Аты-жөні:.Абидуллаев Н,Жәнібекұлы Н,Қуанышбек С
Жасы: 0-3 жас
Айы: мамыр
Аптасы: 1-2
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Ботақан
Сабақтың мақсаты: Әуенді тыңдап, жіңішке дыбыстарды ажырату. Әнді мәнерлеп айту. Ырғаққа байланысты жеңіл қимылдар жасай білуге үйрету. Көңілді әуен ырғағымен жұптасып жүруді үйрену
Міндеті:
Білімділік: Балаларға жіңішке-жуан дыбыстарды түсінуге үйрету. Әндерді тыңдауға, айтуға, жаттауға үйрету. Артикуляциялық мимика дыбыс шығаруаппараттарымен жұмыс
Тәрбиелілік: Үлкендерді сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Тәртіптілікке, ортада өзін дұрыс ұстауға, мәдениетті сөйлеуге, сөдерді анық таза айтуға үйрету. Табиғатқа, құстарға деген сүйіспеншілігін ояту
Дамытушылық: Сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын молайту. Ойын әрекетін қалыптастыру, кеңістікті бағдарлау, қимыл-қозғалыс координациясын ретке келтіру. Танымдық процестерін, ұсақ-қол мотрикасын дамыту
Көрнекілігі: құс пен балапанның суреті
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс: шығармашылық
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Сабақтың мазмұны
«Амандасу» жаттығуын» айтып көңілді әуен ырғағымен аяқтың ұшымен қолды көтеріп жүруді үйретеді. Ырғаққа байланысты жеңіл қимылдар жасау. «Құстар», «Құстар шоқиды» (Т. Ломова) әуенін тыңдатып, құс сияқты ұшып жүру. Балалар зал бойымен ұшып жүріп, ырғақты қимылдар жасауды, отырып тұмсықпен шоқуды, айналуды, аяқ ұшымен алға-артқа, оңға-солға қимылдар жасайды.
Музыка тыңдау: құстардың даусын тыңдаймыз. Ересек құстардың дыбысы жуан болатынын, ал балапанның дыбысы жіңішке болады. Құс пен балапанның суреті бейнеленген карточка бойынша сұрақтар қойылады.
Дауыс жаттығуы: Оқушының дауыс күшін бір демалыста жай, қатты, қатты, жай алмасуын үйрету
Ән үйрету: «Кім қалай дыбыстайды?» Бұлбұл, Бөдене, Көкек, Бозторғай
Сергіту сәті
«Ұшты ұшты» ойыны
Сабақты бекіту
Д/қ ойын: «Қандай дауыс?» музыканы тыңдап, жуан-жіңішке дыбыстарды айтады
Үй тапсырмасы
Түрлі түсті қағаздан құстың бейнесін шығару
Сабақты қорытындылау
Күтілетін нәтиже: Музыканы тыңдап, жуан-жіңішке дыбыстарды ажыратуды, дидактикалық ойынды текше арқылы ажыратуды, музыканы тыңдап, би қимылдарын жасауды меңгерту