Бекітемін:
Пән: Музыка Мектеп: №201 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мұғалімнің аты-жөні:Жанашева А.Н
Күні: 7.11.2016ж Қатысқандар саны: 18
Сынып: 4 «А» Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы:
Европа музыкасының шыңы - симфониялық оркестр.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
Симфониялық оркестр және ондағы аспаптар тобы.тембрі туралы .Қазақстандағы алғаш оркестрдің дамуы жайлы түсінік беру.
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар: Еуропа халықтарының музыкалық аспаптары туралы біледі.
Көптеген оқушылар: Симфониялық оркестрдегі аспаптардың тембрін анықтай алады.Аспаптардың тобын ажыратады.
Кейбір оқушылар: Симфония, тембр,диапазон терминдерін түсіндіреді. Оркестр түрлерін және ондағы аспаптар тобын ажырата алады.Қазақстандағы алғашқы симфониялық оркестр туралы біледі. Қажет жағдайда талдай алады.
Жетістік критерийлері
Симфониялық оркестрдегі аспаптардың дысбыс күшін ажырата білуі.
Аспаптардың 4 тобын ажыратып, ондағы аспаптардың атауын білуі
Қазақстандағы симфониялық оркестрдің құрылуы туралы білуі
Тілдік мақсаттар
оркестр, симфония, диапазон, тембр терминдері
Құндылықтарды дарыту
Еуропа халықтарының мәдениетімен таныса отырып,әлемдік өнерді құрметтеуге тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыстар
Математика, дүниетану.
АКТ қолдану дағдылары
Бейне роликтер, аспаптар суреттері, слайдтар
Бастапқы білім
Қазақтың дәстрлі күйшілік, әншілік өнерін дамытушылар.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған
кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
10 мин
Оқушыларды шаттық шеңберіне шақырып, жағымды тілектер айту және суреттер бойынша 3топқа бөлу.
Лездік сұрақтар арқылы өткен тоқсандағы тақырыптарға шолу жасау. Әр балаға 1 сұрақтар беріледі.
1.Қазақтың күйшілік және әншілік дәстүрі кімдер арқылы сақталып жетті?
2.Арқа өңірінің әншілік дәстүрін жалғастырушыларды ата?
3.Қобыз күйлерін орындап жеткізушілер кімдер?
4.Қаратау өңірінің дәстүрлі ерекшелігі неде?
5.Батыс өңіріндегі әншілік және күйшілік дәстүрін жалғастырушылар айтып бер?
6.Ұстаз бен шәкірт дегенді қалай түсінесің?
7. Жүсіпбектің қандай шәкірттерін білесің?
8. Қазіргі дәстүрлі орындаушылардан кімдерді білесің?
9. Құрманғазы «Адай» күйін кімге арнады?
10.Не себепті Мұса жаяу атанды?
11.«Қарқаралы» әнін кім шығарды?
12. Жез киікке неге оқ дарымайды?
13. Мұхит кімнен бата алады?
15. Дәстүрлі әндер мен күйлер қазіргі уақытта қалай жалғасуда?
16. Өзіңе ұнаған қандай әндер мен күйлерді ерекше атай аласың?
17. Саған әндер мен күйлер қандай орындауда көбірек ұнады?
18. Дәстүрлі орындауда ма әлде эстрадалық аранжировкада ма?
Өткен тақырыптарға байланысты сұрақтар тізімі .
Сабақтың ортасы
10мин
10мин
5 мин
10 мин
Симфониялық оркестр жайлы әңгіме.
Қандай музыкалық аспаптарды білесіңдер?
Скрипка мен виолончель аспаптарының айырмашылығы неде?
Флейта мен кларнет аспаптарының дыбысын қалай шығарып ойнайды?
Қандай аспаптың дыбысы зор – скрипка ма, әлде труба ма?
Жауап берген оқушылардың назарын музыкалық аспаптардың үш қасиетіне аударған жөн. Олар – аспаптардың тембрі, диапазоны және дыбыс күші. Музыкалық аспаптардың осы үш қасиеті оркестр топтарының пайда болуына негіз болды. Дыбыс бояуы мен оның сапасына байланысты оркестрдегі барлық аспаптар төрт топқа бөлінеді: ыспалы-ішекті, ағаш үрмелі, жезді үрмелі және ұрмалы аспаптар. Әр топтағы аспаптардың тембрі, яғни дыбыс бояуы ұқсас болғанымен, олардың диапазоны әр түрлі болып келеді. Әншілердің дауыстары сияқты аспаптар жоғарғы, ортаңғы және төменгі регистр болып бөлінеді. Оркестрдегі музыкалық аспаптар тобы олардың дыбыс күшіне байланысты орналасады.
Оқулықпен жұмыс. Мәтінді өзіндік оқу.
Сұрақтар қою.
- Дыбысы жағынан және аспаптарға бай қандай оркестр?
Симфониялық оркестр құрамындағы аспаптар неше топты құрайды?Оларды атап бер.
Оркестр құрамындағы аспаптар неліктен көп?
Сөздік
Тембр - дыбыстың бояуы.
Диапазон дыбыстыңкөлемі
Симфония – симфониялық оркестргеарналған аспаптық шығарма.
Симфония бір мазмұнды құрайтын төрт
Музыка тыңдау:
Бетховеннің №3 симфониясы су түбіне кетерінің алдында атақты «Титаник» кемесінде орындалған екен. Симфонияның 3 бөліміндегі экспозицияны тыңдап көріңіздер. Алдымен, Бетховен симфонияны Наполеон Бонапартқа арнап, кейін өз ойын өзгертіп, симфонияның атын «Батырлық» деп атайды.Симфония бірден басты партияның виолончель аспабының орындауынан басталады. Басты кейіпкердің бейнесін көрсету мақсатында музыкалық тақырып төменгі регистрде, ұстамды екпінде орындалады. Тақырыпты бүкіл оркестр қолдап әкетіп, ол үлкен алапат күшке ие болады. Симфонияның І бөлімінде біріне-бірі қарама-қайшы тақырыптар көп. Олар кезек-кезек ауыса отырып, бір-бірімен күрескендей әсер қалдырады. Музыканың өн бойы батырлық күреске толы.Бетховен бұл симфониясын өле-өлгенше басқа шығармаларынан аса жоғары қойып, жақсы көрген .
Біліп ал! Бұл тапсырма оқушылардың өз бетімен істейтін жұмыс түріне арналған.
Қазақстанда алғаш рет симфониялық оркестр XX ғасырдың отызыншы жылдары опера театры үшін құрылды. Оркестрді жасауға көмектесу үшін Ресей, Украина, Белоруссия, Армениядан көптеген музыкант келді. Әр түрлі ұлттан жиылған әртістер қазақтың тұңғыш операсы «Қыз Жібекті» қоюға көмектесті.
Тапсырма: Кім жылдам?
Жетістік критерий: 0 ұпай 1 ұпай
1.Суретке қарап
аспаптардың аталуын
айту
2.Аспаптың дыбысын
ажырату
бағалау “Екі жұлдыз бір, ұсыныс арқылы”
АКТ Бейне баян
Сұрақтар
Оқулық
Сөздіктер анықтамалары
Сұрақтар
Сурет
.
Аудио таспа Бетховен №3 симфониясы.
«Қыз Жібек» операсынан көрініс сурет
Сабақтың соңы
5 мин
Қорытындылау. Кері байланыс
«Бір сөзбен» әдісі
- Оқушылар өздеріне берілген 8 сөздің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтындай 1 сөзді таңдап айту.
• Үйрендім, Қуаныш, Түсіндім, Қанағаттану, Алаңдау, Білдім, Сенімділік, Сенімсіздік.
Үйге тапсырма:. Біліп ал! Айдары бойынша Қазақстандағы алғаш симфониялық оркестрдің құрылуы.
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?йфӘ
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?