Презентация Түзетім кабинетіндегі саз мұғалімінің атқаратын жұмыстары

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: Жасы: 3-7жас Айы: мамыр Аптасы: 1-2 Күні: Сабақтың тақырыбы: Көңілді барабан Сабақтың мақсаты: Әуенге ілесе жеңіл би қимылдарына тербелу, бір орында айналуға үйрету,музыка туралы түсінік беру.Әуенді тыңдауға,есту,есіне сақтау қабілетін,ырғақты ажыратуға баулуды жалғастыру,ба...


Жасы: 7-18 жас

Дерртемесі: ЖСТБ 1 деңгей

Айы: наурыз

Аптасы: 4

Күні: 26-28 наурыз

Сабақтың тақырыбы: Наурыз

Сабақтың мақсаты: Баларға наурыз мерекесі туралы мәлімет беру, салт-дәстүрмен таныстыру, мерекені музыкамен байланыстыру. Наурыз, наурызкөже туралы түсінік беру

Міндеті:



Білімділік: Көктем мезгілі туралы түсініктерін кеңейту, наурыз айындағы мерекелер, ұлыстың ұлы күні, жыл туралы тақпақтар, қазақша әуенге би қимылдары

Тәрбиелілік: Үлкендерді сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Тәртіптілікке, ортада өзін дұрыс ұстауға, мәдениетті сөйлеуге, сөдерді анық таза айтуға үйрету. Салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу

Дамытушылық: Сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын молайту. Ойын әрекетін қалыптастыру, кеңістікті бағдарлау, қимыл-қозғалыс координациясын ретке келтіру

Көрнекілігі: наурыз мерекесі бейнеленген суреттер

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Пәнаралық байланыс: өнер, шығармашылық









Сабақ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  • Балармен сәлемдесу

  • Баланың сабаққа деген жағымды эмоциясын қалыптастыру

  • Оқу құралдарын түгендеу

  • Алдыңғы сабақты қайталау



  1. Сабақтың мазмұны

Жыл мезгілдерін еске түсіру, көктем мезгіліне тоқталу. Мезгілдік жылдық өзгерістер. Наурыз мерекесі туралы сурет бойынша әңгіме. Наурыз – жаңа күн деген мағынаны білдіреді. Наурыз мерекесіне жеті түрлі дәм қосылып наурызкөже дайындалады. Жұрт бір-бірімен көрісіп, мерекесімен құттықтайды. Алтыбақан құрылып, ән салынады, би биленеді.

Би қимылдарын үйрену: «Қаражорға»

Ән үйрену: «Наурыз» ( А. Досмағамбет, Ж, Мұхамеджанов)

Ойын: «Сылдырмақтар» көз байланып, сылдырмақ даусына ереді



  1. Сергіту сәті

Қимыл-қозғалыс жаттығуларын жасайық.

Екі қолды көтеріп

Белімізге қояйық

Оңға солға қозғалып

Алақанды жаяйық

Сабақты бекіту

  • Наурыз туралы не білесіңдер?

  • Қандай ұлттық ойын түрлерін білесіңдер?





  1. Үй тапсырмасы

Жаттау: Ұлыс күні қазан толса,

Ол жылы аө мол болар

Ұлы кісіден бата алса

Сонда олжалы жол болар!

Сабақты қорытындылау

  • Бүгін қандай сабақ өттік?

  • Сабақ кезінде не істедік?



Күтілетін нәтиже: Наурыз мерекесі туралы, ұлттық салт-дәстүр туралы түсініктерін қалыптастыру