Тақырыбы: «Жайлауға саяхат»
Мақсаты:
Білімділік: Музыка арқылы дыбыстарды таза айтқызу,тыңдау.
Дамытушылық: «жоғары» және «төмен» дыбыстарын айыру,екі бөлімді әнді ажырата білуге үйрету.
Тәрбиелік: Би қимылдарына, ойын әрекеттері арқылы шығармашылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: үй жануарларының макеттері, әр түрлі ойыншықтар, құрсау, сылдырмақ.
Балалар көңілді музыка әуенімен залға кіреді.
Шеңбер бойымен айналып аяқтың ұшымен жүру, қол шапалақтау, отырып тұру, өз орнынан айналу қимылдарын орындату.
Музыкамен амандасу.
Балалар көңіл-күйлерің қалай?
Ән салып би билегілерің келе ме?
Ендеше алдымен дауысымызға жаттығу жасап алайық.
Дауыс жаттығуын орындату.
Трата-та, трата-та
Мысық бізбен бір сапта
Әуендік қимыл-қозғалыс:
«Би билегім келеді»
Жұмбақ жасыру.
Кішкене ғана бойы бар
Айналдыра киген тоны бар
2.Тастан, тасқа секірген
Көп жүгірген бетімен
Тыным таппай шұнағым
Келе қойшы ...
Балалар дұрыс айтасыңдар үй жануарлары, төлдер қайда болады?
Балалар жайлауға саяхатқа барғыларың келе ме?
Ендеше ұшатын кілеммен жайлауға барайық.
Алдарына ата шығады.
Атамен амандасады.
Ата: Амансыңдарма қарақтарым. Сендер қайдан келесіңдер?
Ата біздің сізге арнаған әніміз бар қабыл алыңыз.
Ән «Төлдер»
Ата: Балалар менің сіздерге дайындаған ойыным бар. Ойын ойнағыларың келе ме?
Ойын: Кім жылдам?
Ортаға екі қорапқа бөлінген бірнеше ойыншықтар қойылады.
Балалар шығып музыка әуенімен құрсауларға тездетіп ойыншықтарды тасиды. Бірінші тасып бітірген бала екі қораптың ортасында тұрған сылдырмақты алып сылдырлатады. Жеңілген бала айыбын өтейді.
Атамен қоштасып балабақшаға ұшып келеді.
-Балалар біз балабақшамызға қайта оралдық. Кәне бақшамыз туралы әнімізді есімізге түсіріп көрейікші.
Ән «Балабақша»
Балалар біз бүгін қайда бардық? Қандай төлдерді білесіңдер?
Қандай әндер орындадық?
Сендер өте жақсы қатыстыңдар, жарайсыңдар.
Қоштасып шығып кетеді.