№1 Алға мектеп бақша
Тақырыбы:
Аңшылықта хабаршы,мерекеде жаршы болған аспаптар
[pic]
2 сынып
Музыка пән мұғалімі : Ержанова Гүлмира Е.
[link] . Дауысы зор болғандықтан дабылды ертеде жаугершілікте ел шетіне жау келгенін хабарлауға, жауға аттанар жасақты жиюға қолданған. Қазақ ауыз әдебиеті үлгілерінде дабыл батырлардың бес қаруына қоса алып жүретін бұйымы ретінде көрсетіледі.
Дабыл қатты дыбыс-белгі (сигнал) беретін аспап болғандықтан, басқа да тұрмыстық қажеттіліктерге пайдаланылған. Сақпан – ежелден келе жатқан қазақтың сілкімелі музыкалық аспабы. Бұл аспап өзге аспаптардан өзіне ғана тән үнімен ерекшеленеді.
Аспапты жасап шығару шеберге аса үлкен қиындық тудырмайды. Ені 2-3 см, ал ұзындығы 10-15 см болады. Жұқа ағаштар кесіліп, бір жіпке я сымға тізілген.Бұл дыбыс жаңғырығының жақсы болуына ықпал етеді.Сақпан аспабы ертеде тұрмыста кеңінен пайдаланылған. Диқан-бағбандар егістікке қонған құстарды үркіткенде, ал шопан-бақташылар мал қайырған кезде қолданған.
Музыка тыңдау
Нұрғиса Тілендиев «Ата толғауы» күйін тыңдау.
- Қандай күй тыңдадыңдар?
- Қандай аспаптың даусын естідіңдер?
- Күйді шығарған кім?
Композитор,дирижёр,күйші.1925 ж Алматы облысының Іле ауданында туып өскен.
Күйлері: “Ата толғауы”,“Көш керуен”,“Аққу”т.б
Қандай аспаптардың дыбысы естіліп тұр.Өздері ажарата алған аспаптың күйге қандай ырғакқ беріп тұрғанын айтады.
[pic] [pic]
Ән үйрену.«Айгөлек» (Б.Байқадамов,Н.Баймұхаммедов).Автор туралы әңгімелеу
Композитор,дирижёр.1917-1977 жж Торғай облысының Торғай ауылында дүниеге келді. “Су тасушы қыз”,“Кел достар”, “Айгөлек” әндерінің авторы
- Ән неше шумақтан тұрады?
- Әннің жылдамдығы қандай?
- Әнді шығарған кім?
Кестемен жұмыс
Сабақты қортындылау.«Ұйқасын тап» ойыны
1.Менің ағам Абыл 3.Тоныма орап кетіп ем
Жасады маған ................ Бүлінбеген ..................
(Дабыл) (Жетіген)
2.Жылаған соң інімді аяп 4.Қаңтардан кейін ақпан
Жасап бердім ........... Сілкілмелі аспап..........
(Асатаяқ) (Сақпан)
Сөз жұмбақ арқылы
1.Екі жағы терімен қапталған ұрмалы аспап . Дабыл
2. Билерде сүйемелдеуге арнал ған сілкілмелі аспап. Асатаяқ
3.Жіңішке дауысты ішекті ыспалы аспап Скрипка
4.Ұрмалы аспап. Барабан
5.Сілкілмелі аспап Сақпан
6.Тұяқтан жасалған аспап. Тұяқтас
7.Дауысы жіңішке ұрмалы аспап. Ксилафон
8.Арнайы таяқшамен ұрып ойналатын аспап . Қоңырау
Үйге тапсырма беру.Айгөлек әнін жаттау.31-32 бет оқу.
Бағалау.