Классный час на тему: Кітап-жан азығы

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: Кітап – жан азығы

Сабақтың мақсаты : Оқушыларға білімнің кітап арқылы берілетінін үғындыру.

Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы және кітапхананың мәдени ағарту ғылыми көмекші мекеме екендігі жайлы түсіндіру.

Оқушынын зейінін , шығармашылық қабілетін , ой - өрісін дамыту.

Кітап оқуға деген кызығушылықтарын арттыру.оқулығын құрметтей білуге, ұқыптылыққа , адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі : Нақыл сөздер Кітаптың бағасы арзан , іші толған маржан ,Кітап адамның рухани азығы , « Өмірдегі ең жақын кеңесшің – кітап.»

Сабақтың барысы: « Ребус шешу»

Қандай сөз шықты ?

-Кітап

Ендеше, біз бүгін «Кітап жан- азығы» деген тақырыпта ашық тәрбие сағатын өтеміз.

Бүгінгі сабақта кітаптың неден қалай жасалатынындығы, адамға қандай көмек беретіндігі және кітапхана туралы болмақ.

Мұғалім: Тәрбие сағатымызды А.Байтұрсыновтың мына өлеңімен бастағалы тұрмын.

Балалар, бұл жол басы даңалыққа,

Келіңіздер, оқып, байқап қаралықта,

Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп

Соларды көре тұра қалалық па?

Даналық-өшпес жарық,кетпес байлық,

Жүріңдер, іздеп, тауып алайық та!

Кітап-адамның дүниетанымын кеңейтіп, ізгілікке баулитын бірден-бір тамаша құрал, өйткені кітап оқу арқылы жақсы мен жаманды тереңірек ұғынып сезіне бастайсың.

«Кітапсыз үй, терезесіз бөлме» деген Вильсон.

«Білімге құмартып, ғылым шыңына жетсем десең, кітапқа бас и» дейді Шолохов. «Әр адамның ең жақсы досы, өмірлік досы кітап болуы тиіс» дейді Мұхтар Әуезов.

«Оқу-білім азығы, білім ырыс қазығы» деп бекер айтылмаған. Осы білімнің сарқылмас терең көзі – кітап. Сондықтан кітапты жыртпай, қадірлеп ұстауға тиіспіз.

Кім біледі балалар «Кітап» деген сөз қайдан шыққан,қандай мағына береді?

Бекжан: Кітап- араб сөзі, «жазба», ал түрікше «дәптер» мерзімді баспасөз басылымы» деген сөз кітап рухани қазына, байлық, өмір айнасы, заман сыры, тарих шежіресі, оқу тәрбие құралы. Алғашқы кітап жазу құпиясын тек дінбасылар мен монахтар ғана білген, сондықтан дүние жүзіндегі тұңғыш кітаптар еврей еліне Таурат, қытай тілінде Кунфузций ілімдері, парсы тілінде «Авеста», араб тілінде Құран шыққан.

Кітапты оқығанда бөлменің ауасын тазартып, жарық жеткілікті болуы керек. Кітаппен көздің ара қашықтығы 35-40 см және әрбір 45-50 минут сайын үзіліс жасау керек.

Кітап бізді қоршаған дүниені жақсы түсінуге көмектеседі. Сондықтан кітап оқу ережесін сақтай білуіміз керек.

Кітапты оқу ережесі

  1. Кітапты күнделікті үзбей оқып дағдыға айналдыр. Ол үшін күніне кітап оқуға уақыт бөлуді жоспарла.

  2. Кітапты төсекте жатып, ас ішіп отырып оқыма.

  3. Кітаппен көздің ара қашықтығы 35-40 см болсын.


Асқат: Алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалады.

Ахмет: Қазақ кітап баспасы Ресейге қосылған соң қалыптасты.

Жаснұр: Тұңғыш қазақша кітаптар 1800 жылы щығарыла бастады..

Айналамызға қарасақ, бізді қоршап тұрған кітаптар. Бұл елдің өз атауы бар. Ол – кітапхана. Енді осы кітапхананың иесі кітапханашы апаймен таныс болыңдар.

Кітапханашы апайдың сөздері:

Оқушылар сұрақ қояды

1.Сұрақ. Кітапханада өз-өзіңді қалай ұстау керек?

Жауап: Кітапханада шулауға болмайды, өйткені басқа оқырмандарға кедергі келтіресің.

2-ереже Кітапты ұқыпты, таза ұстау керек. Өздеріңнен кейін оны көптеген балалар оқитынын есіңнен шығарма.

Ахмет: Адамның досы кітап,өмір кілті,

Тең келмес оған жиған мүлік.

Ақылшы, жанға серік жол бастаушы,

Асыл ой қазынасы, өмір көркі.


Жаснұр: Тұрады басын құрап әріп неден,

Басталған білім басы әліппеден

Қарасаң шалқар теңіз, түпсіз мұхит

Оқысаң кітап сырын ашып терең.

Жаннұр: Кітапты оқымайды сыйламаған,

Білімге жанын тауып қинамаған

Өсірген кімнің болсын ой-өрісін,

Сол кітап бас ақылшы күнде менің.

Кітапханашы: Міне көрдіңдер ме? Кітаппен достассаң, бәрін білесің. Бірде ұялтса, бірде мақтайды, бүкіл әлем сырын алдыңа жайып салады. «Кітапсыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ»

Енді, кітапханашы апайға рахметімізді ән арқылы жолдаймыз.

Хор: «Кітап қайдан келді»

Видеомантаж

Міне, көрдіңдер ме,балалар кітап сендердің алдарыңа қаншама еңбекші қолдардың арқасында келгенін. Сондықтан оқулықты бүктеп, жыртып, бүлдіруге болмайды. Ол біздің ата-әкелеріміздің маңдай тері екенін естен шығармауымыз керек.

Көрініс: «Науқас кітап»

Бірде оқушының кітабы науқастанып қалып дәрігерге әкеледі.

Оқушы: Сәлеметсіз бе, дәрігер!

Дәрігер: Сәлеметсің бе?

Оқушы: Дәрігер, мен сізге кітабымды әкелдім. Ол қатты науқас!

Дәрігер: Жарайды, алдымен диогнозын анықтап алайық.

Оқушы: Мен үйде жоқта кішкене балалар алып, осындай күйге жеткізіпті.

Дәрігер: Мұңайма, емдем жазамыз кітабыңа су тиген беттері жыртылған. Кітабыңды түптеймін жыртылмасын,

Мұқабасын бүктеймін қырқылмасын.

Таза болсын беттері кірлемесін,

Көрген адам кітабың кір демесін.

Мен мынадай кеңестер жазып беремін, үнемі есте сақтап жүр.

-Кітап беттерінің бұрыштарын бүктеме.

-Кітап мұқабасы бүлінбес үшін қаптап ал.

-Кітап беттерін жыртпа.

-Тамақ ішіп отырып кітап оқыма

Оқушы: Жарайды, дәрігер. Кеңестеріңізді үнемі есімді ұстаймын.

Дәрігер: Жазылып кетіңіздер! Сау болыңыздар!

Оқушы: Сау болыңыз! Сізге үлкен рахмет.

Оқулығым құралым

Жағар білім шырағын.

Баса алмайсың ешқашан

Онсыз алға 1 адым.

Дәрігер: Балалар, кітап шебер ұстаз, тілсіз мұғалім. Кітап – адал пейіл, асыл дос. Қойған жеріңде жатады,қолыңа алсаң былай тіл қатады:

Кітап: Оқы талмай, түй санаңа, жас бөбек,

Сыр құямын, нұр құямын бойыңа.

Таза ұстап оқы мені қастерлеп,

Бар білімді мен егемін миыңа

Дәптермен жұмыс

«Кітаптың реніші»

Оқушылар өздерін жыртылған,сызылған кітаптың орнына қойып,өз ойларын жазады.


Құралай: Кітап

Сен адамзаттың жақын досы!

Келмейді сені оқымай көңіл хошы

Ел мұңы, өмір сыры ақын жыры,

Басылған таңба болып, өзіңде осы

Фариза. Кітапта алма ағашы

Жемісі біздің теретін

Тәтті алмағы балашы,

Кітабыңның бір бетін

Фарида: Сөйлесіп өзіңменен тіл қатады

Еріксіз өзін жұртқа тыңдатады.

Жеткізіп өткендердін өсиетін,

Шешіліп кейде достай сырласады.

Аққайың: Саған білім жемісін

Оқулығын береді

Оқулықты құрметте

Күтіп ұста, кірлетпе

Кішлерге табыс ет,

Дақ түсірмей бір бетке.

Ерзаид: Кітаптар бейне жапырақ

Жырлайтын сырын өмірдің

Оқисың кейде жатып ап

Көтеріп кейде көңілдің

Асқат: Қайсар қолдың күшімен

Оқысын деп басқалар

Жазып кеткен тасқа олар

Көк найзаның ұшымен


Бекіту сұрақтары

  1. Кітапты неден жасайды?

  2. Кітапты қалай жасайды?

  3. Кітапханада қандай тәртіп ережелері сақталу керек?

  4. Кітапханада қызмет жасайтын адамды кім деп атайды?

  5. Кітап не үшін керек?

І топ Мақал-мәтелдер айтады.

ІІ топ Кітаптың суретін салады.

ІІІ топ Кітап деген сөзге дыбыстық талдау жасайды

І топ Берілген мақал-мәтелдердің жалғасын тауып жазады.

Мектеп – білім ............... (есігі)

Кітап білім .................. (бесігі)


Оқу білім ............(қазығы)

Білім өмір ..............(азығы)


Қорыту: Кітапты түсініп оқысаң көп білесің. Ол сенің сөздік қорыңды байытып, ой-өрісіңді кеңейтіп сөйлеу мәдениетіңді арттырады.

Кітап өмірдің ащы-тұщысын үйретеді. Кітап ұрпақтан ұрпаққа қалатын рухани қазына. Сондықтан кітапты жыртпай, қадірлеп ұстауға тиіспіз