Тақырыбы: Екі жұлдыз
Мақсаты: Еліміздің жарқын болашағы мен келешегі үшін оқушылардың дарыны мен қабілетінің артуына жол ашып, білімді де өнерлі ұл – қыздарды тәрбиелеу.
Дамытушылық: өнерпаздарды жан – жақты зерттеп, әнді көпшілік алдында қысылмай еркін орындауға бейімдеу, кәсіптік шеберлігін шыңдау.
Көрнекілігі: зал ішін мерекеге сай безендіру. Нақыл сөздер, гүлдер, шарлар, музыка техникасы, комп. Экрандық көркемдеу құралдарын кеңінен пайдалану.
Фанфар.
Күй әуені естіліп тұрады.
1-Жүргізуші:
Армысыздар ағайын, құрбы-құрдас!
Бармысыздар, жанкүйер әз-қауымдас!
Бүгінгі концертті біз бастайық
Қошеметтеп, қол соғып отырайық!
Біздерде ойын-сауық басталады,
Тамаша дүлдүлдерім ән салады
Қош келдіңіз «Екі жұлдыз» байқауына
Ұмытарсыз сабақ бойы шаршағанды, - дей келе Құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар бүгінгі «Екі жұлдыз» дүлдүлдер додасын бастауға рұқсат етіңіздер!
Олай болса, бүгінгі «Екі жұлдыз» байқауына қатысатын үміткерлерді сіздердің қошеметтеріңізбен ортаға шақырайық!!!!
2-Жүргізуші:
1 – жұп
Ән дегенде ерекше бір күй кешкен,
Сұлу сазды әндерімен тербеткен,
Күміс көмей Диас әншімізді қарсы алайық.
Елнұрдай болашақ жұлдызбенен! (музыка ойналады)
2 - жұп
Ботадай көздері бар мөлдіреген,
Достарымен үнемі бірге жүрген.
Әсемдей қыздарыңды қошеметпен,
Қарсы алайық қайсар мінез Аятпенен! (музыка ойналады)
3 – жұп
Ұстаздардың шығар әркез көңілінен,
Достарын мейіріміне бөлеген.
Гиззатов Арсенді біз қарсы алайық,
Аружан атты әнші қыз жұлдызымен! (музыка ойналады)
4 – жұп
Өнерін өзіне серік еткен,
Күлімдеп мейірімімен жылу төккен.
Берікқали Әсемгүлді қарсы алайық
Еламандай әнші, сері жігітпенен! (музыка ойналады)
5 – жұп
Мейірімімен баршаңызды үйіре білген,
Қоғамдық жұмыстарға тағы үлгерген.
Нұрлан Аяулымды ортаға шақырайық,
Таланты жас өнерпаз Арсенменен! (музыка ойналады)
Үміткерлерлер сіздерге сахна төріне қош келдіңіздер дейміз.
1-Жүргізуші:
Келесі кезекте үміткерлерімізге әділ төрелігін айтар әділқазылар алқасымен таныс болайық:
1. Мұқатова Жансұлу Елемесқызы - бастауыш сынып мұғалімі
2. Джумагалиева Гүлмира Алибековна - бастауыш сынып мұғалімі
3. Сикенов сейфолла Қайыржанұлы - бейнелеу пәнінің мұғалімі
«Екі жұлдыз» байқауының ережесімен таныс болыңыздар!
Үміткерлер патриоттық, балаларға арналған тақырыптар желісінде бір әннен шырқауы керек.
Үміткерлер төмендегі критерилер бойынша бағаланады.
Орындаушылық техникасы оның ішінде вокалдық мүмкіндіктері – жоғарғы балл 5 балл;
Әртістігі – жоғарғы балл 5 балл;
Сахна мәдениеті – жоғарғы балл 5 балл.
2-Жүргізуші:
Үміткерлерді сіздердің ду қол шапалақтарыңызбен сахна сыртына шығарып салайық.
Сахна төріне №1 жұбымыз сұңғақ бойы келбетіне сай түскен, қашпайтұғын тапсырылған бар істен, кішігірім ескертулер берсе де, ренжімей күлімдейтін, ашуы еш білінбейтін, сыныптың көңілін өзіне тек қана жақсы іс-әрекетімен тарта алатын, атқарар ісіне жанын салатын, 5а сыныбының жас өнерпазы Бигалиев Диас пен өз ісінің білгірі, көрермен жүрегінен орын таба білген, үлкен мен кішіге бірдей 4 сыныптың спортшы жас өрені Газизов Елнұрды «Қазақстаным» әнімен ортаға шақырамыз!
1-Жүргізуші:
Келесі кезекте №2 жұп достарын аялаған, салтанатты сәні бар, адамдық қасиеттердің бойында бәрі бар, қоғамдық істерге белсене қатысып жүретін 5ә сыныбының оқушысы Кенешова Әсем мен бүгінгі сайысқа бар күшімді саламын деп келген 4 сынып оқушысы Абилов Аятты «Аналардың тілегі» әнімен ортаға құрметпен шақырамыз.
2-Жүргізуші:
-Енді ортаға №3 жұп өз ісіне ұқыптылықпен бойлаған, үйренем деп талпынған, қисық кетпес салтымнан, айтқан тапсырманы тындыратын ұдайы, сүйкімді де сыпайы 5ә сыныбының оқушысы Рахымғалиева Аружан мен мөлдір шықтай жаудыраған жанары, таудай болған ниеті мен талабы, сыныптастар сенімін ақтай аламын деп келген 5ә сынып оқушысы Гиззатов Арсенді «Балалық шаққа саяхат» әнімен ортаға шақырамыз.
1-Жүргізуші:
Сахна төріне №4 жұп - өз ортасында ардақты, атқарар жұмысы салмақты, қысқасы оқушылардың ішіндегі ай мен күндей, 5а сынып оқушысы Газизов Еламан мен 3 сынып белсендісі, «әнді сүйсең менше сүй» -дейтін сымбатты қызымыз Берікқали Әсемгүлді «Жаса қазағым» әнімен қошеметтеп ортаға шақырамыз!
2-Жүргізуші:
Енді ортаға №5 жұп – ойлаған ойы мен сұңғақ бойында бір міні жоқ, асықпай қадам басатын, үн-түнсіз қырдан асатын, ибалы жүзді, ниеті ізгі 3 сынып оқушысы Нұрлан Аяулым мен екілік баға алмайтын, сынып жетекшісінің соңынан бір елі қалмайтын , ісіне жауапты, білімге талапты 1 сынып оқушысы Губашев Арсенді «Бала тілегі» әнімен сахна төріне құрметпен, қошеметтеп шақыралық!
1-Жүргізуші:
Осымен «Екі жұлдыз» байқауы өз мәресіне жетті.
Әділқазылар алқасын шешім шығару үшін кеңесу бөлмесіне шақырамыз.
Әділқазылар әділ шешімін шығарғанша мектебіміздің жас таланттарын сахна төріне шақырамыз.
Ән: «Қазақстаным» орындайтын 7 сынып оқушысы Мухамедиярова Милана
Ән: «Байтақ елім – Қазақстан» орындайтын 4 сынып оқушысы Шойтасов Аман
2-Жүргізуші:
Сіздердің қошеметтеріңізбен бүгінгі «Екі жүлдыз» байқауының үміткерлерін сахна төріне шақырамыз.
1. Бигалиев Диас пен Газизов Елнұр
2. Кенешова Әсем мен Абилов Аят
3. Рахымғалиева Аружан мен Гиззатов Арсен
4. Газизов Еламан мен Берікқали Әсемгүл
5. Нұрлан Аяулым мен Губашев Арсен
Сөз кезегі әділқазылар алқасында.
Марапаттау рәсімі.
1-Жүргізуші:
«Екі жұлдыз» байқауының жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз!
«Екі жұлдыз» байқауының бүгінгі концерті осыменен аяқталды.
2 - Жүргізуші:
Достық жасасыншы мәңгілік,
Достықты жүрейік тек ән қылып.
Татулық пен достық біздің Отанды,
Жарастырсын бейбітшілік сән құрып.
Сәттілік тілейміз. Құрметті қатысушылар «Екі жұлдыз» гимнін бәріміз бірге шырқайық.
Бірге:
Келіп тамашалаған барша көрермен қауымға мың алғыс.
Ән аманат сіздер үшін,
Бар болыңыздар, сау болыңыздар!