«Әуенді тап» ойын сауығы
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың ести білу қабілетін және есте сақтау, ырғақты сезу қабілеттерін дамыту. Әдемі әуендерді тыңдауға, сезінуге баулу. Халық әндерін және сазгерлердің әндерін қаншалықты білетіндерін тексеру,өнерге баулу.
2. Оқушылардың сұлулыққа, әсемдікке деген ынтасын дамыту. Бойында әнге, өнерге деген қызығушылығын тудыру, көркемдік-эстетикалық тәрбие беру.
Көрнекілігі: Компьютер, дыбыс ұлғайтқыш, интербелсенді тақта, синтезатор, фонотека, эмблемалар.
Ән әуенін теріңдер
Бәрің бермен келіңдер
Бұл қызықты ойынды
Тамашалап көріңдер
***
Еш қиыны жоқ мұның
Сазын білсең өлеңнің.
Түсінсеңіз болғаны
Құдіретті өнердің.
***
Бұл ойыннан қашпайық
Әуенін тауып тастайық
Әзір болсақ бәріміз
Ал, ойынды бастайық.
Ойынға 3 оқушы қатысады.
Ойын 4 бөлімнен тұрады.
1-бөлімнің әуендері:
Халық әндері: «Қамажай», «Еркем-ай», «Маусымжан», «Елім-ай», «Үкілім-ай», «Ахау керім», «Қоғалы-ай».
Мектеп әндері: «Менің Отаным», «Мектебім», «Қазақстан», «Мектеп полькасы», «Домбырасыз сән қайда», «Алғашқы қоңырау», «Алға Қазақстан», «Бала тілегі», «Ұстазыма»
Ана туралы әндер: «Анашым», «Ақ мамам», «Айналайын ақ мамам», «Мама», «Апатайым-анашым», «Анаға сәлем», «Ана туралы жыр».
Орысша әндер: «Улыбка», «Голубой вагон», «Облака», «Дождик», «Учат в школе», «День рождения», «Чунга-чанга», «Вместо весело шагать».
1-ші ойыншы осы 4 бөлімнің бірін таңдап, нешінші ұяшық екенін айтады. Мысалы: бір халық әні орындалады, әуенді кім бірінші тапса сол кісі әрі қарай жалғастыра береді. Осылайша 1- бөлімнің әндері бойынша 10 әуенге дейін табады.
2-бөлімнің әуендері: Мазмұны бойынша күйлердің атын табу.
«Аққу» Н.Тілендиев 4. «Кеңес» халық күйі
«Адай» Құрманғазы 5. «Келіншек» халық күйі
«Қосалқа» Дәулеткерей 6. «Ақсақ құлан» халық күйі
Қатысушы күйдің атын, авторын, шығу тарихын айтуы керек.
1-бөлімде кім ұпайды көп жинаса сол бойынша ойынды бастайды. Мұнда да ойынның жүру барысы 1-ші бөлімдегідей болады.
2-бөлімде, 1-2 бөлімнің қорытындысы бойынша кімде ұпай саны аз, сол ойыншы ойыннан шығады.
3-бөлімнің шарты мынадай: Ұпай саны көп ойыншы ойынды бастайды. Мысалы, мен бұл әуенді 7 нотадан табамын дейді. Келесі ойынша 6 немесе 5 нотадан табамын деп азайта береді. Сөйтіп, 1-ойыншы тапсын дегенше азайтады. Көп ұпай жинаған ойыншы соңғы 4-ші қорытынды бөлімге қатысады.
4-қорытынды бөлім: 1 минуттың ішінде ойыншы 7 әннің әуенін табу керек.
Ойналатын әндер: 1. «Күн дидарлы Қазақстан»
2. «Ертегілер әні»
3. «Көк тудың желбірегені»
4. «Атамекен»
5. «Көңілді күн»
6. «Өз елім»
7. «Тамшылар»
Әннің атын, композиторын атауы керек. Соңында ойын жеңімпазы анықталып, ойынға қатысушыларға сыйлықтар табыс етіледі.