Сабақтың тақырыбы: Өнерін өрлеткен топ
Сабақтың мақсаты:
а) «Дос-Мұқасан» ансамблі туралы әңгімелеу
ә) Әнді әуенімен дұрыс орындауға, музыканы бағалай білуге тәрбиелеу.
б) Ойын арқылы қызығушылықтарын ояту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың әдісі:баяндау, сұрақ-жауап, ойқозғау, орындау
Сабақтың көрнекілігі: Интернет материалы, өнер адамдарының суреттері, музыкалық аспап
Сабақтың түрі : аралас сабақ
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру.
ІІ.Шаттық шеңбері. Ортаға дөңгеленіп тұрады. Ортаға «Музыка» деген ұғымды тастайық. Өз ойларымызды «Өрмекшінің торын» құру арқылы ортаға салайық.
Оқушылар жауабы: Музыка – адамның ойын, іс-әрекетін дыбыстық формада суреттейді, музыка - мәдениетке үйретеді, ойлай білуге, сезім сұлулығына үйретеді, жан сұлулығы, рухани азық, жаныңды сергітеді, көңіл-күйіңді көтереді, мәдени талғамы өседі, мұңайтады, өнердің түрі. Орындарына отырады.
Сендер өте жақсы айттыңдар. Иә, біздің өмірімізді музыкасыз елестету қиын. Сол үшін де адам баласы келешектен күткен үмітін, көңіл түкпірінде ұялаған арманын да музыка арқылы жеткізген. Ал музыканы қандайда бір аспаптың көмегімен жеткізген.
ІІ. Үй тапсырмасы.
Слайд-сұрақ
[pic] [pic]
1.Батыс Еуропада фортепиано аспабы қай ғасырда пайда болды? (ХҮІІІ ғ).
Батыс Европада фортепиано аспабы ХҮІІІ ғасырда пайда болып, бүкіл мәдениеттің тарихи даму жолына өз әсерін тигізді.
2.Фортепиано аспабын кім ойлап тапты?
1709 жылы Бартоломео Кристофори есімді италиялық музыкант алғашқы фортепиано аспабын ойлап тапты. Содан кейін ол өзінің осы туындысын "gravicembalo col piano e forte" (нәзік әрі жарқын дауыспен шығатын пернелі аспап) деп атады. Бұл атау уақыт өте келе қысқартылып, жәй ғана «фортепиано» деп аталатын болды. Фортепиано — ішекті соқпалы-клавишті рояль мен пианино музыкалық аспабының жалпы атауы. Фортепиано өнері әлемдегі классикалық музыканың негізін қалады және ХІХ ғасырда ең биік деңгейге жетіп, әлем халықтарының арасында зор беделге ие болды.
3.Классикалық музыка деп ең үздік әрі көрнекті күрделі, көркем туындыларды айтады
«Қазақстанның фортепиано өнері».
1.Қазақстандағы фортепиано өнері қалай қалыптасты?
2. Алматы консерваториясында фортепиано сыныбы қай жылы ашылды? (1945ж)
Алғаш ашылған фортепиано сыныбының меңгерушісі Мәскеу консерваториясының профессоры Г.Н.Петров болды. 1947жылы консерваторияда алғаш рет пианистер сайысы ұйымдастырылып, сол сайыста қазақтың тұңғыш пианисі Нағым Меңдіғалиев жеңімпаз атанады.
[pic] Меңдіғалиев Нағым- композитор, ҚазССР-нің еңбегі сіңірген өнер қайраткері, профессор. (1921-2006) жылы Орал облысында туған. Қазақтың алғашқы кәсіби пианисі. Қазақстандағы фортепиано музыкасының дамуында болған жетістіктері Нағым Меңдіғалиевтің атымен тығыз байланысты. Ол көптеген фортепианоға арналған алғашқы туындылардың авторы. Ол 300 - ден астам аспаптық пьесалар, әндер, романстар, спектакльдерге арналған музыка жазды.
1983жылы Алматы консерваториясының ректоры Ғазиза Жұбанова Кеңес үкіметі басшыларынан пианистердің Бүкілодақтық іріктеу сайысын өткізуге рұқсат алады. Сөйтіп алғаш рет Орта Азия халықтарының арасында бұрын-соңды болмаған ауқымды Одақтық сайыс өткізіледі. Осы сайыста Станислав Бунин мен Жания Әубәкірова жеңіп шықты. Екі орындаушы да Францияда өтетін халықаралық сайысқа жолдама алды.Сол Париж қаласында өткен сайыста алғаш рет Азия халықтарының арасынан барған қазақ қызы Жәния Әубәкірова үлкен табысқа жетіп, лауреат атанды. Жания Әубәкірованың осы жеңісі Қазақстанның фортепиано өнерінің биік кәсіби деңгейін өсіріп, әрі қарай дамуына жол салды.
[pic] Жания Әубәкірова Күләш Байсейітова атындағы Республикалық музыка мектебін тамамдаған. Мәскеу консерваториясынан білім алған. 1981 жылдан бастап Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында ұстаздық қызмет атқарған. 1997 жылы осы консерваторияның ректоры болып тағайындалды. Ол – Қазақстанның халық әртісі, Қаз.Р. Мем.сыйлығының иегері. 1983 жылы Францияда өткен Маргарита Лонг және Жак Тибо атындағы халықаралық сайыста лауреат атанды. 2000 жылдан бастап Жания Әубәкірова Орта Азия халықтарының арасында халықаралық пианистер сайысын өткізіп келеді. Осы сайыста Қазақстанның жас орындаушылары фортепиано өнерінің биік деңгейін көрсетіп, үлкен беделге ие болуда.
Ж. Әубәкірованың орындауында Н. Меңдіғалиевтің фортепианоға арналған «Домбыра туралы аңыз» атты шығармасын тыңдап көрелік.
Шығарманың сипатын анықтау:
Шығарма қалай орындалды?
Қандай музыкаға жатады?
Оның «Домбыра туралы аңыз» атты концерттік пьесасы қазақ фортепианолық музыкасының ең танымал туындысына айналды. Ал қазіргі таңда Алматы консерваториясында қалыптасқан фортепиано мектебі классикалық музыканың дамуына, дарынды жастарға әлемдік деңгейде білім беріп, кәсіби орындаушы болып қалыптасуына зор ықпал жасап келеді.
Тақтаға назар аударайық
Музыканың түрлері: классикалық, камералық, джаз, рэп, рок, дәстүрлі ән мен күй, симфониялық, эстрадалық.
Ән айтатын адамды кім дейміз? Әншілер әнді қалай орындайды?
Жеке дауыста, екеу, үшеу, төртеу болып орындайды. Жұппен айтатын әншілерді кім дейміз? Жұппен айтатын әншілерді дуэт, үшеу-трио, квартет-төртеу. Мысал келтіру. Арнау, Мұз-Арт, Жігіттер, Асыл, Дос-Мұқасан т.б.
«Дос-Мұқасан» тобының суреті. Осы топтың қай өлеңін жақынырақ білеміз? Олай болса, осы бір әнді тыңдай қояйық. Өмірде өз орнын алған талай жастың, бүгінгі ел ағалары мен ел аналарының кезінде жанынан, ойынан тастамайтын рухани еншісі, махаббатының куәгері «Той жыры»әні әлі күнге дейін шырқалып, халықтың жүрегінен орын табуда. Осы топ туралы тағы не білеміз? Сендерге зерттеп келу тапсырылған еді.
Оқушылардың жауабы. (Слайдпен жұмыс)
«Дос-мұқасан» тобының құрамы
1967 жылы Қазақ политехнологиялық иниститутының(қазіргі Қазақ мемлекеттік ұлттық техникалық университеті) жанынан құрылды. Ансамбль аты оны ұйымдастырушылар (Досым Сүлеев, Мұрат Құсайынов, Қамит Санбаев, Александр Литвинов) есімдерінің алғашқы буындарынан құралған. Яғни Досым, Мұрат, Қамит, Саня. Ансамбльдің аталған алғашқы құрамына кейіннен М.Молдабеков, Қ.Әжібаева, Ш.Омаров, Б.Жұмаділов, Н.Құсайыновтар қосылды. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі — 1972 жылдан бері композитор [link] лауреаты (1974). Минск қаласында өткен ІІ Бүкілодақтық кәсіпқой әртістер байқауында, Беларустың атақты «Песняры» тобымен ақтық сынға түсіп, бірінші орынды жеңіп алды. Көп ұзамай, Германияда өткен Х дүниежүзілік жастар мен студенттер фестивалінің Үлкен алтын медаліне ие болды.
Ансамбль мүшелері: Видео көрсету. (4.40-06.20)
Бүгінгі күні «Дос-Мұқасанның» арасында Қамит Санбаев, Шәріп Омаров, Бақытжан Жұмаділов секілді асылдарымыз жоқ, қатал тағдыр оларды бұл өмірден ерте жұлып алып кетті.
«Дос-Мұқасан» ансамблі халық композиторларының әндерін өңдеп, орындай бастайды. Электрлі аспаптар сүйемелдеуімен орындалатын халық әндері жаңаша әуенмен халықтың жүрегіне бірден жол табады. «Дос-Мұқасан» халықтың сүйіп тыңдайтын ансамбліне айналады.Ансамбль мүшелері кәсіби музыканттар болмағанымен, жаңа әндер де жаза бастайды. «Дос-Мұқасан» орындауындағы «Той жыры», «Алматы түні», «Құдаша», «Сұлу қыз», «Куә бол» т.б әндері әртүрлі мерекелік кештердің, той думандардың, концерттердің сәніне айналды.
«Дос-Мұқасан» әндерінен үзінді тыңдау.
Ән шырқайық - попурри
Тағы да табиғатқа арналған қандай әндерін білесіңдер? «Туған жер», «Алатау».
Алатау дегенде көз алдымызға не келеді?
Тау бөктері, ағаштар, су, шөп, гүлдер, тау шыңы.Олай болса, Дос-Мұқасан тобының алғашқы репертуарынан «Алатау» әнін тыңдап, үйренейік. (11.47-13.45)
Осы әнді тыңдап, үйрене отырып, біз нені білдік?
Идеясы: туған жерге, табиғат сұлулығына деген сүйіспеншілік, алып Алатаудың әдемі шыңдары.
Мазмұны: алып, манаураған, қызыл-жасыл гүлді, көрікті,
Тәрбиелік мәні: сурет салу ( үйге тапсырма)
«Әуенді тап» Әртүрлі әндерден үзінді беріледі, балалар әннің атын табады.
16 қыз, Ақ сиса, Куә бол, Дударай, Сұлу қыз, Той жыры, Сұлу бойжеткен.
«Кезбе тілші» Есік қағылып, сыныпқа тілші және видеоға түсіруші кіреді. Сәлематсыңдар ма, балалар!
Біздер, №4 мектеп-интернаттың тілшілеріміз, мектеп ұстаздарының іс-тәжірибесін жинақтап, республика көлемінде шығатын кітапқа материал жинақтап жүрміз. Музыка сабағы жүріп жатқанын естіп, балаларға бірнеше сұрақтар қояйын деп келіп едік.
Сендер тілшілердің қызметі туралы білесіңдер ме?
Тілшілер ел арасында өнерімен, еңбегімен, ерекше талантымен т. б. танылған адамдардан сұхбат алады. Сұхбат дегеніміз кәдімгі әңгімелесу, немесе сұраққа жауап беру.
Қойылған сұраққа толық, анық жауап беруге тырысыңдар, жарай ма?
- Бастадық онда! (қолына микрофон ұстай сұрақ қою арқылы оқу іс - әрекетін қорытындылайды)
1. Бүгінгі оқу іс - әрекеті барысында қандай музыкалық іс - әрекеттер орындалды?
2.Қандай топпен таныстыңдар?
3.«Дос-Мұқасан» ансамблі қай жылы құрылды?
4.Алғашқы мүшелері кімдер?
5. Қандай музыка тыңдадыңдар?
6.Үйренген әннің аты қалай аталады?
7.Дос-Мұқасанның орындауындағы қандай әндермен таныстыңдар?
Рахмет, балалар. Бүгінгі сабақтан жақсы мағлұмат алған екенсіңдер.
Гүлбарам Хамзақызы өзіңіз не айтар едіңіз?
«Ақыл көпке жеткізер,
Өнер көкке жеткізер» деп халқымыз тегін айтпаған болар.
Тәуелсіздікке қолы жеткен еліміздің өнер саласында айтулы еңбегі бар, халқының, ұлтының асқақ арманының туындай желбіреген, намысын қайшылап, рухын көтерген «Дос-Мұқасанның» елеулі еңбегі жұрт жадында, халық жүрегінде, ол ешқашан ұмытылмайды. Мәңгі шырқала береді.
Бүгінгі өнерімізді дамытатын, мәдениетімізді көркейтетін өнерлі өрендер сендерсіңдер.
Отанның игілігіне үлес қосатын білімді, тәрбиелі, азамат болыңдар!
Тілші: Сұхбаттарыңызға көп рахмет. Сау болыңыздар.
Рефлексия.
Ал енді, балалар бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңыздар? Алдарыңыздағы суреттерді бояу арқылы сабақты қандай деңгейде түсінгендеріңізді білдіріңіздер.
Бағалау.
Музыка пәнінің мұғалімі: Масалимова Гүлбарам Хамзақызы
№4 облыстық мектеп-интернат
Атырау қаласы