Музыка сабағы | Пән мұғалімі: Актанберлиева Шолпан Казнабиевна |
08. 10.2015 жыл | 2 «А» сынып №6 сабақ |
Сабақтың тақырыбы: | ЫҚЫЛАС ДҮКЕНҰЛЫ |
Сабақтың мақсаты: | Күйші - қобызшы Ықылас Дүкенұлының өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін толықтыру. «Жез киік» күйін тыңдау |
Нәтижесі | Ықыластың шығармасына талдау жасайды, алған білімдерін қорытындылай алады. |
Сабақтың әдіс – тәсілі: | топтық жұмыс, сыныппен жұмыс, музыка тыңдау, ән айту |
Сілтеме: | Мұғалімге арналған нұсқаулық. Музыка пәнінен оқыту әдістемесі. 2-сыныпқа арналған музыка оқулығы, қосымша әдебиет, |
Сабақтың көрнекілігі: | интербелсенді тақта, маркер, қағаздар, оқулық, суреттер, композитордың портреті |
Пәнаралық байланыс: | Дүниетану |
Кезең | Сабақ бөлімдерінің мақсаты | Муғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Сабақтың әдісі |
Білім – 3 мин | Ұйымдастыру кезеңінде оқушыларға психологиялық ахуал туғызып, оқушыларды топқа бөлу. -2 мин | Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу. Қобыз аспабында күй орындалып турады Балалар әуен қандай аспапта орындалып тұр? Дұрыс, қобыз аспапбы. Қобыз аспабы- қандай аспаб? Жақсы, олай болса осы қима қағаздарды алып екі топқа бөлінеміз. Сүрақтарға жауап береміз – 2 мин
1 топ – шертпе күйі және күй дегеніміз не? 2 топ – токпе күйі және тартыс дегеніміз не? |
Оқушылар екі топқа бөлінеді, тапсырманы орындайды | Сыныппен жұмыс
топтық жұмыс |
Түсіну – 7 мин | Жаңа сабақты түсіндіру | Біз күй дегеніміз не және оның қандай түрлері болатынын қайталадық, ал енді сендерге бір сұрақ – күйді тағыда қандай аспаптармен орындауға болады? (Домбыра, қобыз, сарнай, жетіген) Бүгінгі біздің тақырыбымыз – қобыз аспабында күй шығарған халық композиторымен танысамыз. Ықылас Дүкенұлы. Екі топқа мәтін беріледі. – 7 мин | Мәтінді оқиды | сыныппен жұмыс |
Қолдану – 12 мин | Тақырыпқа тереңірек үңіліп, ақпаратты қолдана білу | Сұрақ- жауап- 3 мин Ықылас Дүкенұлы қандай әулеттен шыққан? (қобызшылар әулетінен) Оның қандай күйлері бар? («Қасқыр», «Ерден», «Аққу», «Кертолғау», «Асанқайғы») Ел арасында кеңінен таралған аңыз әңгімелерге арналған күйлерін атап беріңдерші. («Қамбар-Назым», «Айрауық», «Қазан», «Жез киік»)
Өте жақсы. Бүгін сабақта «Жез киік» күйін тыңдайтын боламыз. Алдыменен киік туралы бейне таспа көрейік. (бейне таспа) – 4 мин Ал енді сендерге осы «Жез киік» күйдің шығу тарихын айтып берейін. – 2 мин | Сұрақтарға жауап беру. | Сыныппен жұмыс |
Сергіту сәті – 2 мин | Видео |
Жинақтау (синтез.) – 10 мин | Алған білімді жинақтау | Не себепті аңшының оғы аң-құстарға дарымайтын болған? Жез киіктің басқа аңдардан айырмашылығы неде? Екі топқа тапсырма - 10 мин 1 топ – Ықылас Дүкенұлы 2 топ - «Жез киік» аңызы | Постер жасап қорғайды. | Топтық жұмыс |
Бағалау- 5-6 мин |
|
| Топ басшысы бағалау парағы арқылы өз тобын бағалайды – 5 мин |
|
Рефлексия -2-3 мин |
| Сабақ соңында алынған рефлексиядан сабақтан алған әсерін смайлик арқылы білідіреді. – 2 мин | Оқушылар смайликтерін клейлейді
| Жеке жұмыс |