Жан шуағы қайырымдылық концерт бағдарламасы

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


«Жылы жүрек, жомарт қол»

қайырымдылық концертінің бағдарламасы


Жүргізуші: Қожахметова Айнұр
Қайырлы күн, қадірлі қауым!
Армысыздар, жаны жайсаң, жүрегі жомарт ел ағалары! Болашақта еліміздің өркендеуіне білімді жастар ғана биік асулардан аса алатынын ескерсек, балаларға жасаған қамқорлық елімізге еселеп қайтатыны анық. Ел тірегі, ертеңіміздің кепілі болған жас ұрпақ! Қазіргі уақытта қамқорлық пен қолдауға мұқтаж болған, көңілдерін шер, қабақтарын мұң басқан, әр адамнан қайырымдылық, алақандарынан жылулық сезімін күтетін жанұяларға қолдау көрсетуге арналған «Жаны жүрек,жомарт қол» атты қайырымдылық концертіне қош келдіңіздер!


Жүргізуші:
Шыдамдыны мына өмір ұнатады,
Бірде қуантып, бірде жылатады,
Сүріндіріп кейде сені құлатады.
Жылатып тұрып жұбатады.
Дұшпандарға кейде сені сынатады,
Қатал тағдыр бірақ та шыдатады,
Мына өмір бірақ та қымбат әлі.

Жүргізуші:

Сөз кезегін мектебіміздің директоры Ибраимова Айман Жатынқызына ұсынылады.

Жүргізуші:

Ханымдар мен мырзалар! Жанарларында қашанда мұң тұратын, аяушылықпен қараған адамға осы кісіден бір жақсылық болып қалар ма екен деген оймен, сана сезімінде жалынның ұшқыны лаулап үмітпен қараған, қамқорлық пен қолдауға мұқтаж болған жанұяларға арналған шағын концертімізді бастауға рұқсат етіңіздер.


Музыкалық ән шашу:

1 «Ә» сынып оқушысы Дарубаев Мейірдің орындауында «Сәби бақыты» әнімен.

Жүргізуші:
Бар байлығымыз һәм бақытымыз – бала.
Өмірдің гүлі де солар. Ұрпақ өсір, мәпеле, аяла. Өйткені бақытымыздың баяндылығы да балалармен өлшенбек.

Музыкалық ән шашу:

3 а сынып оқушыларының орындауында «Шығыс» биі.



Жүргізуші:

«Бала - өмірдің гүлі, біздің болашағымыз» деген ұстанымды алға қойған біздің қоғамыздың жанашыр адамдары көптеген игілікті істер атқаруда. Аялы алақанында әлпештеп, жүрек жылуымен әр балаға сенім мен адалдықтың нұрын ұялата білген бүгінгі кешіміздің құрметті қонағы Қасымбекова Айгүл Абыкановнаға сөз береміз

Музыкалық ән шашу:

Мұқан Еркежанның орындауында «Туған жер» әні

Жүргізуші

Мейірімді ізде таза - аңғал жүректен,
Селт еткізіп, сезімді бойда дір еткен.
Мейірімділікті сіңірген адам бойына,
Өмірге мына, жылылықпен гүл еккен.


Музыкалық ән шашу:

Аузбаева Данараның орындауында «Привет» әні

Жүргізуші:

Мейірімділік - ғажайып өмір есігі,
Мейіріммен тербетілер бесігің.
Ашық болсын мұқтаждарға көңілің мен есігің,
Мейірімсіз болсаң,
Алладан болмас кешірім.
Қол ұшын бер мұқтаж жанға жылаған,
Қайтарма қолын ананың көмек сұраған.
Өмірдің ащы дәмін ерте татқан

қол ұшын созам деген жаны жайсаң, жомарт жандар

Музыкалық ән шашу:

2 сынып оқушыларының «Чинури » биімен.

Жүргізуші:
Әр бала бақытты болуға лайықты. Олардың бақытты болуына қызмет жасайтын ересектер осындай игі іске қолдау көрсетіп жатса, құба - құп емес пе.

Музыкалық ән шашу:

Әкім Заңғардың орындауында «Жаяу» әні.





Жүргізуші:
Пейілділік көл - көсір,
Жомарттық ерге сын.
Кеңдігін көрсеткен.
Қайырымдылық қорында,
Ізгілік жолында.
Мың алғыс, ағалар,
Рухы елдің жебесін.

«Арнау» Тұрсынжұма Аягөз.

Жүргізуші: Қожахметова Айнұр
Абайдың он төртінші қара сөзіне жүгінетін болсақ, «Нағыз жүрек ісі рақымдылық, мейірбандылық және әр түрлі істе адам баласының бәрін өзіне тартып, бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді» дегендей бүгінгі қайырымдылық кешіне кең пейілділік танытып келіп отырған әр адамға алғысымыз шексіз.


Музыкалық ән шашу:

6 «В» сынып оқушыларының орындауында «Мама» әнімен.


Жүргізуші:
Ақыл адам көрігі, ақылдың сабыр серігі. Ал бейтаныс адамға жылы шырай білдіру, көңілін көтеру, кемшілігін кешіріп, демеу болу – жомарттық.

Музыкалық ән шашу:

Тұрсынжұма Аягөз «Жетім қыздың монологы»


Жүргізуші:
Өмір дәмі, екі дәм: Ащы – Тәтті,
Таңдайыңа тиеді: Жұмсақ – Қатты.
Жолында жолығатын екі тағдыр,
Күтеді Адам үшін сын сағатты.
Өмір деген тұрмайды: Қап - қарадан.
Өмір деген тұрады: Ақ – Қарадан,
Ақ – Қара, екі арасын ашып өтіп,
Арымен өз бақытын тапқан Адам!


Музыкалық ән шашу:

2 «б» сынып оқушысы Мейіржанның орындауында «Қызыл өрік» әнімен

Жүргізуші:
Өмір деген тәтті екен әрқашан да,
Қуаныш пен мұңменен қарсы алсаң да.
Мен өмірді сүйемін пәк жүрекпен,
Күресуге үйренем шаршасам да.
Бала жүрек риза жаратқанға,
Жарқыраймын әр күні таң атқанда.
Қиындыққа мойымай қарсы тұрып,
Мен өмірді сүйемін әрқашан да.

Қайса Ерсін «Қазақ жастары» әнімен
Ертеңге талпыныс, болашаққа бағдар, игі іске ұмтылыс – адамзатқа тән құбылыс. Ендеше, көп болып, асыл арманына қол созған мұқтаж жандарға қолымыздан келген көмегімізді аямайық. Бала сенімінің нық болуына қадам жасайық!Бір- бірімізге жақсылық жасауға асығайық! Назарларыңыз экранда болсын!

Жүргізуші: Қожахметова Айнұр
Жасұланқызы Аяулымның орындауында «Мереке» әні

Кайырымдылық кқцертіміздің қорытынды сөзін мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Аманбаева Индира Жомартқызына ұсынылады.

Жүргізуші: Қожахметова Айнұр
Шерменде болған жүрекке, жылулық сәулесін шашқан, балаларға қол ұшын береміз деген ыстық ықыластарыңыздан бақ, ойларыңыздан саналы сезім, мұқтаж жандарға қамқорлығын аямаған сіздердей азаматтарға алланың нұры жаусын демекпіз. Осымен біздің «Жаны жүрек, жомарт қол» қайырымдылық концертіміз аяқталды.


























Мыңбаев ауылындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен


















«Жылы жүрек, жомарт қол»

қайырымдылық концерті





















2015-2016 оқу жылы