«Әдемі әуендер»
(Ашық сабақ)
Мақсаты: Балаларды музыкалық шығарманы тыңдап, сипатын ажырата білуге үйрету. Музыкалық терминдерді ажыратып, түрлі көңіл-күйдегі әуендерге сай қимылдар жасауға дағдыландыру. Әннің сөзін анық, көңілді, жеңіл орындай білуге тәрбиелеу.
Қолданылатын құралдар: Музыкалық аспаптар, үнтаспа, тышқан мен мысықтың бейнесі, смайликтер.
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, балалар. Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған музыка сабағымыз ерекше болмақ. Себебі, қараңдаршы, қаншама қонақтар келіп отыр. Сабағымыз ерекше өтуі үшін көңіл-күйіміз көтеріңкі болу керек. Ол үшін бір-біріміздің жүрегімізге жылылық ұялататын жылы сөздер айтайық.
Балалар орындарынан тұрады.
Шаттық шеңбері.
Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз.
Қонақтарды көргенде,
Сәлеметсіздер ме!- деп
Амандасып аламыз.
[pic]
Өте жақсы балалар. Енді осы көтеріңкі көңіл күймен көңілді бір ән салайық. (Музыка кітабын ашады, қараса кітаптың беті тесілген, ноталары жоқ.)
-Ой, балалар, қараңдаршы, менің музыка кітабыма не болған?
-Қане, барлығын мұнда қараңдаршы, мына кітапта не жетіспейді?
Балалар: Ноталар жетіспейді.
-Нота бізге не үшін керек?
-Ән айту үшін керек.
Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар, дұрыс айтасыңдар. Балалар, бұл ноталарсыз қалай ән айтамыз? Байқаймын, бұл тышқандардың ісі болар. Енді не істесек екен?
-А-а! Таптым! Меніңше анықтама бөліміне хабарласу керек.
(Телефон соғады)
-Алло! Сәлеметсіз бе? Бұл анықтама бөлімі ме? Бізге сіздердің көмектеріңіз қажет болып тұр. Біздің музыка кітабымызды біреулер тесіп, ноталарын жыртып тастапты. Бізге көмекші жіберсеңіздер!
Анықтама бөлімі: Ия, жарайды, күтіңіздер, көмекші барады.
(Залға мысық келеді.)
[pic]
Марғау: Мияу, мияу! Сәлем достар! Сендерді көргеніме қуаныштымын!
Музыка жетекшісі: Ой, қандай әдемі мысық. Сенің атың кім?
Мысық: Менің атым-Марғау.
Музыка жетекшісі: Марғау мысық, мына ноталарды қайдан тапсақ екен? Бұл кімнің ісі болды екен?
Марғау: (кітапқа қарап) Мен білемін бұл Мшильда атты қатігез, айлакер тышқанның ісі. Ол тышқанның қайда тұратынын да білемін. Ол сонау тышқандар хандығында тұрады.
Музыка жетекшісі: Ол хандыққа қалай барамыз. Біз барар жолды білмейміз ғой.
Марғау: Барар жолды тек мен секілді сезімтал, иіс сезгіш мысықтар ғана біледі. Өйткені, мен супер мысықпын. Балалар, жолға шығуға дайынсыңдар ма?
Ендеше кеттік достар!
«Иілеміз, оңға бір».
[pic] (Әуенді қимылды жаттығу жасау.)
Балалар, мұнда қараңдар, бұл кімнің үйшігі болды екен? Бұл тышқандар хандығы ма?
Марғау: (иіскелеп көріп) жоқ бұл жерлерден тышқандардың иісін сезіп тұрған жоқпын.
Түлкі мен қасқыр: Менің атым-мажор, Ал менің атым –минор. Балалар мажор мен минордың мағынасын кім айтып береді?
Балалар: Мажор-көңілді, Минор-көңілсіз деген мағына береді.
Түлкі мен қасқыр: Жарайсыңдар, балалар! Сендер дұрыс айттыңдар. Балалар біз мына үйшікте жатып әбден жалықтық. Сендермен бір ойын ойнағымыз келіп тұр.
Бұл ойынның аты: «Мажор мен минор» деп аталады. Бұл ойында сендер музыканы тыңдап, көңіл-күйін ажырата білулерің тиіс. (музыка тыңдау.)
[pic]
Музыка жетекшісі: Бұл айналармен тіл жаттығуын жасауға болады. Қане, балалар қолдарыңа мына айналарды алып, Марғау мысыққа арналған тіл жаттығу қимылдарын көрсетейік.
Балалар айнаны алып, тіл жаттығуын жасайды.
Тіл жаттығуы:
Мысық арқасымен керіледі,
Мысық арқасын бүгеді.
Мысық жаймен күледі.
Орнынан тұрып, тістерін жуып,
Аузын сумен шаяды.
Мысықтың қарны ашты,
Сүт ішкісі келді.
Мысықтың қарны тойды,
Мазасызданғанын қойды.
[pic]
(Ортаға тышқан келеді.)
[pic] Мышильда: Тыныш, тыныштық сақтаңдар. Бұл не деген айқай-шу?
Музыка жетекшісі: Сен кімсің?
Мышильда: Мен Мышильда деген ханшайыммын. Мен музыканы, балалардың айқай-шуын жақтырмаймын. Тыныштық болсын деп сендердің кітаптарыңды жыртып, Ноталарыңды алЫп кеткен менмін.
Қане, зұлым күштер келіңдер,
Балаларды тышқан етіңдер,
Ал мысықты ұйықтатып кетіңдер!
Марғау мысық: Ой, балалар, менің ұйқым келіп барады. (Мысық ортада ұйықтап қалады.)
Музыка жетекшісі: Балалар, енді не істейміз? Мына тышқан өз айласын тоқтатар емес. Ол біздің мысығымызды ұйықтатып тастады ғой. Мүмкін ән айтсақ мысығымыз оянар.
Балалар, ән айтпас бұрын даусымызға жаттығу жасап алайық.
Дауыс жаттығуы: «МИ-яу, ми-яу, пик,пик,пик»
Жаңа ән: «Мысығым»
[pic] Мышильда: Сендер тағы да айқай –шуға бастыңдар ма? Мен қазір...
Мысық: Мияу, Мышильда біз мынадай көңілді шапшаң балалар тұрғанда сенен қорықпаймыз. Соай ғой , балалар! Ендеше, балалар, аспабымызды қолымызға алып ырғақ соғайық.
Ойын: «Ырғақты соқ»
Мышильда: Тоқтатыңдар, бұл не деген айқай-шу. Сендерге айқайлаймын деп басым ауырып кетті. Жарайды, іздеген ноталарыңды қайтарып берейін. Сендердің іздеген ноталарың мына шарларда ілулі тұр. Мен бұдан былай жаман қылық жасамаймын. Мені енді кешіресіңдер ма?
Музыка жетекшісі: Балалар, Мышильданың бұл қылығын кешіреміз ба?
Мышильда: Балалар сау болыңдар! (Мышильда кетеді.)
Музыка жетекшісі: Ой, балалар, мынау біз іздеген ноталар ғой.
Мысық: Алақай! Біз зұлым Мышильданы жеңдік.
Музыка жетекшісі: Міне, балалар, іздеген ноталарымызды таптық. Ноталарымызды кітап беттеріне жабыстырайық. Жарайсыңдар, балалар, Енді осы қуанышты көңіл-күймен ән айтайық.
Ән: «До-ре-ми».
Музыка жетекшісі: Марғау мысық, саған көп рахмет. Балалар, сендерге де коп рахмет.
Мысық: Балалар, мені іздеп қалған болар. Сендермен өте көңілді болды. Бірақ менің қайтуым керек. Сау болыңдар, балалар! (Мысық кетеді).
Музыка жетекшісі:
-Балалар, бізге қонаққа кім келді?
-Біз Марғау мысықпен қайда бардық?
-Онда біз кімдерді кездестірдік? Жарайсыңдар, балалар! Бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Сабақ сендерге ұнады ма? Егер ұнаса алдарыңдағы смайликтермен өз көңіл-күйлеріңді білдіріңіздер. (Балалар смайлик көрсетеді.)
[pic] Осымен сабағымыз аяқталды. Сау болыңдар. Құрметті әріптестер, көріп тамашалағандарыңыз үшін рахмет.