Ашық сабақ «Кеудесі ән, саусағы күй дара біткен, «Әлемді аралап жүр асқақ әуен»

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тақырыбы; «Кеудесі ән, саусағы күй дара біткен,

«Әлемді аралап жүр асқақ әуен»

Әлемдік музыка өнеріндегі құбылыс болып отырған дарынды күйші компазитор, сирек қайталанатын дирижер, асқан шебер домбырашы , заман тудырған заңғар ұл Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығы.


Мақсаты:1. Оқушыларға қазақтыңбір туар ұлы Н.Тілендиев туралы

шығармашылығына көз жүгіртіп,сазгердің күйлерінің,әндерінің

өзіндік ерекшелігін ашып,бала санасына ұғындыру.

2. Нұрғисадай ұлы дана,дара,талантты тұлғаның өнерінің ерекше

екендігін және сол өнердіболашақ ұрпақтың әрі қарай

жалғастырып,дамытуға тәрбиелеу.


Жоспар:

1.Ұйымдастыру.

2.Өткен сабақты қайталау.

3.Жаңа сабақ

4.Музыка тыңдау

5. «Оюлар сыр шертеді»Ұлттық ою-өрнек түрімен танысу.

6.Жаңа ән.

7.Қорытынды.


Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Әдебиет пен қолөнердің музыкамен

байланысы

.

Сабақтың әдісі:Түсіндіру,әңгімелеу,ән айту,ою-өрнек салу.

Көрнекілігі: Н.Тілендиев туралы жазылған естелік кітаптар,тақтаға слайдтар енгізу,ән-күйлер жазылған дискілер,ою-өрнектер суреті,буклеттер ,сырнай аспабы т.б.


1.Ұйымдастыру.

2.Өткен сабақты қайталау.

-Балалар біз өткен сабағымызда Қазақстан компазиторларының вокальдық музыкасымен танысқан болатынбыз, солай ма?

- Қазақстанда кәсібивокалдьдық музыка ән – романс жанрынан бастау алдық дедік,

- Ал енді романс дегеніміз не?

- Кім айтады?

- Романс дегеніміз – Испан ақсүйек қауымының поэтикалық лирикалық әні.

- Жарайсың. Ал, Қазақстандағы ән- романс жанрына алғаш жол салған компазиторлар кімдер еді?

- А.Жұбанов, Е Брусиловский, Л Хамиди, М Төлебаев т.б

- Ал осы кісілердің өнерін жалғастырып, әрі қарай жандандарып өз үлестерін қосып дамытқан кім деген компазиторлары айтып едік.

- Мәкәлім Қойшыбаев, Базарбай Жұманиязов, Н. Тілендиев, Өмірбек Байділдаев, Әбілахат Еспаев, Шәмші Қалдаяқов т.бқазақтың өнерлі тарландары

-Алғаш танысқан компазиторымыз?

-Қандай әндерін уйрендік?

- «Қазақ вальсі» «Отан» «Алтын бидай», т.б.


3.Жаңа сабақ


1.Н.Тілендиевтің балалық шағы.

2.Нұрғиса шығармашылығының негізгі бір қыры-күйші компазитор.

3.Нұрғиса –лирик,сазгер.

4.Нұрғиса- үлкен өнер иесі драматург.


-Бүгінгі сабағымызда тағы бір өнер тарланының шығармашылығымен танысқалы отырмыз. (Слайд тақырыбы шығады)

«Кеудесі ән, саусағы күй дара біткен,

Әлемді аралап жүр асқақ әуен»-деп бүгінгі сабағымыз жан дүниесі ән мен күйге толы қазағымыздың бір туар талантты ұлы,асқан шебер домбырашы Нұрғиса Тілендиев болмақ.


Тыңдасақ Нұрғисаның домбырасын,

Кеудеңе нелер тәтті ой қондырасың,

Келген ол қос ішекпен жалғастырып,

Қолдырған ата-баба мол мұрасын.

Н.тілендиев 1925 ж Алматы облысы ,Іле ауданындағы ,Шилікемер ауылында дүниеге келген.Нұрғиса туған Шилікемердегі үйде бесікте іңгәлап жатқанда естіген әкесі Тіленді тартқан күйлермен оның құлағы ашылса,ес біле бастағанда естіген Дәурен салдың Бисебай Қартаевтың даусына аспандағы құс айналған әдемі әндері қатты әсер етті.Нұрғиса мына жарық дүниеге домбыра ұстап келді деседе болады.Өнерді жанындай көретін әкесі Тіленді Жетісу өңірінде танымал домбырашы болған Шешесі Салиха әйгілі ақын Кенен Әзірбаевтың қарындасы Нұрғиса қазақтың,орыстың,бірлі –жарымды ноғайдың ортақ баласындай болып өсті.Татардың талиясы,орыстың балалайкасы,ауқаттылардың гитарасы,қазақтың домбыра, қобызын айтпағанда сыбызғы-сырнайы,шыңдауыл т.б аспаптар Нұрғисаның қолынан өткен.Ән-күй оған туа таныс ,қанымен қандас,жүрегімен тілдес болды.Домбыра тартуды ең алғаш әкесі үйреткен.5 жасында әкесі қайтыс болып Нұрғиса 2 ағасы Қаймолда,Баймолда ж/е анасының қолында жетім қалады.Анасы да бұны ешкімнен кем өсірмей,аштықтан қорғап,оқуын үлгертіп адам қатарына қосады.Алматыдағы мектепте оқып жүргенде қазақ филормониясында жаңа ұйымдаса бастаған оркестірге А.Жұбанов келіп домбырашылар тобына қосады.Сөйтіп жүргенде соғыс басталады.2 ағасы соғыстан оралмайды.Нұрғиса 18 жасында өзі сұранып соғысқа аттанып,3 жерінен жараланып,аман-есен елге оралады.Сонда да талантты,жас өнерін әрі қарай жалғастырады.Келгеннен кейін ұлттық аспаптарды жинап,оркестр құрды.Нұрғиса өмірге құштар жан.Ол 400 астам ән жазған,11 фильмге музыка жазған.Н.Тілендиев халық әртісі,Республика өңірінде еңбегіьсіңген қайраткер,Еңбек қызыл ту орденімен марапатталған,Кеңес елінің халық әртісі,Елбасымыз Н.Назарбаев 1998 жылы ол кісіге «Халық қаһарманы» атағын берді

Нұрғисаның домбырасынан шыққан сұлу сазды,таңғажайып тамаша күйлерін естігенде адамның сыршыл да,сезімге толы жан дүнйесі тебіренбей қоймайды

Ал қазір Нұрғиса атамыздың сол бір керемет күйлерінің бірін тыңдаймыз.


4. Музыка тыңдау.Н.Тілендиев «Аққу» күйі

-Күй қалай орындалып тұр?

-Қуаныштыма?Мұңды ма?


Сонымен балалар бұл күйдің аты «Аққу деп аталады екен.Бұл күй осы уақытқа дейін нұрғисаның өзінің күйі деп келген.Ал шын мәнінде «Аққу» күйі Нұрғисаның әкесі Тілендінің күйі Шығу тарихы былай болған.Сол баяғыда Тіленді ақсақал Нұрғисаны елден-жұрттан бөліп алып,жыл құстары өтетін күзгі шақта Күрті көліне атқа мінгізіп әкелген.Олар сол көлден аққуларды күтеді.Олар кешке дейін зарығып күтіп,күн батуға айнала бергенде бір топ аққу ұшып келеді

(«Аққу»күйінің музыкасы естіліп тұрады)

.Бұлар ақ қанатты арулардан көздерін айыра алмай қадалды да қалды.Сыбдырлаған бұлақ та,толқындаған су да тыныштала қалғандай.Ата мен баланың көңіліде көк аспанғашарықтап,солармен бірге қанат қағады.Екі-екіден бөлініп,тұмсықтарын түйістіріп,ұшқын атқан жанарларымен ұзақ уақыт қозғалмастан қалқи берді.Бір уақытта аққулар қанаттарын сабалап,асыр салып,қиқулап айдын көлді бастарына көтеріп ойнап кетті.Олардың шулаған дауыстары ғажайып татулықтың іңкәрліктің белгісіндей сыңқылдаған сырлы үнге айналды.

Құстар қанаттарын таранып,жойындарын мың бұралтып,өз сұлулықтарына өздері тамсанғандай болды.Осы сәтте Тіленді күйші қолына домбырасын алып,пернелерді аңдып басып,құстардың әдемі сыңқылдаған сиқырлы үнін іздегендей болды.Бұған құстарда құлақ түріп,сүйсіне тыңдаған.Бірақ бұл көрініс ұзаққа бармады.Аяқ астынан шаңқ еткен мылтықтың даусы бұзды құстар абыр-сабыр болып қалды.Тілекең домбырасын баласына беріп,өзі мылтық атылған жаққа қарай,айқайлап атына мініп шаба жөнелді.Қос салт атты желе жортып,көл жағасынан алыстап,қырға көтеріліп кетеді.Ата мен бала көл бетінде сыңарынан айырылып жалғыз қалған,ащы да ауыр қасіретті үнімен жалғыз аққуды көріп,қолынан келер дәрмен жоқ,адамдардың жауыздығын қатігездігіне мейірімсіздігіне іштей қатты қиналған болатын.Сондықтан да күйді арты мұңлы аяқталған.Одан бері қазіргі уақытқа дейін небір заман өзгеріп,не бір жылдар өтті.Бүгінгі орындалып жүрген «Аққу» күйі сол әке сарынының жылдар өте жетілдірген нұсқасы.

Әкеден қалған сарын баласының қолтаңбасымен өрнектелген.Бұл күй-әкенің аманаты.Сондықтанда «Аққу»күйінің авторларын жеке-жеке атамай Нұрғиса-Тілендінің күйі деп атағанымыз дұрыс болар. «Аққу» күйі бізге таныс «Қыз-Жібек» фильмінде орындалады «Аққу» әкесінің ғана емес,халқының қастерлі мұрасы.Өйткені Тіленді күйші де халықтың күйшісі болған.Сондықтан даосындай аяулы өнер саңылақтарымыздың ардақты бейнесін жүрегімізде қастерлеп сақтауымыз керек.


5. «Оюлар сыр шертеді» Қазақтың «Аққу» ою-өрнегімен танысу.

-Оқушылар,біздің аталарымыз бұл киелі құстың адалдығын,пәктігін әнмен,күймен жеткізіп ғана қоймай,дана қазақ халқы аққу құстың әдемілігін,сұлулығын ұлттық өнердің бір түрі ою-өрнеккеде қосып шыңдай түскен.

-Жалпы ою-өрнек дегенді еңбек,сурет сабақтарынан таныспыз. «Аққу»бейнесі есімізде қалу үшін тыңдаған күйімізден алған әсерімізді осы ою-өрнек арқылы бейнелейміз.


(Ою-өрнек таратылады.)

6. Жаңа ән. Н.Тілендиев «Саржайлау»

-Н.Тілендиев тек күйші емес,оның 400 ден астам әдемі журек тебірентер әндері де бар.Бұл әндердің көбімен таныс болуларыңда мүмкін.Жиын-тойларда,теледидардағы,радиолардан Нұрағамыздың көптеген әндерін естіп жүрміз.Атап айтсақ « Әже туралы ән», «Әке туралы жыр», «Алатау», «Өз елім», «Құстар қайтып барады»,т.б.

-Қазіргі үйренетін әніміз «Саржайлау» әні.Бұл әнде сендерге таныс болуы керек. «Менің атым Қожа» киносында жіберіледі,концерттерде Н.Нүсіпжанов,А.Жорабаева-ң орындауында естіп жүрміз.

-Әнді үйренбес бұрын әннің авторларымен танысып,бұл ән дүниеге қалай келді, сол туралы тоқтай кетейік.

-Әннің сөзін жазған ақиық ақын,өнер майталманы,қазақтың дарынды ұлы Мұқағали Мақатаев.

«Екі дарын»


Мұқағали,

Нұрғиса,

Екеуіндей жүрекке жұрт нұр құйса,

Мынау дүние жайнап сала бермеспе?

Көре алмаймыз,кетті-ау олар келмеске.

Бірі жырын,

Екіншісі арнап ән,

Оқырманын,тыңдарманын баураған.

Неткен бақыт,екеуіде майталман,

Айтарларын кідірместенайта алған.

Екеуі деозық туған нар тұлға,

Анау-мынау емес әуес-жарқылға,

Екі дарын тауып бірден жарасым,

Жырлар жаздымөлдіретіп,ән асыл:

«Саржайлау», «Болмасын соғыс болмасын», «Есіңе мені алғайсың»,

«Домбыра досым», «Кел еркем ,Алатауыма», «Мен сендерді іздеймін»,

Бірінен соң бірі туып мөлдір ән,

Шөліркеген ел сусынын қандырған,

Айналайын Мұқаң сынды асылға,

Мұндай асыл туады бір ғасырда.

Айналайын Нұрағадай-дарынға,

Ел бақытты,бақыттымын мен дағы,

Нұрғиса аға Тілендиев барында.-деп жырлаған ақын Шаймерген Әлдибекұлының осы өлең жолдарынан-ақ екі дарын иесінің шығармашылығына бас иеміз.

«Саржайлау» әнін жан-жүрегімен беріле тыңдап,оған адал көңілемен алақан ұрмайтын адам аз.Бұл ән халықтың ықыласына бөленген туынды.Үлкен де,кіші де осы әнді айтқанда арқаланып,асқақтап кетеді.Нұрғисаның сөзінен:

.....Марқұм Мұқағалиды қайтыс боларынан бір жылдайүйіме шақырып ,екеуміз ән жазайық дедім.Ақын екеуміз терең сырлыстықТуған жеріміз туралы әңгімеледік.Әр жүректің өз саржайлауы болады.Әнді орындағанда Әркім өзінің атамекенін,туған жерін мөлдір махабатпен,мәңгілік мақтанышпен еске алатын сәтті ойладық.Сөйтіп «Саржайлау» әні туды.Лезде ән халық арасына тарап,оны қошеметпен қарсы алды.Мен кино түсіруге Алматыдан алыс жаққа кеттім.Көп ұзамай Мұқағалидың қайтыс болғанын естіп оралдым.Бірнеше күннен кейін қағаздарымның ішінен Мұқағалидың маған жазып кеткен бір жапырақ қағазын тауып ашсам өлең жазылған екен.Өлеңнің аты «Есіңе мені алғайсың»деп аталады.Сол түнде ән шығарып ,бұл ән –қоштасу әні болып шықты.

Нұрғиса Тілендиевте 1998 жылы ауыр науқастан көз жұмды.

-Міне, балалар осындай аяулы да,ардақты ақын аталарымызбен біз мәңгіге қоштастық деп айталмаймыз.Олардың ән-жырлары,күйлері шалқып орындалып тұрған шақта,біз Мұқағали,Нұрғиса аталарымызды мәңгі тірі деп айта аламыз.

-Аталарымыздың рухына арнап «Саржайлау» әнін шырқаймыз

.

(Ән орындалады)

7.Қорытынды.

1.Бүгінгі сабағымызда танысқан сазгердің есімі кім?

2.Нұрғисаның алғашқы ұстазы кім?

3.Соғыстан кейінгі жылдары қандай шығармашылықпен айналысты?

4.Елбасы атамызға қай жылы қандай атақ берді?

5.Тыңдаған күйіміз қалай аталады?

6. «Аққу» күйі мұра ғып қалдырған кімнің күйі?

7.Танысқан ою-өрнегіміз қалай аталады?

8.Үйренген әніміз?

9. Әннің сөзін жазған ақиық ақын?


Сазды күйі сағынышпен тартылар,

Әсем әні тебіреніп айтылар,

Нұрғисаның өнері мен есімі,

Ұрпақтарға мұра болып жалғасар!


-Кейінгі ұрпақ! Осындай үлкен талант иесі Нұрғисадай атамыздың өнерін ,ән-жыры мен күйлерін мәңгі жалғастыратын сендерсіңдер!-дей келе бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.Сау болыңыздар!