№11 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі
Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы:
Халық композиторы Дәулеткерей Шығайұлы
Мұғалім:Жексенкулова Куляш
Атырау 2015-2016 оқу жылы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ұлы күйші Дәулеткерей өмірі, күй өнері олардың шығу тарихы туралы жалпы мағұлмат беру.
Дамытушылық: Еліміздің келешегі, оның мәдениеті қандай болады? –деген мәселені қарастыра отырып, оқушылардың музыкалық мәдениетін дамыту,рухани байыту, өнер арқылы шығармашылық ойларын дамыту, музыканы саналы түрде қабылдауға тәрбиелеу.
Тәрбиелілік: - Ұлт жандылыққа, елін сүйе білуге, ұлттық музыкаға соның ішінде ұлттық күй өнеріне деген қызығуын арттыру,домбыраны сүюге,қазақ өнерін қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: композитор суреті, слайд, үнтаспа,буклеттер, аспаптар.
Сабақтың түрі: жаңа аспапты меңгеру.
Ұйымдастыру кезеңі:Сыныпты Құрманғазы ауылы, Дәулеткерей ауылы, Дина ауылы, Тәттімбет ауылы- деп 4 топқа бөлу.
I.Жаңа сабақ:Біздер бүгін жаңа күйшімен танысамыз,ол 1820 жылы Орал облысының Орда ауданында ауқатты отбасында дүниеге келген.Әкесі Шығай,Жәңгір хан оны ел билеуге, төрелік етуге тәрбиелеген.Ол орысша үйреніп, жаза да, оқи да білген. Домбыраны Мүсірәлі деген күйшіден үйренген. Ол атақты Құрманғазымен кездеседі. Екеуі бірін-бірі сынау үшін күй тартысқа түседі.
Орындалатын күйлер: «Ата толғауы», «Қызыл қайың», «Көроғлы», «Балбырауын», «Адай». Дәулеткерейдің халық тағдырын елдің еркіндікке ұмтылған сезімін бейнелейтін күйлері бар.
II. Дәулеткерей күйлеріне тоқталу:
Желдірме Топан Қосалқа
Қоңыр Көркем ханым Жігер
III. Музыка тыңдау: Дәулеткерейдің «Қосалқа» күйін тыңдап, талдау.
Күйді тыңдағанда көз алдарына қандай сурет келді?
Әуен бір қалыпты орындалды ма?
Басқа күйлерге қарағанда орындалу ерекшелігі қандай?
IV. «– Ойлан, тап» ойыны. Әр топқа 3 күйден тындатылады. Оқушылар атын, авторын, шығу тарихын әңгімелеуі керек.
Топ- «Адай», «Кісен ашқан», «Ерке сылқым»
Топ- «Балбырауын», «Ақбай», «Көңіл толқыны»
Топ- «Ақсақ киік», «Кішкентай», «Әлқисса»
Топ- «Қызыл қайың», «Аман бол шешем», «Ата толғауы»
V. Жаңа ән. «Қошақаным қайда екен?» Ә.Бейсеуов. Әнді үйрену. Ән орташа екпінмен орындалады, секірмелі қиын тұстары жоқ деуге болады, бір қалыпты, көңілді, жеңіл орындалады.
а) Дауыс қою(жаттығулар жасау)
ә) Әнді тыңдау
б) әннің мазмұнымен танысу
в) мәнді талдау
Сұрақтар: - Ән не туралы?
VI. Қорытындылау: Белсенді оқушылардың білімін бағалау.
VII. Тапсырма беру.