Ел еркесі - Ақан сері

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


3 сынып

Сабақтың тақырыбы: Ел еркесі - Ақан сері.

Сабақтың мақсаты:

1.Музыкалық білімін жетілдіру. Ақан серінің өмірі мен шығармашылығымен танысу.

2 Баланың музыкалық талғамын ашу. Ән – жырға деген сүйіспеншілігін арттыру.

3.Адамгершілікке, Отанын сүюге, елжандылыққа тәрбиелеу.

І. Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен амандасу, түұгелдеу;

ә) оқу құралдарын даярлату, тексеру;

б) сабаққа назарын аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

ІІ. Екінші сынып материалдарына шолу жасау.

ІІІ. Жаңа сабақ:

Ел еркесі – Ақан сері

Ақан серінің шын аты - Ақжігіт. Халық оны « Ақан сері» атап кеткен. Қазақ халқында өзі әнші, өзі ақын, өзі домбырашы, өнерлі жігітттерді « сал – сері» деп атаған. Сал – серілер елден ерекше киініп, басына үкі тағып, жүйрік ат мініп, қасына бір топ әнші, күйші, палуан - өнерлі жігшіттерді ертіп жүретін болған.

Ақан серінің Құлагер деген аты болды. Атақты Саййдалы байға ас беріледі. Осы аста ат бәйгесі болады. Бәйгеге жүзден астам ат қосылады. Ақан сері де Құлагерін дайындайды. Құлагерді бұл бәйгеде бірінші болып келеді деп ешкім ойламайды. Өйіткені Құлагер бәйгеге қоспағанда сәйгүлікке ұқсамайды екен. Ат жарыстың алдындап Құлагерді атбеггілер « Мынау шабатын атқа ұқсамайды ғой», - дейді. Сонда Ақан сері: «Аттың жүйрігін бәйне көрсетер», - деп Құлагерін жетектеп жүріп кетеді. Ал Құлагер болса, аяғын жайбарақат маң маң басып кете барады.

Бұл бәйгеде Құлагер үш жүз ататн озып, бірінші келеді. Сонда Ақан сері Құлагердің маң – маң басқан жүрісіне арнап « Маңмаңгер» атты әннін шығарған.

Осы Сағынайдың асында Құлагерге қастандық жасалады. Ақан секрінің оған арнаған әні халық арасында « Құлагер» атанып кетеді.

Музыка тыңдау: « Маңмаңгер» Ақан сері.

Ән орындау:

« Балалық шақ»

Әні: А. Маханбетова Сөзі: Ә. Асылбек

Былдырлаған бал тілімнің,

Тәттілігін танытқан.

Туған жерім, түйсігімді,

Танымымды танытқан.

Ана тілім, баба тілім,

Мен өзіңді сүйемін.

Өз тілімде жазған тарих,

Шежіреме иемін.

Қайырмасы:

Балалық шақ,

Шыңырауы шаттықтың.

Балалық шақ,

Бал бұлағы пәктіктің.

Жапырағы жас құрақтың,

Шамшырағы жастықтың.

Балалығы басым ерке,

Ұланыңмын бүгінгі.

Туған елім есейгенде,

Көтеремін жүзіңді.

Ана тілім, баба тілім,

Мен өзіңді сүйемін.

Өз тілімде жазған тарих,

Шежіреме иемін.

Қайырмасы:

IV. Сабақты қорыту.

-Ақан серінің шын аты кім?

-Ақан серінің жүйрік атынг қалай атаған?

-Құлагердің мінезі қандай екен№

-Бәйгеге қанша ат қосылып еді?

-Құлагердің жүрісіне арнап Ақан сері қандай ән шығарға?

V. Үйге тапсырма.

Ел еркесі-Ақан сері туралы оқып келу.

Ә. Асылбеков «балалық шақ»- жаттау