«Музыкалық үйшік» ұйымдастырылған оқу қызметі

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


«Музыкалық үйшік»


«Музыкалық үйшік» ІІ - кіші топқа арналған ашық оқу іс - әрекеті
Мақсаты: а) Ақпараттық – құзыреттілік. Музыкалық үйшік тұралы түсініктерін кеңейтіп, оның жәй үйшіктен ерекшеліктерін тануға үйрету.
б) Коммуникативтік - құзыреттілік. Музыкалық қабілеттерін дамыту. Қызығушылықтарын білдіру, әнді таза, анық дауыспен орындауды қалыптастыру.
в) Проблеманы шешу құзыреттілігі. Ырғақты сезіну, есте сақтау, ойын арқылы балаларға « жоғары - төмен», «көңілді – мұңды» әуенді дыбыстарды үйрету.
Билингвалдық компоненті: Музыкалық үйшік - музыкальный домик. Сайқымазақ - клоун, қоян - заяц, матрешка - қуыршақ. Музыка жетекшісі топқа кіріп балаларға залға атпен баруды ұсынады. (Үн таспада аттың шабысы естіледі ) Музыка жетекшісі: - Міне бізде келдік Тр - тр Қайырлы күн балалар! Кәне бәріміз амандасайық «Сиқырлы сөздер» дауысты ойын (балалар қимыл мен айтып көрсетеді)

Сәлем, сәлем алақан! ( алақанды ашады) Жұмсақ, жылы алақан ( алақанды соғады ) Әдемі етік біз кидік ( аяқтарын корсетеді ) Сәлем, сәлем тақамыз! ( аяқтарын топылдатады. ) Сәлем, сәлем торғайлар! ( Чик - чирик, чик - чирик ) Сәлем, сәлем тышқандар! ( шиқ - шиқ, шиқ - шик.) Сәлем тентек жел үргіш! (Үреді екі үзақ дыбыс шығару) Жаңғырған, бала дауысы. ( а - а - а ә ндетеді)

Сәлеметсіз бе! - Сәлеметсіз бе! (2 - рет әндетеді ) Музыка жетекшісі - Балалар орнымызға отырамыз Құлақтарыңды, көздеріңді әзірлеңдер. Мен сендерге ертегі айтқым келіп тұр. Бір орманда әдемі үйшік болыпты(үстел үстінде үйшікті көрсетеді) бұл жәй үйшік емес, ол музыкалық үйшік. Бұл үйшікте мейірімді және көңілді кейіпкерлер өмір сүреді. Оларда ұрыс - керіс пен төбелестер болмайды. Мында тамаша әндер мен билерді жақсы көреді. Балалар мына үйшікте неше терезе көріп тұрсыңдар? - Үш терезесі бар. 

- Әр терезенің үстінде қоңырау бар Ал балалар, кім тұрады екен мұнда? Соны анықтайық бәріміз. Ендеше тыңдаңдар. Бұл ғажайып үйшіктің Терезесін қағайық. (қоңырауды соғады бірақ дауысы шықпайды). Музыка жетекшісі - Балалар мына терезе, тапсырма арқылы ашылады екен.. Мына тапсырманы орындасақ қоңыраудың дауысы шығады. Балалар мына екі сүреттен кімді көріп тұрсыңдар? - Сайқымазақты. - Сайқымазақтың екі сүреті де бірдей ме? - Жоқ. - Біреуі көңілді, екіншісі көңілсіз - жылап тұр. - Ия балалар дұрыс. 

Мен сендерге әуенді қосамын сендер мұқият тыңдап ажыратыңдар Сайқымазақтың қайсысына сәйкес екенін табыңдар. Музыка тыңдау: «Көңілді полька» орыс х/ ә - Көңілді сайқымазақтың әні «Мұңды әуен» - Көңілсіз сайқымазақтың әні Музыка жетекшісі: Балалар сендер тапсырманы дұрыс таптыңдар. Енді қоңырауды соғып қарайық. Кәне кім маған көмектеседі. 

(Ортаға бір бала шығып қоңырауды қағады) - Қараңдаршы балалар бұл кім? - Сайқымазақ.
Балалар сақымазақтың қандай болғаны жақсы, күлдіретін бе әлде жылататын ба? - Күлдіретін. - Ендеше мына сайқымазаққа жан бітсін десеңіз, сиқырлы сөздерді айтып қарайық. Балалар сендер қандай сиқырлы сөздерді білесіңдер? Кәне бәріміз бірге айтамыз. - Крибли, крабли, бумс. (Музыка әуені естілгенде ортаға педагог - сайқымазақ шығады.)

Сайқымазақ: - Мен сайқымазақпын ха - ха - ха Мен көңілдімын хи - хи - хи. Маған ешкім тең емес ха - ха - ха. Ойынды мен сүйемін
Сәлеметсіздер ме балалар! – Сәлеметсіз бе сайқымазақ! Музыка жетекшісі: - Жақсы көрсең ойынды бізбен бірге ойнашы. 
Сайқымазақ: - Балалар менің ойыным сиқырлы Мұқият тыңдаңдар сендер. Қатты - қатты ойнасам, Тұрма сен жәй балақан. Жәй нәзік ойнасам, Тұрамыз бәріміз қозғалмай. Музыкалық дидактикалық ойын: «Қатты - жәй» (Сайқымазақ бубенді соғады ) Балалар орындарында тұрып қимыл әрекеттерін орындайды. Музыка жетекшісі: Жарайсыңдар балалар! Сендер қатты және жәйді ажырата білесіңдер екен. - Ал енді екінші терезеге барайық. Бұл ғажайып үйшіктің терезесін қағайық. (Қоңырауды қағады, бірақ үні шықпайды) - Балалар мына терезе жұмбақ арқылы ашылады
Жұмбақ: «Ұзын - қысқа бойлары. Бір - біріне ұқсайды. Алты апалы сіңілі. Бір - бірінен қалмайды» Бұл не балалар? - Матрешка қуыршағы Музыка жетекшісі: Ия балалар бұл орыс халқының қуыршақ матрешкасы

Кәне кім маған терезені ашуға көмектеседі? (Терезе ашылып ішінен матрешка қуыршақты шығарады, бірінің ішінен бірін шығарып балаларға көрсетеді). Музыка жетекшісі: - Балалар мына биік қуыршақ - жоғарғы дауыспен әндеткенді жақсы көреді, ал аласа қуыршақ - төмен дауыспен әндеткенді жақсы көреді. Сендер тыныш отырып тыңдаңдар қай қуыршақтың әнін естіп тұрсыңдар маған айтып беріңдер.
Музыка жетекшісі пианинада «Қуыршақ» әнін I - октавада орындайды.(балалардың жауабы) II - октавада әнін орындайды.(балалардың жауабы) Сайқымазақ: Балалар сендер бәрін білесіңдер ғой! Музыка жетекшісі: Міне сендер өз білімдеріңмен екі терезені аштыңдар. Ал енді балалар музыкалық үйшіктің үшінші терезесінде кім тұрады екенін табайық? Балалар мен сендерге бір аңның әуенін орындап беремін сендерге таныс ән болса шешуін табасыңдар. «Сұр қоян» әуенін орындайды - Сұр қоян

Музыка жетекшісі: Дұрыс балалар, кім шығып қоңырауды соғады? (Қоян шықпайды) Сайқымазақ:- Қоян неге шықпай тұр, мен оны қазір шығарамын. - Қоян (дауысын шығарып айқайлайды) Музыка жетекшісі: Сайқымазақ осылай айқайласаң қоянды қорқытасың. Балалар қоян қандай аң? - Қорқақ - Қоянды қалай шақырамыз? - Жәйлап, нәзік дауыспен шақырамыз. - Ендеше балалар қоянды әндетіп шақырайық. -«Қояным - ау, қояным шыға ғой» (әндетіп шақырады бірнеше рет қайталайды.) Музыка жетекшісі терезені ашады, ішінен ойыншық қоянды алып шығарады. 

Музыка жетекшісі: Сәлеметсіз бе қоян! Саған не болды? Дірілдеп тұрсың ғой? (қоянды құлағына тақап тыңдайды, басын шайқап бірнеше секунд тұрады). – Сайқымазақ, сен білесің бе қоянға бүгін не болғанын? Балалар қоян қандай оқиғаға тап болғанын сайқымазаққа айтып берейік. «Қоян шықты ойынға» орыс халық санамағы. Қимылды ойын: 1, 2, 3, 4, 5. ( балалар шапалақтайды.) Қоян шықты серуенге. ( Марш екпінімен жүреді.) Аңшы шықты алдынан. (Қолдарымен мылтықты көрсетеді.) Көздеп атты қоянды. (Жоғары, жан - жағына атқанын көрсетеді.) Тах - тах. (Саусақтарын шайқап көрсетеді.) Тимеді. Қоян қашты секіріп. ( Балалар секіреді.)

Сайқымазақ: Жарайсың қояным, жылдам екен аяғың. Музыка жетекшісі: Біздің қоян әнді де, биді де жақсы көреді екен. Бірақ бүгін шаршап тұрғасын балалар біз өзіміздің күзгі әнімізді орындап берейік. Ән «Алтын күз»

Музыка жетекшісі: Түш - ш балалар сендердің әніңізді тыңдап, қоян ұйықтап кетіпті оның шаршағаны көрініп тұр. Мен қоянды жайлап үйіне жатқызайын. (жәй дауыспен ) - Балалар бүгінгі оқу іс - әрекетіміз аяқталды. Сендерге ұнады ма? (балалардың жауабы) Сайқымазақ: Бүгін балалар маған да сендердің жауаптарың ұнады, менде сендерге беретін сыйлығым бар( сыйлықтарын үлестіреді) - Рахмет саған сайқымазақ. 
Музыка жетекшісі: Енді балалар қоянды оятып жібермейік аяқтың ұшымен жәйлап тобымызға барамыз. Сау болыңыздар!