6-сыныпқа арналған
тест сұрақтары
Куляш Жексенгулова
№11 Ы.Алтынсарин атындағы
орта мектептің музыка пәні мұғалімі.
Атырау қаласы.
«Менің Қазақстаным» Гимнінің композиторы кім?
а) Н.Тілендиев;
б) Ш.Қалдаяқов;
в) Ә.Бейсеуов.
2.«Жеңіс» күйінің композиторы?
а) Құрманғазы;
б) Дина;
в) Тәттімбет.
3. «Жыр алыбы» кім деп ойлайсың?
а) Жамбыл;
б) Сүйінбай;
в) Махамбет.
4.«Қайран Нарын» күйін шығарған композитор?
а) Исатай;
б) Махамбет;
в) Құрманғазы.
5. «Құрманғазы» поэмасын жазған ақын?
а) Қ.Мырзалиев;
б) Б. Тәжібаев;
в) Х.Ерғалиев.
6. Қазанғаптың атына арнап шығарған күйі?
а)Құс қайтару;
б) Қыз Ақжелең;
в) Торы аттың кекіл қақпайы.
7. Тәттімбеттің табиғатқа арнаған күйі?
а) Қосбасар;
б) Сылқылдақ;
в) Саржайлау.
8.Тушь пен немесе карандашпен салынатын сурет түрі?
а)Графика;
б) Литография;
в) Гравюра.
9.«Еңлік-Кебек» , «Жиырма сегіз» операсын жазған композитор?
а)Л.Хамиди;
б) Е.Брусиловский;
в) Ғ.Жұбанова.
10. Қазақ халқының алғашқы билерін жасап, сахнаға шығарған биші?
а) Ш.Жиенқұлова ;
б) Г.Исмайлова;
в) Б.Төлегенова.
11.Бейнелеу өнеріндегі табиғатты бейнелейтін жанр?
а) Натюрморт;
б) Пейзаж;
в) Портрет.
12.Қазақ халқының ұлттық биі?
а) Вальc;
б) Хоровод;
в)Қамажай.
13. «Қазақстан камератасы» ансамблі қай жылы құрылды?
а) 1991;
б) 1994;
в) 1997.
14.Батыс Европада скрипка өнерінің тарихы қай ғасырдан басталады?
а) XV;
б) XVI;
в) XVII.
15.Қазақтың ұлт аспаптар оркестрінің алғаш ұйымдастырушысы?
а) А.Жұбанов;
б) Е.Брусиловский;
в) Ш.Қажығалиев.
16.Квартет ансамблінде неше аспап бар?
а) 3;
б) 4;
в) 5.
17. Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің алғашқы жетекшісі және бас дирижері кім?
а) А.Жұбанов;
б) М.Төлебаев;
в) Н.Тілендиев.
18.Қазақстанда консерватория қай жылы ашылды?
а) 1938;
б) 1940;
в) 1944.
19.Халық композиторларының әншілік мұрасын жалғастырушы кім?
а) М.Мұхамедова;
б) Қ.Байбосынов;
в) Н.Үсенбаева.
20.Қазақстанда эстраданың қалыптасуына ықпал еткен әнші?
а) Р.Бағланова;
б) Қ.Байбосынов;
в) М.Мұхамедова.
21. «Халық қаһарманы» атағына ие болған әнші?
а) Б.Төлегенова;
б) Р.Бағланова;
в) А.Дінішев.
22. «Ақ бантик» әнін кім жазды?
а) Н.Тілендиев;
б) М.Төлебаев;
в) Ш.Қалдаяқов.
23. «Жас қазақ» әніне сөз жазған ақын кім?
а) Ғ.Мұстафин;
б) Х.Ерғалиев;
в) Б.Тәжібаев.
24. « Саржайлау» әнінің композиторы?
а) А.Жұбанов;
б) Н.Тілендиев;
в) Ш.Қалдаяқов.
25. «Аққу» күйін жазған композитор кім?
а) М.Әубәкіров;
б) Н.Тілендиев;
в) Қ.Ахмедияров.
26. «Ақ көгершін» әнінің композиторы?
а) Л.Хамиди;
б) А.Жұбанов;
в) Б.Байқадамов.
27. «Армандастар» әнін жазған композитор?
а) Е.Хасанғалиев;
б) Ә.Бейсеуов;
в) Н.Тілендиев.
28. Е.Хасанғалиевтың «Атамекен» әні қай жылы жазылды?
а) 1970;
б) 1968;
в) 1974.
29. «Сағындым Алматымды» әнін жазған композитор?
а) Е.Хасанғалиев;
б) А.Қоразбаев;
в) Ә.Бейсеуов.
30.Қазақтың батыр қызына арналған С.Бәйтерековтың әні?
а) Жан досым;
б) Ақ тілек;
в) Әлия.
31.Р.Рымбаева «Әлия» әнімен бас жүлдені қай жылы алды?
а) 1975;
б) 1977;
в) 1980.
32. «Түркістан» , «Күнге табыну» әндерінің композиторы?
а) С.Байтереков;
б) М.Омаров;
в) Е.Хасанғалиев.