Келіні жақсы үйдің керегесі алтын

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


«Келіні жақсы үйдің - керегесі алтын»

1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар! Көрермендер! «Келіні жақсы үйдің, керегесі алтын» - атты айдарымен берілетін бағдарламамызды бастаймыз.

Бұл бағдарламамыздың мақсаты: Оқушыларға Отан от басынан басталатынын, оның алтын қазығы әйел-ана, кешегі қыз, бүгінгі келін сол үйдің алтын керегесі екендігін түсіндіру. Келінге қатысы халықтық дәстүрден, туыстық атаулардан келін әдебімен таныстыру, тәрбиелеу.

Жанұядағы қадірлі жанның бірі - ана. Ана - өмірге ұрпақ әкелуші, отбасының маздаған оты, баланың тәрбиешісі, ақылшысы, қамқоршысы.

Келін: Ия, дұрыс айтасың!

1-жүргізуші: Әр ана кешегі үлбіреген жас келіншек. Сол келіншек ақ босаға аттап, үлкен жауапкершілікті арқалап талай жылды, қызығы мен қиындығы қатар жүретін өмірді, үлбіреген жастық шағын артқа тастап, сол жылдардың еншісі болған ұл қыздарының баянды бақытын көрсе, өмірдің қызығы. Бақыт деген осы емеспе.


Келін: Ия, дұрыс айтасың!


Жүргізуші: Кешегі бойжеткен міне бүгін ақ босаға аттаған келін долып отырсың, сенің құрметіңе біздің саған арнаған ән шашуымызды қабыл ал.


2-жүргізуші: Әйгерім, менің ойыма Исрайыл Сапарбайдың мына өлең жолдары есіме түсіп түрғаны...

Жүрегіңнен жүрсе де жол басталып,

Бақыт құсы қолыңа қонбас келіп.

Жолығады дейді ол жас адамға,

Бірінші рет дос болып, жолдас болып

Ондай болса сенің өмірлік жарың, жолдасың, досыңды Төлегенді шақырайык.


Ей, жас жігіт!

Алдында арманы көп,

Жабықпа сен бағым бүршік жармады деп

Жолығады дейді ол жас адамға

Екінші рет аяулы жан-жары боп.

Жүргізуші: Иә, баянды бақыт жігітке жан-жары болып жолығады екен. «Жар» - деген ол жігіттің сүйіктісі, ата-ананың келіні, болашақтың анасы. Егерде ол адамгершілігі мол жақсы адам, жақсы келін болса...

Ендеше, «Келіні жақсы үйдің - керегесі алтын» - атты тәрбиелі тағылымы мол мәдени іс-шарамызды киелі шаңырықтың инабатты да ибалы келін туралы сыр шертуден бастайық.

1-жүргізуші: Бірақ, «Келіннің де келін боп түскен күннен бастап өзіне артылар міндеттері, қалыптасқан, орныққан әдет-дағдысы бар. Бұрын өзіне таныс емес ортаға бірден «Тастай батып, судай сіңу» оңайлықпен орындала бермейді. Бұл ретте қазақ әйелінің даналығы, сабырлығы, төзімділігі жеткілікті. Осы орайда айтылған «Келіні жақсы үйдің - керегесі алтын», «Жақсы келін -келін, жаман келін - келісап», «Келін — қайын ененің топырағынан» деген мақал-мәтел бекер айтылмаған.


Келін: Ия!

Музыка ойнап тұрады. Бесік жыры. 1-көрініс.

/Келіні бесік тербетіп отырады/

Енесі жалғыз, риза көңілмен өзімен-өзі сөйлесіп отырады.

- «Адам табиғатына тартады» - дегендей құдайға шүкір, біздің қазақтың дархан даласы, көркем табиғатты берекелі өлке ғой. Келінім сол табиғатқа тартыпты. Айналайын өзінің намысы таудан биік, ақылы теңізден терең. Осы келінім келгелі үйімізге береке бірге кірді. Ағайын-туыс үйімізден табылады. Бәрінің тілін тауып, қайынсіңлі, қайындарын айналып толғанып еркелетіп жүргені. Ризамын айналайынға. Шекесі торсықтай немере сүйіп отырмын, Тәубә!

(Үй ішіндегі үлкендер тойға жиналып кетіп қалады, келін келесі бөлмеде іс тігіп отырады, бөлмеге жүгіріп қайнысы кіреді)

Келін: Мырзаш қайдан келдің?, міне қарашы, сен тезірек үйленіп той болсын деген ниетпен қоржын тігіп жатырмын. ( тіккен қоржынды көрсетеді)

Қайнысы: Ой өте әдемі екен жеңеше, ниетіңізге рахмет! Алған сұлуым дәл өзіңіздей болса арманым жоқ. Бұйырса биыл той қамына қамданарсыздар деп ойлаймын.

Келін: Ой мынау жақсы жаңалық қой. Арманың орындалсын.

(Қайнысы өлең айтып шығып кетеді) Қайнысы: «Ой жеңгем үйлен дейді,

Ой жеңгем үйлен дейді,маған ...»

Келін: Ай менің сері қайным-ай, ай мен күндей, ақылды аруға құдайым қосса екен!


Қайынсіңлісі: Жеңеше мені де жақсы көресің бе?, ендеше шашымды тарап берші.


Келін: Әрине жақсы көремін, Еркежан, сенің дауысың әдемі ғой, маған бір ән салып бермес пе екенсің?.

Қайынсіңлісі: Жарайды, жеңеше.

Ән орындалады. «Ана-Әке»

(Осы кезде үлкен үйдегі абысыны келеді).


Абысыны: Келінжан енді біз бөлек отауға шығамыз. Қара шаңыраққа өзің ие боласың енді.

«Абысын абысын тату болса ас көп

Ағайын тату болса ат көп» - деген біз тату болсақ осы әулеттің абыройы артып, көңілдері тоқ болады. Білмегеніңді сұрап, керегіңді аларсың менен.


Келін: Абыстай, айытпақшы енем нені ұнатады?


Абысыны: Қонақ келгенді, өте қонақжай. Енемнің осы қонақжайлылығын, дастарханының кеңдігін бүкіл ауыл біледі. Қонақ келмейтін үй суық көрінеді. Сондықтан қонақ келсе ұят болып жүрмесін барлық дәмді ас-суыңды қонаққа сақта. Көрпе-жастық, ыдыс-аяқ, сүлгі-орамалға дейін тәуірін шығар «Қонақ аз отырып, көп сынайды», «Адам асқа емес, сөзге мейман» - қонаққа берген тамақтан гөрі, ілтипатты көңілің маңыздырақ. Келген қонаққа дәм бермеген үйдің ырысын шайтан жейді, қонақшыл кісінің әдетте дос-жараны көп болады. Сондықтан енеміздің қонағы да көп соған дайын болғайсың келінжан.


(осы кезде үлкен қайынсіңілісі құрбыларымен үйге кіріп келеді)


Үлкен қайынсіңлісі: апа мені құрбыларымен алтыбақан тебуге жіберіңізші.

Абысыны: Ой, айналайыным-ау, жеңешеңнен рүқсат сүрасаңшы.

(деп абысыны шығып кетеді,қайынсіңлісі жеңгесіне наздана) Үлкен қайынсіңлісі: Жеңеше, барайыншы, құрбыларым келіп түр.


Келін: Мақұл шұрайлым, жіберейін, тек құрбыларың мағанда бір өнерлерін көрсетсінші.




(Қазақ биі орындалады)

Келін: Иә, бір әулетке келін болу ақ босаға аттау бұл - үлкен қуаныш, алайда келінге жүктелер жүк те аз емес екен. Анамның айтқандары жадымнан бір шықпайды. «Келін» осы ұлағатты сөздің астарында білімділік те, ақылдылық та, мейірімділік жатыр деп еді-ау анам.

Отбасының диканшысы келін екен-ау. Соның еккен тәлімінің куәсі өмір екен-ау. Енем мен атамның, жарымның мейірімі күннің шуағындай шашылып, ақыл нәрі тау суындай тасып тұрғанда қалт жібермей қағып алу келіннің міндеті. Мен соны ұқтым.

Өмір сыйлаған ана, мейірімін төккен ене қамқоршысы, асқар тау әке бәрінің ден сондай қымбаттысыңдар маған.

(Осы кезде үлкендер тойдан келеді, кенже қайнысы жүгіріп кіреді)

Кенже қайнысы: Жеңеше апамдар тойдан келді, ол кісілермен бірге қонақтарда келді!

(Келін үлкендердің алдынан шығып, иіліп сәлем беріп, шайға шақырады)

Келін: Шай ала отырыңыздар!


Жүргізуші: Әйел заттың тағы бір ерекшелігі - әже болу. Әже ақылдың кені, өткеннің шежіресі. Әжені үлкен ана ретінде сыйлау, немеренің оған, оның немересіне бауырмалдылығы дәстүрге деген ықыласқа бастау. «Немере етін жеп,сүйегін берер», «бала балым, немерем жаным» - деп немересін еркелетіп жақсы көрген. Келініне ақылын айтып отырған.

Әжесі: Бақытты бол құлыным! Шайың сондай дәмді екен.

(осы кезде шөбересі әжесіне еркелеп)

Шөбересі: Менің әжемнің де шайы тәтті! Әже сіздің дәмді шайыңыз жайлы өлең орындап берейінші.

(шөбересі қобыз ойнайды)

Атасы бата береді.

1-жүргізуші: Қоғамда қандай да бір ұланасыр өзгерістер болып жатса да ата-ана, келін, ене, ұрпақ тәрбиесі өз жалғасын тауып еш өзгермек емес. Келін қай ғасырда да келін.

2-жүргізуші:

Келіні жақсы үйдін керегесі алтыннан ба.

Бірлік болса бақыт сірә сарқылған ба,

Сол тіршілікті жасайтын жас келіндер.

Солардың өзі сірә алтыннан ба.

(жеңешем әні орындалады).

1-жүргізуші: Сөз кезегін директордық орынбасары Ғалия Мадағалиқызына береміз.