Жайлаудағы төлдер ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Ортаңғы топқа ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің

технологиялық картасы



Мерзімі: 11,13,18.04.2016

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі:«Музыка»

Тақырыбы:«Жайлаудағы төлдер»

Мақсаты: Музыкалық шығармалардың сезімдік мазмұнын, сипатын ажаратуға уйрету. Мәтінін бұзбай дұрыс сезіне айтуға үйрету. Ойын арқылы балалардың эмоциясын ояту.

Көрнекілік: Қозы, бұзау,құлыншақ.

Сөздік жұмыс: Көңілді, көңілсіз, жігерлі.

Мотивациялық-қозғаушылық








Балаларды көңілді музыкамен қарсы алады.

Амандасу жаттығуын айтуды ұсынады, дыбыстарды дұрыс айтуға үйретеді.

Үнтаспада орындалған М.Жаутілековтың «Сәби күлкісі» әнімен балаларды еркін жүруге, орындарында тұрып билеуге, өз жұптарын табуға үйретеді. Би ырғақтарын, шумақ қайырмаларын нақты келтіру керек, қимылдарын шатаспай есіне сақтау үшін сөзіне мән беріп, бірге қосыла айтып, қимылдарын жасауға үйрету.



Балалар тізбектеліп, көңілді музыкамен залға келеді.

Амандасады.









Музыка ырғағымен қимылдар жасайды.

Ұйымдастыру- іздестіру

Балаларды отырады.

Б.Дәлденбай өңдеген «Хайләйлім» әнімен жайлауға баруға шақырады.

Құлындарым кісінеп,

Боталарым боздады.

Бұзауларым мөңіреп,

Қойым ерте қоздады.

-Жайлауға келдік, енді демалайық-деп, шығармаларды тыңдауды ұсынады.


«Боталардын желісі» (Е.Хасанғалиев) шығармасының сипатын түсіндіреді.

«Еркетайым» әні (А.Тоқсанбаев) жылдам көңілді сипатта орындалады. «Ана әлдиі» (А.Менжанова) асықпай, сабырлы, сипатта орындалады.

Балалар қосылып орындауы үшін үлестірмелі төлдеркарточкалары беріледі.

Балаларды музыканы тыңдап,иәуенді ажырата білуге дағдыландыру.

2-3 мәрте қайталау.

Шығарманың үзінділерін тыңдау.

Дидактикалық ойын: «Анасын тап»

Ән салайық, шырқатайық,

Әуеніне тамсанайық.

Ән үйрету:«Ойыншықтар»

(И.Нүсіпбаев, Н.Әлімқұлов).



Би: «Шөжелерім» (қыздарға), «Тұлпарым» (ұлдарға, «Б.Бисенова жинағынан») биін үйретеді («Билеп үйренейік» жинағында үлгілері көрсетілген)





«Кімге қай төл ұнайды?» қимылды ойыны

Төлдер бейнеленген атрибутын бастарына киіп, сол төлдердің дыбысталуын, қимылын әр бала жеке-жеке көпсетеді. Төлдер қатарласа тұрып, музыка ырғағымен шауып барып,белгіні айналып келіп орнына тұрады.

Балаларжайғасып отырады, музыканы тыңдайды.





Жайлауға балалар қол ұстасып,ауыспалы адыммен жүріп барады.

Балалар, музыканы тыңдайды.


Бірінші шығарманың сипаты: жігерлі.


Екінші шығарманың сипаты: көңілді.

Үшінші шығарманың сипаты: сабырлы.











Ойынға қызыға қатысады.

«Ойыншықтар» әнін айтады.

Балалар әннің не туралы екенін түсініп, көңілді айтуға тырысады.

«Шөжелерім» биін ырғағын келтіре орындайды. Би ырғағын табуға тырысады. Әуеннің өзгеруіне сай қимылды да өзгертеді. Қарама – қарсы тұрып дөңгелене билейді.

Ойынды қызығушылықпен ойнады.





Рефлексивті- түзетушілік

Қорытынды:

-Балалар, бүгін біз қайда бардық?

- Жайлауда қандай үй жануарларын кездестірдік?

«Жүректен жүрекке» шеңбері

«Төлдер»

Біздерде бар, қуыршақ,

Бұзау, қозы, құлыншақ.

Ойыншықтар тыңдайды,

Ұйықта десен ұйықтайды.


-Жайлауға бардық.


-Қозы, бұзау,құлыншақ.





Шеңберде тұрып, бәрі бірге айтады.




Күтілетін нәтиже:

Біледі: Музыкалық шығармаларды сезінуді, сипатын ажыратуды,әнді сезіне айтуды. Сипатын ажыратуды.

Игереді: Музыканы тыңдап, ойын арқылы төлдерді табу.

Меңгереді: Музыкалық шығармаларды тыңдап, Музыка әуенімен ауыспалы адым жасауды, «Шөжелерім», «Тұлпарым»ырғақтарын сезіне би қимылдарын жасауды.



Жетекші: Қаратаева А.Қ

Тексерді:___________