КГУ №26 мектеп «КҮН» шағын орталығы.
«Ақсақ құлан»
Музыка сабағынан даярлық тобына арналған
ашық сабақ технологиялық картасы
Орындаған: Бидахметова Э. Б.
Өскемен қаласы 2015 жыл
Білім беру саласы: «Шығармашылық» Бөлімі: «Музыка»
Тақырыбы: «Ақсақ құлан»
Мақсаты: Ұлттық музыкаға, өнерге деген сүйіспеншілік, қызығушылық қалыптастыру. Домбыраның құрылысымен таныстыру. Күй тыңдау барысында алған әсерлерін жеткізе білуге, басқа күйлермен салыстыра, ажырата білуге үйрету. Жануарларға деген қамқорлық сезімдерін қалыптастыру.
Құрал-жабдықтар: Аңдар, киік суреті, дидактикалық ойын карточкалары. домбыра аспабы
Музыкалық шығарма: «Ақсақ құлан» Халық күйі, «Тәуелсіз ел ұланы», «Аяз ата»
Музыкалық терминдер: Күй, ән.
Биллингвалды компонент: Ақсақ құлан-храмой
Мотвациялық-қозғаушы
Көтеріңкі көңіл-күймен, балалар музыка залына кіреді. Шаттық шеңберін құрып, бір-біріне жылы лебіздерін жеткізу.
Арайлап таң атты,
Алтын сауле таратты.
Жарқырайды қаламыз,
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы таң балалар,
Қайырлы таң апайлар.
Музыкалық ырғақты қимылдар: «Достарым кел билейік»
Ән мазмұнына сай қимылдар жасату.
Балалар көңілді музыка әуенімен залға келеді.
Балалар сәлемдеседі
Балалар ән мазмұнына сай қимылдар жасайды.
Іздену-ұйымдастырушылық
Біздің қазақ халқы кең далада жүріп, қазақтың киелі аспабы – домбырамен ұшқан құстың, табиғаттың, адамның бойындағы түрлі құбылыстарды ұғындыра білген. Күй – қазақтың ертеден келе жатқан аспаптық музыкасы.
Музыка тыңдау: «Ақсақ құлан»
Күй қандай аң туралы болып отыр.
Күйді ести отырып, көз алдарыңа нені елестеттіңдер?
Жануарларды неліктен қамқорлыққа алу керек?
Күйді байқап тыңдасаңдар, ақсаңдап шапқан аңның жүрісін естуге болады. Қоршаған ортаны, табиғатты, табиғаттағы жан-жануарларды аялай, сақтай білуіміз қажет.
Дидактикалық ойын: «Аспапты тап»
Балаларға музыкалық аспаптардың пазлдары беріледі. Балалар осы пазлдарды құрастырып домбыра аспабын табуы керек.
Тыныс алу жаттығулары: «Гүлді иіске»
Мұрымен терең тыныстау және ауызбен баяу демді шығару.
«Шаңды үрлейміз»
Мұрынмен қысқа тыныстау және ауызбен дереу дем шығару.
Балалар домбыра туралы күй туралы мәліметтер алады.
Балалар музыканы тыңдап болған соң, өз әсерлерін жеткізіуге тырысады.
Балалар пазлдарды құрастырып домбыра аспабын табады.
Балалар тыныс алу жаттығуларын жасайды.
Дауысты дайындауға арналған жаттығулар:
Дауысты «а», «о», «у» дыбыстарын үш дыбыстылықпен әндетеміз.
«Ау» сөзін крещендо мен диминуэндо-да орындау.
Ән айту: «Тәуелсіз ел ұланы»
Ән айтар алдында дауысты қалыпқа келтіріп, ән айту ережелерін естен шығармайық.
Жаңа ән: «Аяз ата»
Әнді орындап беру. Ән мазмұнын түсіндіру. Мнемотехникасы арқылы сөздерін жаттау.
Қимылды ойын: «Өз үйіңді тап»
Балаларға музыкалық аспаптар уреттері таратылады. Ұрмалы аспаптар, ішекті аспаптар және үрмелі аспаптар. Музыка ойағанда балалар ойнап жүреді, музыка тоқтағанда балалар аспаптар тобына карай бөлініп шеңбер жасап тұруы керек.
Дауысты дайындауға арналған жаттығуларды айтады.
Балалар жатталған әнді айтады.
Балалар әнді тыңдайды. Ән туралы өз ойларын айтады. Әнге талдау жасайды.
Балалар ойынды қызыға ойнайды.
Рефлексифті түзеуші
Бүгінгі іс-әрекетімізде қандай аң туралы күй тыңдадық?
Күй дегеніміз не?
Әнде не туралы айтылған?
Қандай ойын ойнадық?
Бүгінгі іс-әрекеттің қай түрі сендерге ұнады?
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Аспаптардың қандай топтарға бөлінуін.
Игереді: Мнемотехника арқылы ән сөздерін жаттауды.
Күй тыңдау барысында алған әсерлерін жеткізе білуді
Меңгереді: Ұлттық музыкаға, өнерге деген сүйіспеншілік