Ашық сабақ Оюмен ой айтқан елміз

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


«Оюмен ой айтқан елміз»
Білім беру саласы: Шығармашылық
Оқу іс - әрекеті: Музыка
Ұйымдастырылған ашық оқу іс - әрекет тақырыбы:«Оюмен ой айтқан елміз»
Мақсаты:
- Музыкалық шығарманы тыңдап, сипатын ажырата білуге үйрету;
- Ою - өрнекті толығырақ білу, оны би қимылымен, әнмен, мақал - мәтелмен ұштастыру;
- Ою - өрнек арқылы балалардың дене бітімінің қалыптасуына, адамгершілікке тәрбиелеу;
- Балалардың көңіл - күйін көтеру, мақал - мәтел, әндерді анық, нақты нақышына келтіре орындауға үйрету

Аспапта ойнау:
Сәлеметсіңдер ме!
- Балалар, біз бір - бірімізбен амандастық, енді қараңдаршы бізге қонақтар да келіпті. Қанекей қонақтармен де амандасайық.

Енді көтеріңкі көңіл - күймен іс - әрекетімізді бастайық.
- Балалар, мына әнді («қыз сыны» М. Омаров) тыңдаңдаршы, бұл әнді сазгер ағамыз жазған екен. (суретімен таныстыру). Бұл әнде қазақ қызының сымбатын, нәзіктігін, ибалылығын қазақ халқының ұлттық киімін, яғни үкілі камшат, бүрмелі көйлегін дәріптеген екен.
Сонымен балалар, бүгінгі іс - әрекетімізді ерекше қылып өткізейік. Қазақтың ұлттық ою - өрнегін әнімізге қосып, би қимылдарын көрсетейік. Жаңағы тыңдалған әніміздегі үкілі камшат, бүрмелі көйлекте осы қазақ халқының ою - өрнектері салынады. Сонымен, балалар бүгін біз шебер болайық.

- Балалар, шебер деп кімдерді айтамыз?

- Дұрыс, яғни қолөнермен айналысатын адамды айтамыз.
Сендер қандай қолөнер түрлерін білесіңдер?

- Сонда осы қолөнердің бәріне не салынады?
- Дұрыс айтасыңдар. Қандай ою - өрнектерді білесіңдер?

- Дұрыс. Олай болса балалар орнымыздан тұрып, өткен оқу іс - әрекетімізде үйренген «Өрнектер» әнін есімізге түсіріп орындайық. Ал, әнді айтуға біздің дауысымыз дайын ба?

- Қане денемізді бос ұстап, тік тұрамыз.

Ра - ра - ра,
Мен тар - та - мын дом - бы - ра.

- Дауысымыз ән айтуға дайын, енді әнімізді айтайық.
- Ән айтқанда қандай ереже сақталу керек?

- Дұрыс. Дем алғанда иықты көтермейміз, әр дыбысты анық, әдемі айтамыз.

Орнымыздан тұрайық,
Ән шырқайық, жырлайық.
Осы ою - өрнектерді
Әнге қосып айтайық.

Ән: «Өрнектер»

- Рахмет балалар. Айтыңдаршы, бұл ән көңілді ме әлде көңілсіз бе?
- Дұрыс. Әніміз көңілді, жайдарлы.

Балалар, осы ою - өрнек, шебер тақырыбында біздің сазгер аға - апаларымыз көптеген әндер жазған. Сол әндердің бірі -«Шеберлер әні». (Сазгердің суретімен таныстыру). Қазір сендер жаңа ән үйренесіңдер. Әнді тез жаттап алу үшін «Сиқырлы таяқша ойынын» ойнаймыз.

Ойын: «Сиқырлы таяқша» (таяқша арқылы ән үйрену)

- Сонымен балалар, ою - өрнекті қолөнерге де, әнімізге де қосады екенбіз, онымен бірге би қимылдарына қосуға болады екен. Қазір сендерге әрбір ою - өрнекке байланысты қимылдарды суреттен көрсетемін. Ал сендер қай өрнек екенін айтасыңдар. (Суреттерді көрсету)

- Балалар, кілемді қалай тоқитынын білгілерің келеді ме?
- Олай болса, қыздарымызды ортаға шақырайық. «Кілем тоқу» биін билеп берсін.

Би: «Кілем тоқу»
(бұл биде «тарақ», «толқын», «құс тұмсық», «шиыршық», «сыңар мүйіз» өрнектерінің қимылдары көрсетіледі).

- Ал қыздар айта қойыңдаршы, кілемдеріңе қандай өрнектер кестеледіңдер?

- Балалар, сонымен бірге ою - өрнекке, өнерге, шеберлікке байланысты көптеген мақал - мәтелдер де бар екен. Кім қандай мақал - мәтел біледі?

- Енді балалар, серігіп алайық. Ойын ойнағыларың келеді ме?
«Көбелектер гүлге қонды»

- Дұрыс айтасыңдар, балалар. Қазір біз балалардың сахналауында «Ең әдемі көйлек" атты көрінісін тамашалаймыз. Қане, оюлар рөлінде ойнайтын балалар шыға қойыңдар.
Сахналық көрініс:

«Ең әдемі көйлек»
Таусоғар, Саққұлақ, Қарашаш, Тазша бала – тәрбиешілер.
Автор - музыка жетекшісі

Ортаға Тазша бала жүгіріп шығады. қолында оралған ұзын қағазын оқиды:

Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Жаңалықтан құр қалмаңыздар!
Бүгін шаһарда қазақтың ұлттық киімдерінен байқау өтеді.
Қызықтан кеш қалмаңыздар!

Автор: Бұл жаңалықты естіген Қарашаш сұлу қандай көйлек киерін білмей көп ойланды.(айна алдында Қарашаш сұлу ойланып отырады). Сол сәтте жолшыбай өтіп бара жатқан Таусоғар Қарашаш сұлудың мұңайып отырғанын байқап қалады.
Таусоғар: армысыз, Қарашаш сұлу! Неге мұңайып отырсыз? Әлде біреу тиді ме?
Қарашаш. Жо - жоқ! Ешкімде тиіскен жоқ. Бүгін шаһарда ұлттық киімдерден байқау өтпек. Ал мен қандай көйлек киерімді білмей отырмын?..
Таусоғар: Ә, солай ма?! Сізге қалай көмектессем екен? Тіпті менің алып күшімнің де пайдасы болмады. (ойланады). О, таптым! Менің Саққұлақ деген досым бар. Мүмкін соның көмегі болып қалар? Сен мұңайма, жарай ма? Қазір мен Саққұлақ досымды осында жіберейін. (шығып кетеді)
Автор: осылай деп Таусоғар Саққұлақ досын іздеп кетті. Көп ұзамай Саққұлақ та көмекке келді.
Саққұлақ: Амансыз ба, Қарашаш сұлу! Мұңайып отырғаныңызды білемін. Мүмкін менің көмегім тиіп қалар. Менің мына үлкен құлағым алты айлық жерде не болып жатқанын естиді. Қазір тың тыңдап көрейін. (жерден тың тыңдайды)
Саққұлақ: Алақай! Қарашаш сұлу, мұнда Өрнектер елінен бір топ ою - өрнектер сізге көмекке келеді. Бірақ олар дауласып келеді. Рұқсат болса, мен оларға жол көрсетіп, осында жіберейін. (шығып кетеді)
Автор: Көп ұзамай дауласып ою - өрнектер де келіп жетті.
Қарашаш: Шуламаңдар! Неге дауласып келесіңдер?

Қарашаш: Ау, достарым! Бұларың не? Айтысқандарың не? Осы тұрған бәрің де әдемісіңдер. Әрқайсыңның ерекше өз орындарың бар. Одан да бірлесіп достасып, менің мына көйлегіме оюларыңды өрнектей қойыңдар.

(плакаттағы суретті әшекейлеу)
«Көйлекті әшекейлеу»

Қарашаш: керемет! Қандай әдемі көйлек болып шықты. Көмектеріңе рахмет, достарым. Ал мен кешікпей сайысқа барайын. Сау болыңдар!(шығып кетеді)

Автор: Осылай Әдемі көйлегіне қуанып, Қарашаш сұлу байқауға асығып кетті. Әрине біз оның жеңіспен оралуына тілектеспін.

- Балалар, рахмет сендерге, орындарыңа отыра қойыңдар. Мінекей балалар, біз ою - өрнектерді киімдерге де өрнектейді екенбіз. Мұнда қараңдаршы, қолымдағы қандай аспап?
- Ия. Тіпті оюды аспаптарға бейнелейді екен.(домбырадағы өрнекті көрсету) Тағы да
қандай ұлттық аспаптарды білесіңдер?

- Дұрыс айтасыңдар. Қолөнер шеберлері аспаптарды да оюлармен әрлеген екен. Олай болса, балалар осы аспаптармен шағын оркестр ұйымдастырайықшы. Кім қандай аспапта ойнайды? келіп аспаптарыңды ала қойыңдар.
«Біз - өмірдің гүліміз»
оркестрде ойнау. Балалар музыка ырғағымен кіріп, әуенмен әндетіп амандасады.
Сәлеметсіз бе, апай?

Орнымызға тұрайық,
Алақанды ашайық.
Күннің нұрын салып ап,
Таза ауаны жұтайық.
Жүрекке жылу салайық,
Қонақтарға шашайық.

Балалар әнді мұқият тыңдайды.

- Қолынан бәрі келетін, он саусағынан өнер тамған адамды айтамыз.
- Зергерлік, кілем тоқу, киіз басу, алаша тоқу, кесте тоқу т. б
- Ою - өрнектер.
- Тұмарша, шаңырақ, қошқар мүйіз, құс қанаты, құс тұмсық, сырға, толқын т. б.
- Жоқ. Дауысымызға жаттығу жасаймыз.
Балалар дауысқа жаттығу жасайды.
- Қолды тізеге қойып, түзу отыру.
Балалар әнді дұрыс айтуға тырысады.

- Көңілді.

- Балалар ойынға белсене қатысып, әнді тез жаттап алуға тырысады.
Балалар өрнектерді ажыратады.
- Ия!
Қыздар биді нақышына келтіре билеуге тырысады.
Балалардың жауаптары
-«Өнерлі өрге жүзер»
-«Өнерліге он өнер де аз»
-«Қол өнері - кілемде,
Сөз өнері - өлеңде»
-«Шеберлікке шек жоқ» т. б.

- Ия!
Балалар ойынға белсене қатысады.
Рөлде ойнайтын балалар бастарына ою - өрнек атрибуттарын киеді.
(ою - өрнек рөлінде балалар ойнайды)
Тұмарша: Біз ою - өрнектерміз. Сіздің көйлегіңізге әдемі өрнек бола аламыз. Мен - Тұмаршамын. Егер мені қасиеттеп мойынға тақса, пәле - жаладан, тіл - көзден сақтаймын.

Қошқар мүйіз: Жоқ, мен әдемімін. Менің атым - Қошқар мүйіз. Мен молшылықты білдіремін.

Құс қанаты: Жоқ. Мені таңдаңыз. Менің атым - Құс қанаты. Мен - еркіндікті, бостандықты білдіремін.

Құс тұмсық: Бәріңнен де мен сұлумын. Өйткені мен - Құс тұмсықпын.
Сырға: жоқ. Мен сұлумын! Менің атым - сырға. Қыздардың құлағындағы сырғаның сұлу көрінісін бейнелеймін.

Толқын: Жоқ, ханшайым! Мені таңдаңыз. Менің атым - толқын. Желдің майда ескен самалын, судың ғажап көрінісін бейнелеймін.
Балалар плакаттағы көйлекке оюларын жабыстырады.
- Домбыра

Домбыра жетіген, сазсырнай, қобыз, дауылпаз, сыбызғы т. б.
Әр бала өз аспабында ойнайды.

Рефлекстік - түзету
(коррекциялық) - Міне, балалар «Оюмен ой айтқан елміз» деп ата - бабаларымыз бізге ойларын ою - өрнекпен мұра етіп, жазып тастап кеткен. Осы өрнектерді біздер толығырақ біліп, оны би қимылымен ұштастырып, билеп есімізде сақтап қалдық. Сонымен ою - өрнек дененің дұрыс қалыптасуына, адамгершілікке тәрбиелейді. Енді бүгінгі іс - әрекетімізді қорыта келе, сендер бүгін не білдіңдер, соған тоқталайық. Мына суреттерге қарап іс - әрекетімізді қорытамыз. (суреттер көрсетіледі)
- Бүгінгі іс - әрекет сендерге ұнады ма?
- Несімен ұнады?

(Есік қағылып, үстінде балалардың жасаған көйлегі бар, ішке Қарашаш сұлу кіреді).
Қарашаш сұлу: Балалар! Қараңдаршы! Менің мына көйлегім байқауда жүлделі орынға ие болды. Әрине бұл сендердің көмектеріңнің арқасында. Енді мен де құр келмедім. Сендерге әкелген сыйлығым бар. Қабыл алыңдар. (балаларға сыйлықтарын таратып, қоштасып шығып кетеді)
- Балалар! Енді қонақтармен де қоштасайық.

- Құрметті әріптестер, назар салып тыңдағандарыңызға көп - көп рахмет! Келген қадамдарыңызға гүл бітсін! Сау болыңыздар!

- балалар суретке қарап жауап береді.
Балалар сыйлыққа қуанады.

Біздің топта ұл - қыздар,
Тату – тәтті ойнаймыз.
Әлемдегі бар адамға,
Тек жақсылық ойлаймыз.
Қош сау болыңыздар!
(Музыка ырғағымен балалар шығып кетеді)

Күтілетін нәтиже:
Білуі: Қазақ халқының ұлттық ою - өрнектерімен толық мағлұмат алу;
Меңгеруі: Би қимылдарын, жаттығуларын, әндерді, рөлдерді сомдауды ұлттық ою - өрнектермен ұштастырып, меңгере білу;
Көрсетуі: Ою - өрнектерді ажырата білуі, білгендерін толық айта білуі;