Музыка 2-сынып Күні: 17.01.15
Сабақтың тақырыбы: Концерт залымен танысайық.
Сабақтың мақсаты:талғамы биік, көркемөнер иесін – тыңдаушы, көрермендерді тәрбиелеу.
Сабақтың міндеті:
Әр түрлі көңіл күйдегі музыканы таңдай білуге және сол музыкалық шығармаларды сезінуге дағдыландыру;
Өмір мен музыка арасындағы байланысты тануға машықтандыру;
Пәнаралық байланыс:
Оқу үрдісінің тәртібі:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
1) оқушыларды сабаққа дайындау.
2. Үй тапсырмасын зерттеу:
1) Домбыра қағыстарын қайталау
.
3. Жаңа сабақты түсіндіру.
Үш бірлік – «композитор – орындаушы - тыңдаушы» баланың музыкалық есту қабілетін, музыканы ажырата білу қабілетін, мәдениетін дамытуға көмектеседі. Қазақстандағы концерт залы, филармония туралы толық түсініктер беру.
- Балалар, біз бүгін концер залына барамыз (концерт залының сыртқы және ішкі көріністерін суреттен көрсету арқылы түсінік беру).
- Концерттің болатының қайдан білеміз?
Суретті жарқағаздан, теле-радио хабарламаларынан, т.б (жарқағаздың (афиша) бір үлгісін көрсету).
-Бізді билетсіз концертке кіргізбейді. Енднше билет сатып алу керек.
- Билет қайда сатылады? (Кассада). Оны кім сатады? (Кассир).
- Залға бізді кім тексеріп кіргізеді? (Бақылаушы)
Әр қатысушының рөлін сомдау (кассирді, бақылаушыны). Билет кассасынан билет сатып аламыз, залға өтеміз, жайғасамыз.
- Міне, концерт залына кірдік. Енді біз кімбіз? (Көрерменбіз. Тыңдаушымыз). Концерт басқарушы сөзін : «Құрметті өнер сүйер қауым» немесе «Ханымдар мен мырзалар», болмаса, «Қадірменді көрермен» деп бастайды, ол неліктен?
Оқушылардың жауабын тыңдап, мұғалім толықтырады.
Өздеріңді солай атауға лайықты болып, әдемі отырындар. Мен концерт жүргізуші боламын, яғни концерт барысында не болатынын айтып тұрамын. Бастаймыз.
4. Музыка тыңдау.
Түркештің «Көңілашары» баяу ойналып, жүргізуші-мұғалім өлең оқиды:
Армысың, өнер сүйер өреңдерім,
Жайнасын жасыл бақтай көңілдерің.
Ән-шашу, әсем-әуен, түрлі өнер
Сіздерге арналады бүгінгі күн.
«Көңілашар» күйінің атауына, характеріне назар аударамыз.
- Концертімізді Динаның «Тойбастар» күйімен жалғастырамыз.
- «Той бастар» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
- Неге ол «той бастар» деп аталып тұр?
- Күйді бір аспап орындады ма, әлде көп пе?
- Ал бұл күйге би қимылын көрсетуге бола ма? (Оқушыларды сергіту мақсатында би билетіп алса да болады).
- Тамаша, концертіміз әрі қарай өз жалғасын тапсын.
Арайлап әрбәр таңымыз,
Алаулап ән мен сәніміз.
Туған жердің төсінде тұрып,
Шырқатайық, қане, бәріміз.
5. Ән үйрену.
- Кезекті әнге берейік . Барлығымыз «Ақ мамам» әнін қосылып орындап көрелік. Әнді үйрету барысында дауыс диапазондарын толық меңгерту, жақты дұрыс ашып-жабуын қадағалау.
- Қазір біз кімнің рөлін атқардық? (Орындаушының)
Домбырам, тағы жырлашы,
Сұңқардай көкке самғашы, -
деп қолымызға домбыра алып, қос ішегін қағып-қағып жіберейік.
6. Домбыра ойнау.
Халық әні «Еркем-айдың» бастапқы буынын үйрену.
7. Қорытыңды:
Мұғалім:
- «Өнерлі баланың оң саусағы тең» деген халық мақалын сендерге арнап айтса керек, шеттеріңнен өнерпаз екенсіңдер! 1. Сұрақ-жауап
8. Бағалау.
9. Үйге тапсырмасы:Бұрын концертке барып көрген болсаң, үйден сол концертке барған шақтарыңнан суретті альбом жасап келіңдер.