Музыка пәнінен сабақ жоспар, Тақырыбы: Күй шебері- Тәттімбет

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сыныбы: 2 Пәні: Музыка Күні: ___________ 4

Сабақтың тақырыбы: Күй шебері -Тәттімбет

Сабақтың мақсаты: Күйші композиторлардың шығармашылығына тоқталу , таныстыру,

таныту.

Білімділік мәні : Оқушылардың жан – жақты білімдерін арттыру.

Дамытушылығы: Жас өспірімдердің музыкаға деген ықыласын дамыту,есте сақтау, ырғақты айыру,тыңдай білу, айыра білу, есту қабылеттерін қалыптастыру, дамыту.

Тәрбиелік мәні : Күйші композиторларының музыкалық шығармалары арқылы халық

музыканың тәрбиелік мәнін тыңдату , сезіну , арқылы бойына сіңіру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ түсіндіру , әңгімелеу, музыка тыңдау, шығармашылыққа баулу .

Пәнаралық байланысы: Музыка әдебиеті , тарих.

Сабақ жоспары:

Ұйымдастыру кезеңі

Өткен сабақты сұрау

Жаңа сабақты түсіндіру

Музыка тыңдау

Қорытындылау

Бағалау

Үйге тапсырма

Сабақтың барысы:

-Балалар саламатсыңдарма!

Үй жұмысын тексеру.

Жаңа сабақ

Тәттімбет күйлерінде негізінен өмір тартысы, тағдыр тауқыметі, сұлулыққа құштарлық, алыс арман, сарғайған үміт, өкініш сарыны баяндалады. Ал “Былқылдақ” күйі жер атына байланысты Тәттімбет шығармаларының ең биік шыңы – “Көкей кесті” күйі. Бұл күйді сазгер өмірінің соңғы жылдарында шығарған. Мұнда халық шежіресінің ұлылығы мен ұлағатты ақыл-ойдың парасаты толғанады. Домбыраорындаушылық шеберлігінде кездесе бермейтін екі қолға бірдей вибрациялық діріл толқынын түсіру арқылы және саусақтардың қарымен жоғары қарай орап қағу “Көкей кестінің” өте күрделі туынды екендігін көрсетеді. Күйдегі орындаушылықтың жаңа пошымы, яғни шерту тәсілдерінің сан қырлы өрнегі – Тәттімбеттің күйшілік мектебін даралай түседі.

Музыкалық шығарманы тыңдау: «Саржайлау»күйі

Музыка тыңдау ережелері:

* Музыканы ден қойып тыңда

* Музыканың тақырыбы не туралы,көз алдыңа елестете біл.

Музыкалық сауат ашу:

Күй- музыкалық аспапта орындалатын шығарма.

Күйші- күйді орындайтын адам.

Күйші- композитор күйді шығарушы.

Сергіту сәті

Эмельянов жаттығулары

Ән шашу \Әннің сөзін жазу, ән айту\.

Қорытындылау :

* Домбыра аспабына жазылған қандай күйлерді білесің ?

Үйге тапсырма:

Бағалау: