Жасы: 3-7 жас
Айы: қазан
Аптасы: 3-4
Күні:19-30
Сабақтың тақырыбы: Жақсы көрем.
Сабақтың мақсаты: Әуенді тыңдап, жіңішке дыбыстарды ажырату. Әнді мәнерлеп айту. Ырғаққа байланысты жеңіл қимылдар жасай білуге үйрету. Көңілді әуен ырғағымен жұптасып жүруді үйрену.Дене мүшелерін игеріп,қолды,аяқты қимылдата отырып әуенмен бірге қимылдар жасауға үйрету.Ырғақпен ілесе қимыл жасауға дағдыландыру.
Міндеті:
Дамытушылық: Сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын молайту. Ойын әрекетін қалыптастыру, кеңістікті бағдарлау, қимыл-қозғалыс координациясын ретке келтіру. Танымдық процестерін, ұсақ-қол мотрикасын дамыту. Балаларға жіңішке-жуан дыбыстарды түсінуге үйрету. Әндерді тыңдауға, айтуға, жаттауға үйрету. Артикуляциялық мимика дыбыс шығаруаппараттарымен жұмыс. Үлкендерді сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Тәртіптілікке, ортада өзін дұрыс ұстауға, мәдениетті сөйлеуге, сөдерді анық таза айтуға үйрету. Табиғатқа, құстарға деген сүйіспеншілігін ояту
Көрнекілігі: үнтаспа
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс: шығармашылық
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
2.Сабақтың мазмұны
«Амандасу» жаттығуын» айтып көңілді әуен ырғағымен аяқтың ұшымен қолды көтеріп жүруді үйретеді.Орындарында тұрып,қолды бұрап қимыл жасайды.Әуенмен айналады,жеңіл үнді музыкамен секіреді.Әуен тоқтағанда бірге тоқтап,қимыл жасауды үйренеді. «Орындарыңда тұрып айналыңдар,денені көтеріп секіріңдер»-деп үйретеді.
Музыка жетекшісі балаға суреттер көрсетеді.
-Мынау не?
-Қол?
-Қолда саусақтар болады.Кәне,бәріміз қолымызды көрсетейік.Ал мыналар саусақтар.Саусақтар былай-былай қозғалады.
-Ал мына суретте не бар?
-Аяқ.Кәне,бәріміз аяғымызға қарайық.Аяқпен не жасауға болады?
-Еденге топылдатып ұруға болады.
-Қазір мен сендерге әдемі ән айтып берейін.
«Бала,бала,балапан» әні(И.Нүсіпбаев,Ж.Смақов )Орындалады.Әнді орындау барысында алдымен алақанды,содан соң саусақтарды әуенмен көрсетеді. Екінші шумағын «топ-топ басайық»деген сөзге келгенде аяқты әуенмен топылдатып, «жалаудан күн жасаймыз»деп,қолды жоғары көтеріп күн жасап, «алтын күн»деген жерінде қолды жоғары ұстап аяқтайды.Ән бірнеше рет қайталанғанда балалардың қимылдары бір-біріне үндесіп,бірге жасауға үйренеді.
«Көңілді ырғақ»ойыны.
Әуен ойналғанда балалар қолдарын шапалақтайды.Әуен тоқтағанда,қолдарын жасырады.
Халық әні «Еркем-ай»әуені ойналғанда балалар аяқтарын топылдатады да,әуен аяқталғанда аяқтарын жасырып отыра қалады.
Сергіту сәті
«Ұшты ұшты»
Сабақты бекіту
Д/қ ойын: «Қандай дауыс?» музыканы тыңдап, жуан-жіңішке дыбыстарды айтады
Үй тапсырмасы
Түрлі түсті қағаздан құстың бейнесін шығару
Сабақты қорытындылау
Күтілетін нәтиже: Музыканы тыңдап, жуан-жіңішке дыбыстарды ажыратуды, дидактикалық ойынды текше арқылы ажыратуды, музыканы тыңдап, би қимылдарын жасауды меңгерту