аспапта ойнау шеберлігін дамыту барысында шығарманы зерттеп ойнау әдіс тәсілдерін меңгеріп характерін ашу, шығармашылықтарын дамыту.
а) Білімділігі: Өнердегі мәдени көзқарасын дамыту, өнерлі тұлға қалыптастыру, адамгершілік ізгілік қасиеттерді үйрену.
б) Дамытушылығы: Оқушының ой өрісін, музыкалық қабілетін, аспапқа деген құлшынысын, қызығушылығын арттыру және рухани байлығын дамыту
в) Тәрбиелігі: Өнерді үйрену барысында эстетикалық тәрбие алу, өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру.
ІІІ. Сабақтың көрнектілігі: кітаптар, аспаптар, слайд, буклеттер, үнтаспа.
ІV. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру: оқушылардың назарын, зейінін сабаққа аудару. Сыныбы бойынша аспапты меңгеруде ойнау шеберліктерін тыңдау,сүйемелдеумен қосылып ойнау, түсінбеген жерлерін көрсетіп аспапта ойнап беру,үнтаспада тыңдату.
Жаңа сабақ: Қазақтың халық әні «Ахау, бикем» өңдеген:В.Пирогова . Шығарманың тақырыбымен таныстыру, тональдігін, размерін, характерін, ойналу екпінін табу. Фразаға бөліп такты-такты бойынша талдау жасау, ойнап көрсету,оқушыға түсіндіру. Слайд көрсетіп әнді аспапта ойналуын және үнтаспадан тыңдату.
V. Сабақты қорытындылау: Жаңа сабақты қаншалықты түсінгенін сұрау.
Өз сыныбы бойынша ойнау шеберлігін көрсету Құрманғазы «Серпер» орындайтын Жамбылова Дина Оқытушысы: Нугыспанова Нурсагат Нурслямовна