Сабақтың тақырыбы : Абай әндері
Білімділік мақсаты: Оқушыларға өмірі мен шығармашылығы туралы терең ұғындыра отырып,тиянақты білім беру.
Дамытушылығы: Музыканың өмірмен байланыстылығын түсіндіре отырып, әндері арқылы жан-жақты танымдық есте сақтау, ести білу қабілетін, музыкалық сезімін дамыту.
Тәрбиелілігі: Өз халқының музыкасына құрметпен қарау, ұлы ақынның әндерін үйрене отырып, сергек, қияли, рухани интеллектуал тәрбиелеу, сұлулық пен көркемдікке талпындыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгеру.
Формасы: Интеграциялық
Өткізу әдісі: Топпен жұмыс, баяндау, тыңдау, сұрақ – жауап.
Пән аралық байланыс: Қазақ тілі, әдебиеті, сурет, тарих.
Көрнекіліктер: Портрет, тірек-сызбалар, слайдтар, сырнай аспабы, карточкалар, үнтаспа, әндер жинағы.
Жоспар:
1.Ұйымдастыру.
2.Жаңа сабақ
3. Қорытынды .
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасы.
Жаңа сабаққа кіріспес бұрын музыка тыңдау арқылы сабақтын тақырыбын ашып алдым.Сұрақтар беру арқылы оқушылардың жауаптарын тыңдай отырып, өткен сыныпта оқығандарын бүгінгі материалмен байланыстылығын-яғни байланыстың интеграциялық түрін іске асыру мүмкіндіктері туады. Ендеше Абай адамзаттың ғұмыр бойы игеретін, ғажайып әлемі, бүгінгі сабағымызда Абайды тағы да тани түсеміз.
Оқушылар үш топқа бөлінді, бірдей Абай тақырыбы берілді.
алдарына дайын қағаз беріледі.
ә) Абай тақырыптарына өз білетіндерін жазады;
б) Топпен жұмыс жүреді. (ешкім бос отырмайды, ізденіс, ой үстінде)
Әр топтан бір оқушы шығып, өз жазғандарын оқып, тақтадағы кестені толтырады, Абай туралы түсінік беріледі.
Шын аты
Ибраһим Ақын Сазгер
Абай Құнанбаев
1845-1904 Әкесі Құнанбай Аудармашы
Бұл жердегі жүзеге асатын мақсат оқушылардың ой қозғауына түрткі болу.
Оқушылардың жауаптарын тыңдай отырып, сабақтың өзекті мазмұнын түсіндіремін.
Абайдың туған жерін картадан көрсете отырып, климаты, табиғат жағдайлары туралы түсінік бердім. Бұл жерде география пәнімен байланысты.
Әдебиет сабағымен байланыстыру үшін Абай өлеңдерінен жатқа, мәнерлеп айтудан сайыс ұйымдастырдым. “Әсемпаз болма әрнеге”, “Ғылым таппай мақтанба”, “Қыс”, “Жаз” т.б.өлеңдерін балалар жатқа айтып шықты. Бұл жерде сабақ интеграциялық түрден сайыс сабаққа ауысты.
Енді сазгерлік шығармаларына тоқталдым.
Абай
Махаббат Табиғатқа Қоғамдық- Аудармалары
әндері арналған әндері әлеуметтік
тақырыбындағы әндер
Абайдың ақындық даналығы әдебиетте қалай дара, оқшау тұрса композиторлық ерекшелігі де музыка әлемінде айрықша, өзгеше бітіммен ерекшеленеді. Көркемдік өзгешелігі оның әуез – сазының нәзіктігінде, әуездігіне, өлең сөзі мен әуенінің сәйкестігінде.
Ол халқының болашақ өнерінің тағдырын, жас ұрпақтың тілегін ойлап, келер заманның талабын өтерлік жаңа ырғақ, жаңа ән керегін сезді.
Қазақтың кәсіби музыкасының басы осы Абайдан басталады. Оның сазгерлік өнерінен сыр шерте отырып, атақты әндерінің әлем халықтары тілдерінде аударылып, кеңінен таралды, күні бүгінге біздерге жетіп отыр, музыка зерттеушілерінің Абай әндерін жоғары бағалап, басқа халық композиторларының әндерінен өзгеше екенін баяндаймын.
Композитор Абай дарынына қанат бітірген, ән нәрімен сусындатқан орта қандай, өнерінің бұлақ бастауы қайда? – деген сұрақтарға оның 1-ші туған табиғатынан, туысқан халықтардың сөз қазынасынан, дүние жүзі ғылымынан үйренген.
Ұлы неміс ақыны Гётенің Рубинштеиннің музыкасына жазған «Горные вершины» әні сыршылдығымен Лермонтовты елітсе, жарты ғасырдан соң қазақ даласының ұлы перзенті Абай өз тіліне аударады деп кім болжаған. Екі шығарманы тыңдату.
Әннің сөзі
Әннің әуені
Әннің мазмұны
Ладын айыру
Ұқсастығы мен ерекшелігін Венн диограммасы бойынша салыстыра отырып, оқушылар әннің ортақ қасиетін және ерекшеліктерін таба білді.
Абай Ортақ Гёте
Лермонтовта (вершины спят) деген бір ғана етістік болса, Абайда «кетер», «түн басады» деген етістікке қоса үстеулер бар: «балбырап», «қалғып», «дел-сал ғып». Етістік пен үстеу түрлерін мол пайдалана отырып, Абай әніндегі түннің баяу сабырлы тыныштығы аңғарылады. Осы жерде қазақ тілі пәнімен байланыстыра баяндадым.
Балалар, Абайдың мына бір әнінде табиғат сұлулығын және адамның көңіл күйін әсерлі әуенмен бейнелеп жеткізіп отыр екен. Осы әнді тыңдайық. Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін тыңдату және өзім орындап беру.
Бұл сабақтың музыка тыңдау бөлімінде орындалады. Тыңдау барысында 3 топқа шығармашылық тасырма бердім. Әнді тыңдай отырып, қағаз бетіне көз алдарына келген бейнені суреттеп салу. Осы жерде оқушылардың өзін-өзі тануына ықпал етіп, жеке тұлғаның шығармашылық дамуын байқадым.
Музыка сауаты: бөлімінен классикалық музыка, романс жөнінде түсінік беріп кеттім.
Сергіту сәті.
«Сен Абайды білесің бе?» тақтаға алдын ала карточкалар ілініп қойылады. Карточкада Абай әндерінен үзінді келтірілген, әр топтан оқушылар шығып әннің атын табу керек.
Ән үйрену кезеңінде Абайдың «Өзгеге көңілім тоярсың» атты әнін үйрендік. Тақырыбы: әннің адам өміріндегі мән-маңызы туралы бейнелі де терең тұжырым жасайды.
Өлшемі 4/4
Динамикалық белгілері mf
Екпіні орташа
Сабақтың қорытынды бөліміне, «Біз нені үйрендік?» тақырыбына 5 жол өлең стратегиясы бойынша Абай тұлғасы жан-жақты талданып, талқыланады:
1.Кім – Абай 2.Қандай – талант, дарынды
3.Не істейді – толғанады, тебіренеді, ойлайды
4.Ақын – киелі аққу самғаған
5.Қаламгер
Сазгер
Асқақ,шыншыл
Шырқайық,қанаттандырады, шымырлатады.
Абай әндері жүректен шыққан
Күйші
Тау
Биік, қырлы
Қалғиды, балбырайды, мұнартады
Тау басы қырлы болады.
Шың
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: Абайдың «Өзгеге көңілім тоярсың» әнін жаттау.