Хан келіп таққа отырады, екі уәзірі екі жағында.
Хан: Уа, менің уәзірлерім, мынау не деген тыныштық? Жаңа жыл болса келіп қалды, бұл тойға менің Бекзадам қатысады. Қане, барлық халықты тойға шақырыңдар!
1-Уәзір: Құп болады, хан ием!
Уа, халайық, бәріңді хан ием тойға шақырады.
Жаңа жыл кешіне шақырады, келіңіздер!
2-Уәзір: Бұл тойға ханның Бекзадасы қатысады, ең әдемі, сұлу қыздар мен жігіттерді хан сарайына шақырамын, келіңіздер!
(Осы кезде музыка ойналып, екі-екіден қол ұстасқан қыз бен ұл төрге келіп хан алдына бас иіп, кезек-кезек екі жаққа бөлінеді.)
Жүргізуші: Жаңа жылым, жаңа жауған қардай бол,
Жақсы тілек адамдарға арнай бер.
Қуат алып әр жыл сайын, арманым,
Биіктерден биіктерге самғай бер.
Армысыздар, құрметті қонақтар, ата-аналар сіздерді жаңа жылдарыңызбен құттықтаймыз! Жаңа жыл құтты болсын, денсаулықтарыңыз мықты болсын! Олай болса, Хан мен Бекзаданың шақыруы бойынша, хан сарайындағы жаңа жылдық мерекемізді бимен бастаймыз!
Би: «Шайхана»
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар! Енді тақпақтарға кезек берейік.
Тақпақтар:
Жасыл шырша, қош келіпсің,
Сені аңсап жүрдік біз,
Өзіңменен жаңа жылды.
Қарсы алуға келдік біз.
Дильназ
Бізбен бірге жайдары,
Жарқырайды жайнайды.
Айналамыз шыршаны,
Айналаны баршаны.
Абылай
Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап.
Жаңа жылда келеді,
Бізге қарай жылыстап.
Ясмин
Жаңа жылда балалар,
Тек қуаныш беріңдер.
Ауырмаңдар ешқашан,
Мықты болу өзіңнен.
Бейбарыс
Шыршамыз да келіп қалды ортаға,
Жалтыраған ойыншықтары тізіліп.
Барлық бала шаттанамыз, мәз болп,
Ән саламыз шыршамызға қызығып.
Тұнық
Жаңа жыл келді, сый келді,
Атаға Бота жүр еріп.
Қарашы, әрбір үйлердің
Ішінде тұр шырша еніп.
Хасан
Жүргізуші: Балалар енді хан иемізге арнап ән шырқап берейік.
Хор: «Шырша»
Жүргізуші: Балалар жаңа жылға арнаған тақпақтарымызды жалғастырайық.
Ескі жылмен қоштасып,
Шығарып сап келеміз.
Жаңа жылмен достасып,
Шаттанамыз бәріміз.
Бақыт
Ақ қырауға малынған,
Сақалы да, мұрты да,
Аяз ата сағынған.
Сәлем берді жұртына.
Мәди
Жасыл шырша жайнаған
Жарқыраған нұрменен.
Қандай ғажап айналам,
Құлпырғандай гүлменен.
Айша
Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.
Нұртуған
Жаңа жылда бастаған,
Жаны жайсаң жақсы адам.
Аяз ата сізге мен,
Айтам әнді жүздеген.
Кәусар
Қалып едік сағынып,
Күтіп алдық жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп.
Саян
Өлең де әзір, ән де әзір,
Ойын да әзір, бәрі әзір.
Кел жаңа жыл біздерге,
Кел жаңа жыл, жаңа жыл.
Ибрахим
Жүргізуші: Балалар біздің мерекемізге біреу жетіспейтін сияқты, кімдер жетіспейді деп ойлайсыңдар?
Балалар: «Аяз ата мен Ақшақар»
Жүргізуші: Балалар, біздің даусымызды естіп өздері де келіп қалар.
Қимылдық әуен: «Бұғының үлкен үйі бар»
Жүргізуші: Балалар, сендердің дауыстарыңды Аяз ата естіген болуы керек, тыңдаңдаршы, ненің даусы, қоңыраудың даусы ғой, есік жақта ешкім көрінбей ме?
Балалар: Жоқ көрінбейді.
Хан: Балалар, өнерлерің керемет екен. Осыны Аяз атаға көрсетейік. Уәзірлерім, Аяз-атаны алып келіңдер!
Жүргізуші: Балалар Аяз атаны алып келгенше тақпақтарымызды айта берейік.
Тақпақтар:
Қалып едік сағынып,
Күтіп алдық жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп.
Нұрлан
Безендіріп шыршаны,
Жыл қуантты баршаны.
Той маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.
Аңсар
Ақ қырауға малынған,
Сақалы да, мұрты да,
Аяз ата сағынған.
Сәлем берді жұртына.
Ислам
Келді міне жаңа жыл,
Қарсы алайық бәріміз.
Күліп ойнап би билеп,
Ән салайық бәріміз.
Әкежан
Міне сұлу шыршамыз,
Көптен күтіп сағынған.
Кел балалар келіңдер,
Жаңа жылды көріңдер.
Амина
Тақпақтарды жаттадық,
Би де үйрендік, көрсін деп.
Аяз ата шаттанып,
Бізге риза болсын деп.
Нұрбақыт
(Қоңыраудың дауысы естіліп, залға Аяз-ата мен ақшақар келеді).
Аяз-ата: Балаларым,балғыным,
Өмір гүлім шалғыным.
Тілегенім жыл бойы,
Сендердің денсаулығың.
Армысыздар, ата-аналар, балалар, қонақтар! Жаңа жыл құтты болсын! Дауыстарыңды естіп, сендерді сағынып, алыс-алыс орманнан, биік-биік таулардан, ақ қар басқан шыңдардан сендерді көрейін деп келіп тұрмын, Сендерге алып келген сыйлығым да бар.
Жүргізуші: Аяз-ата біздің жаңа жылдық мерекемізге қош келдіңіз! Біздің балалар сізге арнап тақпақтарын, ән, билерін шырқайды.
Тақпақтар:
Жылдың әнін бастайын,
Аяз ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды
Дамир
Жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Менде бүгін ән салдым.
Араластым бигеде.
Муслим
Ақ қар жапты даланы,
Ақ жамылды айнала.
Жарқыратып шамдарын,
Шырша келді ортаға.
Хасан
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
Исмаил
Тілеймін мен бар әлемге,
Дос көп болсын жан ашыр.
Ата-әже, ата-әже,
Құтты болсын жана жыл.
Әбдірахман
Жүргізуші: Балалар енді Аяз-атаға арнап ән шырқап берейік.
Хор: «Аяз ата»
Аяз-ата: Балалар, сендер мені шынымен қуантып тастадыңдар.
Жүргізуші: Аяз-ата, біздің балаларымыз сізге және отырған қонақтарға арнап би билемекші.
Би: «Санта клаус»
Аяз-ата: — Не деген өнерлісіңдер. Балалар мен бір дыбыс естіп тұрмын, қайдан шығып жатыр?
(Аяз-ата шыршаны аралап жүріп шырша түбінде күрішті тазалап, ыңылдап ән айтып отырған қызды көреді).
Аяз-ата: Сен кімсің? Не деген сүйкімді қыз едің, сен неге көңілсізсің? Жаңа жыл кешіне неге қатыспадың?
Сүйкімді қыз: Аяяз-ата, мен қайдан барайын? Маған өгей анам көп жұмыс берді. Күрішті тазарту керек, үй жинау керек, от жағамын. Өгей анам қыздарын алып жаңа жыл кешіне кетті.
Аяз-ата: Олай болса, мен саған көмектесемін. Мен сиқырлы таяғыммен жерді үш рет ұрсам, құстарым жетіп келеді. (құстар келеді)
Құстар: Шиқ-шиқ, бізден қандай көмек керек?
Аяз-ата: Сүйкімді қызға көмектесіңдер. Күрішті тазартып, үй жинаңдар.
Құстар: Жарайды-жарайды. Сүйкімді қыз, сен мерекеге бара бер.
Сүйкімді қыз: Ата, мен қалай барамын? Әдемі көйлегім де жооқ қой.
Аяз-ата: Мен мына жіпті домалатып жіберем, тоқтаған жеріне барса, әдемі көйлек береді.
Жүргізуші: Ендеше мына сыйқырлы құстардың билерін тамашалайық.
Би: «Құстар»
Сүйкімді қыз: Аяз-ата, құстар, сіздерге көп рахмет. Мен кеттім.
Құстар: Шиқ-шиқ, сағат 12де тез қайт. Әйтпесе, таң атып кетеді.
(Сүйкімді қыз Жаңа жылдық мерекеге келеді.)
Жүргізуші: Қандай тамаша, әдемі қыз. Жаңа жыл кешіне жақсы келдің, қандай өнерің бар?
Құтты болсын жаңа жыл ару күнім,
Қуантатын елдерді күнің бүгін.
Аяз ата, Ақша қар, бәрі бәрі
Балалармен билейді шаттық биін.
Наргиз
Жаңа жылды қарсы алып,
Барлық бала ән салып.
Ақша қар жүр би билеп,
Қол соғады барша жұр.
Ұлан
Жаңа жылың құтты болсын,
Асыл әже жан атам.
Жаңа жылың құтты болсын,
Мейірімді Ата-анам!
Хамза
Жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Менде бүгін ән салдым
Араластым биге де.
Мейржан
Жайнатып жасыл шыршаны,
Сыйлыққа толтырып ортаны.
Ойнаймыз, күлеміз,билейміз,
Қуантып Аяз атаны.
Әділ
(Бекзада сүйкімді қызды биге шақырады)
"Вальс" биленеді.
Құстар: Шиқ-шиқ, сүйкімді қыз, таң атып қалды, тез қайт!
(Қыз асығып жүгіріп бара жатқанда аяқ киімін шешіліп қалады. Қыз жүгіріп кетіп қалады, Бекзада шығып, Аяз-атаға кездеседі)
Аяз-ата: Бекзадам, неге көңілсізсің?
Бекзада: Аяз-ата, жаңа билеген қыздардың ішінен әдемі, сүйкімді қыз көрдім. Би аяқталған кезде тез кетіп қалды, мен таба алмай қалдым, туфлиі түсіп қалды. Атын да білмеймін.
(Отырған қыздардың аяғына Аяз-ата екеуі кигізеді, іздейді)
(Сыйқырлы құстар сүйкімді қызды алап келеді)
Аяз-ата: Ал, балалар, менің де кететін уақытым болды. Мен сендерге арнаған сыйлығымды сиқырлы қапшықтан беріп жіберемін.
Жүргізуші: Ал, балалар, одан әрі жалғастырайық.
Ойын: «Шаңғы»
Би: «Көңілді»
Тақпақтар:
Той мереке салтанат,
Думандатты шартарап.
Келді міне жаңа жыл,
Сыйлықтарын арқалап.
Әлмұхаммед
Базарлықты баршаға,
Әкеліпті мол тағы.
Қарасын деп тамсана,
Безендірдік шыршаны.
Диас
Жаңа жыл Аяз атаны,
Бақшаға әкеп кіргізді.
Беріп бақ пен батаны,
Аялап өзі тұр бізді.
Айдана
Ақ қырауға малынған,
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем берді жұртына.
Бексұлтан
Тамаша сый алып,
Келді Аяз атамыз.
Шаттанып қуаныш,
Шырқап ән саламыз.
Қалмұқан
Хор: «Зырлайды шанамыз»
Жүргізуші: Балалар, бізге жаңа жыл басы келе жатыр. Қане, бәріміз қол шапалақтап ортаға шақырайықшы.
(музыка ойналып,жылқы жылы залға кіреді)
Жүргізуші: Ал балалар,қонақтар!Осымен біздің жаңа жыл кешіміз аяқталды.
Сау болыңыздар!