Музыкалық сөздік
Ансамбль – француз тілінде бірлесу, ұласу деген мағынаны береді. Музыкада екі немесе одан да көп музыанттардың (әншілер немесе музыка аспаптарында орындаушылардың) музыкалық шығарманы қосылып орындауын және сол музыканың бірдей ұласып, әдемі, мәнерлі болып шығуын ансамбль деп атайды.
Музыканы немесе әнді екі әнші қосылып орындаса дуэт дейді. Үш кісі айтса – трио, төрт кісі орындаса – квартет, бес кісі айтса – квинтет, алты кісі орындаса – секстет, жеті кісі қосылса – септет, сегіз кісі қосылса – октет дейді. Операда, ораторияда, кантатада бас кейіпкерлер қосылып дуэт, трио, квартет, квинтетпен айтатын жағдайлар өте жиі ұшырайды. Ансамбльге хор мен оркестр де кіреді.
Ария – итальян тілінде ән деген сөз. Ария – опералық музыкада әрбір кейіпкердің ішкі жан дүниесіне байланысты айтылытын әуен. Орыстың классикалық опера музыкасында шығараның идеясын ашып, бас кейіпкерлердің бейнесін беретін тамаша ариялар бар. Мәселен, М. Глинканың «Иван Сусанин» операсынан Сусаниннің ариясы, П. И. Чайковскийдің «Евгений Онегин» операсынан Ленскийдің ариялары; ал қазақ операларына келетін болсақ, А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» операсынан Абайдың арияларын айтуға болады. Ария тек қана операда емес, оратория мен кантатада да кездеседі. Ал кейде, ария жеке адамның айтуы, аспапта орындау үшін де жазылады.
Аспаптық музыка – жеке аспаптар – фортепиано, скрипка, виолончель, кларнет, домбыра, қобыз, гармонь, мандолинаға арналып жазылған концерт, вариация, фантазия, этюд, полонез, күй немесе вальс, полька, мазурка сияқты би музыкасы.
Балет - көркемөнер жанрларының бір түрі. Балеттің идеялық және эмоциялық мазмұны бидің түрлі пластикалық қимылдары мен оркестрге арналған музыка арқылы ашылады.
Би - өнердің бір түрі. Би әр халықта бар. Биді сүйемелдейтін музыка болады. Оны би музыкасы дейді. Би музыкасының әуені мен ырғағы биге лайық болады. Би концерттерде, мерекелерде, жиын- тойларда, сауық кештерінде биленеді.
Вариация - латын тілінің «variatio» (құбылту, өзгерту, түрлендіру) сөзінен шыққан. Вариацияда алынған негізгі әуен сақталады да, оның өлшемі, ырғағы, екпіні немесе тональдігі өзгеріп, үнемі құбылып отырады. Мысалы: Н. Меңдіғалиевтің фортепианоға арналған «Елім-ай» әнінің тақырыбына жазған вариациясы мен Ғ. Жұбанованың скрипкамен ойнауға арналған «Қор болды жаным» вариацияларын атап айтуға болады.
Вальс - Бидің аты. Батыс Еуропа музыкадағы романтизм ағымымен байланысты XIX ғасырда туған жанр. Жұптасып қалықтап немесе үдемелі айналуында өтетін би.
Вокальдық музыка – музыка аспабының сүйемелдеуімен немесе сүйемелдеуінсіз жеке әншіге, хорға арналып жазылған музыкалық шығарма. Вокальдық музыкаға халық әндері, жырлары, әлем классиктері мен қазақ композиторларының ән-хорлары жатады. Вокальдық музыка, негізінде, халық арасынан шыққан. Бұған Біржан сал, Мұхит , Абай, Ақан сері, Жаяу Мұсаның әндері мысал бола алады.
Гимн - әнұран, салтанатты ән. Жеке немесе көп дауысты хормен айтылады. Әр елдің өз гимні бар. Гимн елдің музыкалық символы, эмблемасы ретінде қолданылады. Онда елін, жерін, халқын мақтан етеді.
Кантата - әдетте көп бөлімді болып келетін, жалғыз орындаушы мен/немесе хор және оркестр сүйемелімен орындалатын шығарма, вокалды музыка негізгі жанрларының бірі. Ораторияға қарағанда көлемі ықшамдау болады.
Камералық музыка – кішкене вокальдық немесе бірнеше музыкалық аспаптар ансамбльдері мен жеке аспаптарға немесе дауысқа арналып жазылған музыкалық шығармалар. Камералық музыкаға асапатық дуэт, трио, квартет, квинтет, сексетет, септет, октеттер жатады.
Композитор - өз жанынан музыкалық шығарма (опера, балет, ән, күй, т.б.) шығаратын адам.
Капелла – ешбір музыкалық аспаптың сүйемелдеуінсіз айтылытын көп дауысты хор.
Концерт - 1. алдын-ала жасалған программа бойынша музыкалық, әдеби, хореографиялық және сахналық шығармаларды көпшілік алдында орындау. 2. жеке музыкалық аспап пен оркестр үшін жазылған музыкалық шығарма.
Күй - қазақ халқының ертеден келе жатқан аспаптық музыкасы. Халық күйші - композиторлары Қорқыт, Құрманғазы, Дина артында көптеген күйлер қалдырды.
Күйді тындағанда оның нәзік дыбыстарына, әуеніне жете көңіл бөлу керек.
Марш - мереке шерулері мен мемлекеттік қонақтарын салтанатты түрде қарсы алған кезде, жорықтарда, солдаттар сап түзегенде ойналады. Елдік, ерлік рухтағы ерекше күш- жігермен орындалатын шығарма.
Нота - музыка дыбыстарын қағаз бетіне жазатын белгіні атайды. Ән нота арқылы жазылады. Әннің сөзін буынға бөліп, ноталардың астына жазады.
Опера - сөз, сахналық көрініс пен музыка синтезіне негізделетін музыкалық-драмалық шығарма, музыкалық-театралды өнердің түрі. 16-17 ғасырлар шеңінде Италияда пайда болған. Түрлері: опера-балет, опера –буффа, опера-водевиль, опера-комик, опера-семисериа, опера-сериа.
Оратория - драмалық мазмұны бар және концерттік оррындалуға арналған, жеке әнші, хор, симфониялық оркестр орындаған бірнеше бөлімді, ауқымды музыкалық шығарма. Итальян тілінде «айтамын» деген мағынаны білдіреді.
Речитатив – операда, ораторияда және кантатада болайын деп жатқан не болатын оқиғаны сөзбен баяндауды, тақпақтатып айту. Операда речитатив тек тақпақтап айтыла бермейді, кейде ол ойналып жатқан музыкамен жарыса, астарласып, сәл әндетіліп те айтылады. Бірақ речитативтің ән сияқты ойда сақталатын, нақты әуені болмайды
Симфониялық музыка – симфониялық оркестрмен орындау үшін жазылған музыкалық шығарма. Симфониялық оркестрге он бестен астам түрлі музыкалық аспаптар қатысады. Бұл аспаптардың әрқайсысының дыбыс бояуы әр түрлі. Сондықтан суретші суретке әр түрлі бояуды пайдаланған сияқты композитор да симфониялық шығармада бұл аспатардың дауыстарын, оның дыбыс бояуын кеңінен пайдаланады.
Симфониялық музыкаға симфония, симфониялық поэма, сюита, фантазия, увертюра жатады. Симфониялық оркестр үшін жазылған музыкада түсіндіріп тұратын сөздер болмаса да, белгілі бір сюжетке – тарихи уақиғаға арналыр жазылады. Сондықтан мұндай шығармаларды программалық музыка дейді. М.Глинканың «Камаринская», Н.Римский-Корсаковтың «Шахерезада» симфониялары осындай шығармалар.
Романс - аспаппен (көбінесе фортепиано) сүйемелденетін дауысқа арналған камералық шығарма. Романс текстері әртүрлі - лирика, сатира, т.б. Әнге қарағанда музыкалық құрылымы өте күрделі. Романстың жанрлық түрлері: баллада, элегия, баркарола.
Симфониялық поэма – оркестр үшін музыкалық поэтикалық шығарма. Симфониялық поэма көбінесе үш бөлімнен, кейде бір бөлімнен тұрады. Бұған П.Чайковскийдің «Ромео мен Джульетта» сифониялық поэмасы мысал бола алады.
Увертюра – бастау деген ұғымды білдіреді. Увертюра – симфониялық оркестрмен орындауға арналған музыкалық шығарма. Көлемді музыкалы драмалық шығармалар – опера, оратория немесе драмалық пьеса басталардың алдында алдында орындалады.
Операның кіріспесі ретінде орындалатын увертюра сол музыкалық шығарманың қысқыша мазмұнын баяндайды, операдаға болатын оқиғаны қысқыша түсіндіріп береді.
Он жетінші – он сегізінші ғасырларда алғашқы увертюраны жазған батыс композиторлары Монтеверди, Люлли, Глюк болды. Бұл жанрды кейін Моцарт, Бетховен, Глинка, Чайковский, Римский-Корсаков классикалық увертюраға дейін жеткізіп, дамыта түсті.
Хор – 20-25 немесе одан да көп адамның қосылып ән айтуын немесе хормен орындалу үшін жазылған музыкалық шығарманы хор дейді. Хор бірыңғай балалардан, әйелдерден, кейде бәрі араласып та құрылады. әнді хордағы барлық әншілер қосылып бірыңғай дауыспен айтса, оны бір дауысты хор дейді.
Балалар хоры екі дауысты болып бөлінсе, оның бірінші дауыс тобын сопрано, екіншісін альт дейді. Үлкендер хоры екі дауысқа бөлінгенде, бірінші дауыс тобын сопрно, екінші дауыс тобын альт дейді. Үш дауысқа бөлінгенде, бірінші дауыс тобын сопрано, екіншісін альт, үшіншісін тенор дейді. Төрт дауысқа бөлінгенде, бірінші дауыс тобын – сопрано, екіншісін альт, үшіншісін тенор, төртіншісін бас дейді. Хор операда, ораторияда, кантатада үлкен орын алады.
Шежіре - қазақ халқының өткені туралы тарихи жазба, эпос, аңыз-әпсана және музыкалық шығармаларда сақталған мәліметгер.