3 сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Халық композиторы- Дәулеткерей
Сабақтың мақсаты: Дәулеткерей шығармашылығымен таныстыру.
1.Білімділік: Дәулеткерейдің «Қосалқа» күйімен танысу.
2Ән үйрену: «Қошақаным қайда екен?» Әні: Ә. Бейсеуов,сөзі: С.Асанов
3.Тәрбиелік: Сұлулық пен әдептілікті қастерлеуге баулу.
Сабақтың көрнекілігі:аспап,тыңдату құралы,оқулық,суреттер
Сабақ түрі: Сахналау сабағы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
- Оқушылармен амандасу
- Оқушыларды түгендеу
-Үй тапсырмасын сұрау
Жаңа сабақты меңгерту.
Жүргізуші:-Дәулеткерей ел билеп тұрғанында арнайы сәлем беруге атақты Құрманғазы іздеп келеді. Дәулеткерей Құрманғазыны үлкен қошеметпен қарсы алады.
Дәулеткерей:-Бұған дейін атағыңды көп естігеніммен, өзіңді көрмеген едім. Құрманғазы, төрге шық, қонағым бол!
Жүргізуші:-Аман- саулық сұрасып, шай ішіп болады.
Құрманғазы:-Сіздің домбыраңыздың үнін сағынып, арнайы іздеп келдім. Кезекті домбыраға бермейміз бе?
Жүргізуші:- Дәулеткерей қолына домбырасын алып бір күй тартады.
Құрманғазы:- мына күйіңіз бұлбұлша сайрап тұр ғой. Бұл не деген күй?
Дәулеткерей:-Әй, Құрманғазы, неткен сезімтал едің.Айтпай-ақ таптың ау.Бұл күйімнің аты-«Бұлбұл»!
Жүргізуші: -Ендігі кезек Құрманғазыға келеді.Қолына домбырасын алып, бірнеше күй тартады.
Дәулеткерей: -Оу, Құрманғазы, күйлерің неткен жігерлі еді.Көз алдыма аттың дүбірін, қазақтың кең даласын елестеткендей болды.
Жүргізуші: Олар сыртқа шығады. Сол кезде құдық басынан су алып келе жатқан келіні Саржан көрінеді.
Құрманғазы: -Келініңіздің жүрісіне, сылдыр қаққан сырғасы мен алқасына арнап бір күй шығарыңызшы.
Жүргізуші:- Сол кезде Дәулеткерей отыра қалып, келіне арнап бір күй тартады. Бұл күй «Қосалқа» аталады.
Күй тыңдау !
Иін ағашпен су әкеле жатқан келінінің сылдырлаған алқасының дыбысын күйге қосқан Дәулеткерейдің бұл күйінде қазақ қыздарының сыпайы,сабырлы мінезін бейнелеген.
Ән орындау!
«Қошақаным қайда екен?»Өлеңі:С.Асанов,әні:Ә.Бейсеуов.
Бұл ән -танымал әндердің бірі.Ән балалардың жазғы демалыс кезінде сауық-сайран құрған сәттерін есктеріне түсіреді.
Біліп ал!
Дәулеткерей Шығайүлы -1820-1887 жылдар аралығында өмір сүрген қазақтың ұлы күйші-композиторы.Дәулеткерей Орал облысы Орда ауданында дүниеге келген.Дәулеткерей атақты хан тұқымынан шыққан төре. Дәулеткерей күйші – композиторлығымен қатар,ел билігіне де араласқан. Дәулеткерей күйлері – терең мазмұнды күйлер.Оның «Көркем ханым», «Қыз Ақжелең», «Құдаша», «Қосалқа», «Жігер», «Салық өлген», «Топан» атты күйлері бар.
Оқушыларды сабақтың қызықты өтуі үшін сахналық қойылымға қатыстырамын./Дайындап әкелген мәтіндерді үлестіремін/ Күйшінің «Қосалқа» күйінің шығу тарихы туралы сахналап береді.
Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
-Дәулеткерей қандай адам?
-Қандай күйлері бар?
- «Қосалқа» күйі кімге арналған?
Қорытындылау:
Міне,оқушылар біз бүгін атақты күйші-композитор Дәулеткерей туралы мағлұмат алып, оның әсем күйін тыңдап,таныстық.
«Қосалқа» күйі – қазақ қыздарының сыпайы,сабырлы мінезін бейнелеген.
Сыңғырлаған алқаның дыбысын күйге қосқан Дәулеткерейдің күй тарту шеберлігін анық байқаймыз.
Бағалау: Сабаққа араласып отырған,үй тапсырмасына дайындалған оқушыларды бағалаймын.
Үйге тапсырма:
«Халық композиторы-Дәулеткерей» тақырыбын оқып келу,Дәулеткерейдің «Қосалқа» күйіне би қимылдарын ойлап табу.