Урок на тему Астана опера театры .

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Пәні: музыка

Сынып: : 4 «А»

Сабақтың тақырыбы: Астана опера театры .
Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: баяндау, жинақтау, салыстыру, ой қозғау.
Көрнекіліктер:  Музыка аспабы,  оқулықтар, үнтаспа,
Сабақтың мақсаты: Операдағы негізгі жанрлармен таныстыру.
Білімділік: Астана опера театры туралы білімдерін тереңдету.
Дамытушылық: Оқушылардың музыка мәдениетіне қызығушылығын дамытуға ықпал ету.
Тәрбиелік:  Оқушыларды өнерсүйгіштікке  тәрбиелеу, 1Сабақтың барысы:. Ұйымдастыру бөлімі: Сәлемдесу , түгелдеу,оқушылардын назарын сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын сұрау: Операдағы негізгі жанрлар.туралы не білдік ?
3.Жаңа сабақ: «Астана Опера» – тікелей  [link] . Астанадағы жаңа театрдың қосымша екі бүйірлік сахнасы бар. Театр сленгінде «қалта» деп аталатын бұл сахналар қажет кезде дайын декорацияларымен жылжи жөнеледі. Сөйтіп, қойылымдар циклінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Осының арқасында «Астана Операда» ең күрделі спектакльдерді сахналауға мүмкіндігі мол.Сахна астында, 12 метр тереңдікте «төменгі деңгей», яғни автоматты басқару жүйесі бар машинарий залы орналасқан. «Осының барлығы «Астана Опера» сахнасын әлемдегі ең бір техникалық жарақтандырылған сахналардың қатарына қосады» дейді Мәдениет және ақпарат министрі. Оркестр шұңқыры үш тұғырнамада тұрады. Олар әртүрлі деңгейлерде жайластырылған және 120 музыканттың орын тебуіне есептеліпті.«Астана Опера» залына 1 мың 250 көрермен сияды. Оның партері 450 көрерменге арналған. Басты зал аттың тағасына ұқсас формаға ие, «Ла Скала» сынды әлемдік үздік опера театрлары залына ұқсатып, бірнеше қабат етіп жасалған, бірақ ұлттық үлгіде өрнектелген. Мұның сыртында ғимаратта 8 қосымша зал, 11 репетициялық орынжай, 250 орындық камералық музыка залы, баспасөз залы және басқа да функционалдық бөлмелер бар

5.Музыка сауаты:Ариозо- кіші көлемді, белгілі бір құрылымы жоқтығымен ерекшеленетін шағын ария., Терме-қазақ халық поэзиясында қалыптасқан лирикалық өлең түр 6.Үйретілетін ән: «Асыл ана» әнін орындату.
7..Қорытындылау, бағалау: Астана опера театры туралы не білдік? Қандай ән үйрендік? 8.Үйге тапсырма: Астана опера театры түсінік айту.




Жидебаева Мариям Биржановна

267 орта мектептің музыка пәні мұғалімі

Қызылорда қаласы