Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы сыныптан тыс іс-шара

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Мақсаты: Оқушыларға Абай әндері мен өлеңдерінің ерекшелігін, тәрбиелік мәнін, ақынның эстетикалық талғамын, әсемдікке деген ұмтылысын таныта отырып, оқушыларды сұлулыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Абай шығармалары арқылы жас ұрпақты адамгершілікке, туған жерді, табиғатты бағалауға үйрету.

Тәрбиелілігі: Абай әндері арқылы көркем сөз бен тілдің халық шешендігін, тілдің құдіреттілігін ұғынуға тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту.

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, слайд — суреттер, видео-роликтер.

Түрі: Сайыс түрінде.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: - Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Бүгінгі біздің өткізгелі отырған сыныптан тыс тәрбие сағатымыз Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына байланысты ұлы ғұлама, ойшыл Абай Құнанбаев атамыздың әндері мен өлеңдеріне арналады.

Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев қазақ халқының мәдени тарихында ерекше орын алады. Соңында тамаша әндер, өлеңдер және қара сөздер қалдырған Абай тек қана ақын емес, композитор және өз өлеңдерін орындаушы. Бүгінгі сыныптан тыс жұмысымыз Абайдың бір ғана қыры — әндері мен өлеңдерінің терең мағынасын ашу болып табылады.
Абай мұралары – адамгершіліктің, имандылықтың, биік парасаттылықтың асыл қазынасы. Осыған орай бүгінгі «
Өлең сөздің патшасы сөз сарасы» атты сыныптан тыс тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер (Әділ – қазылар сайлау) .Сайыстың ережелерімен түсіндіру. Енді келесі сөз кезегін жүргізушілеріме беремін. (слайд).
[pic] [pic]

1-жүргізуші:
Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,
Оның тәтті оранған мәні оятар.
Кейі зауық, кейі мұң дертін қозғап,
Жас балаша көңілді жақсы уатар


2-жүргізуші:

Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең.
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,
Ойласаңшы бос қақпай елең-селең.

1-жүргізуші:
Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл,
Қыз таныстыр — қызыққа жұрт ыржаңшыл.
Қынаменде, жар-жар мен беташар бар,
Өлеңсіз солар қызық бола ма гүл?

2-жүргізуші:
Өлең деген — әр сөздің ұнасымы,
Сөз қосарлық, орайлы жарасымы.
Сөзі тәтті, мағынасы түзу келсе,
Оған кімнің ұнасар таласуы?

Енді келесі кезекті Абай өлеңдерін оқуға береміз. Жыл мезгілдері.

Сергеева Арина – «Қыс», Усиниевич Руслан – «Көктем», Жаңбырбаев Айтбек – «Жаз», Сайлау Нұрперзент – «Күз».

[pic] [pic]

1-жүргізуші:

Білімдіден шыққан сөз,

Талаптыға болсын кез

Нұрын сырын көруге,

Көкірегінде болсын көз.

2-жүргізуші:

Жүрегі - айна көңілі - ояу,

Сөз тыңдамас ол баяу.

Өз өнері тұр таяу,

Ұқпасын ба сөзді тез?

Мәнерлеп оқу. Маханов Әділет – «Ғылым таппай мақтанба»

Муханбеткалиева Динара – «Әсемпаз болма әрнеге»

Тәртіпбай Қарақат – «Сабырсыз, арсыз еріншек»

Серік Әсел – «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»

Мұратбеков Назымбек – «Қыран бүркіт»

Советбек Елдос – «Білімдіден шыққан сөз»

Ыбырай Айжан – «Әбдірахман науқастанып жатқанда», «Сап-сап көңілім, сап көңілім»

Қадыр Алмагүл – «Жүрегім нені сезесің».Мәнерлеп оқудан әділ-қазылар қорытындысы.

Анас Наурыз – «Өлең сөздің патшасы – сөз сарасы»

[pic] [pic]

Мұғалімнің сөзі: Енді келесі тамашалайтын сайысымыз өзге ұлт өкілдері арасындағы Абай әндері сайысы.

1-жүргізуші:

Әннің де естісі бар, есері бар,
Тыңдаушының құлағын кесері бар.
Ақылдының сөзіндей ойлы күйді
Тыңдағанда көңілдің өсері бар.

 «Айттым сәлем, Қаламқас,
Саған құрбан мал мен бас...» деп басталатын Абайдың әйгілі әнін білмейтін қазақ кем де кем. Алайда, тыңдарманы қалың, үлкен сахналардан бастап ауыл арасындағы жиын-тойларда, көңілді кештерде шырқалып, бүгінге дейін ел ішінде сүйкімін жоғалтпай келе жатқан бұл туынды әр қазаққа, қазақ деймін-ау, тіпті, өзге ұлт өкілдеріне де жақсы таныс.Бұл әннің мәтініне мән берсек, Абайдың әйел затының әйдігі, хор қызындай сұлуға соншалық ынтық болғанын анық аңғарамыз. Сонда «Ұлы ақынның жүрегін жаулаған, тұла бойын оттай күйдірген Қаламқас ару кім болды екен?» деген сауалдың құлақты қылтитатыны заңдылық.

Ән: А.Құнанбаев «Айттым сәлем қаламқас» - Митковская Анастасия


2-жүргізуші:

Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа,
Адам ойы түрленіп ауған шақта.
Салған ән — көлеңкесі сол көңілдің,
Тактысына билесін ол құлаққа.

Ақын шығармаларының өзекті тақырыбы -  [link]  жанды бейнедей ерекше лирикалық леппен тамаша суреттеледі. Бір ғажабы, өзгеше сезім құрсауындағы сұлу қыз жоқ, жай ғана қыз –түн жамылып, сүйгенімен кездесуге шыққан қыз туралы тек өлеңнің 3-шумағында ғана, онда да соңғы тармақтарда айтылады. 


Ән: А.Құнанбаев «Желсіз түнде жарық-ай» - Боган Женя


Мақал-мәтелдер

  1. Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек

  2. Бес нәрсеге асық бол,

Талап, еңбек, терең ой

Қанағат, рақым ойлап қой

Бес асыл іс көнсеңіз

  1. Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,

Әннің тәтті оралған мәні оятар.

Марапаттау.

[pic] [pic] [pic]