Көк тудың желбірегені дошкольникам

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Мерекеге орай безендірілген зал. Сахнада проектор, «Бір шаңырақ астында» суреттер көрмесі.



(балалар залға тәрбиешілермен бірге кіріп ҚР Мемлекеттік әнұранхы шырқалады).

ҚР Мемлекеттік Әнұран



Би қойылымы: «21- ғасыр»



[pic] [pic]



1-ші жүргізуші: Мақтанам кең байтақты елім үшін

Құнарлы, мол шырынды жерім үшін.

Әрқашан биік шыңнан көрінгін деп

Тілегім, О туған жер, пейілім шын!

2-ші жүргізуші: Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік – ел бақыты, ертеңі,

О, халайық! Құтты болсын қуаныш!



Ән: «Он алтыншы желтоқсан»



2-ші жүргізуші: Амансыңдар ма балалар! Бүгін бізде үлкен мереке, Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп, өркениетті елдер қатарында. Аспанымыз ашық, еліміз аман болсын! Мереке құтты болсын!

Мерекелік салтанатты шеру: «Атамекен туған жер»



[pic] [pic]

1-ші жүргізуші:- Балалар, айтыңдаршы біз қай елде тұрамыз?

- Біздің Елбасымыздың есімі қалай аталады?

- Біздің Елордамыз қалай аталады?

- Өзіміз тұрып жатырған қаланың аты қалай аталады?

Жарайсыңдар, балалар! Сендер өте жақсы жауап бердіңдер. Ал балалар енді ортаға нағыз ержүрек елінің азаматы, еліміздің мақтанышы болып өсіп келе жатырған бүлдіршіндерімізді шақырайық, олар өздерінің өлең шумақтарын оқып береді.

Тақпақтар: 1,2,3,4,5 (балалар Елбасы ,туған жер туралы өлең оқиды)



Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар, сіздердің бақытты балалық шақтарыңды мына жанып тұрған көздеріңнен көруге болады. Мереке құтты болсын, шашу шашылсын!



Ән: «Тәуелсіз елдің ұланы»

2-ші жүргізуші:Көк тәңірінің қайсар рухты ұлы едік!

Күнім туып қайта тағы түледік!

Көгілдір ту ! Дархан дала қыраны

Зеңгір көкте самғай ұшып жүр әні

Тәуелсіздік киелі!

Халқым мәңгі сүйеді! – балалар мен сендерді ортаға ойын ойнауға шақырамын.



Ойын: «Қазақстан картасын құрастыру»

«Көкпар»



[pic] [pic]

Жүргізуші: Әрқашанда,әрқайсымыздың «кішкене отбасымыздан басталатын кең- байтақ ұлы Отанымыздың» тәуелсіздік күні құтты болсын, көк аспанымызбен астасқан көк туымыз әрдайым биіктен желбірей берсін!

Көпұлтты Қазақстан елі жасай берсін!!!

Мерекелік шеру: «Көк тудың желбірегені»



[pic] [pic]

[pic]



Бекітемін

32 «Қуаныш» МДҰ –ның

меңгерушісі: А.Е. Ескалиева

_________________________





[pic]

«Көк тудың желбірегені»

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне ересек топтар арасындағы мерекелік ертеңгілік









Дайындаған: музыка жетекшісі Аетова Л.Т.









Ақтөбе 2015