Тақырыбы: «Әуенін тап» музыкалық ойын
Мақсаты: ойын арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін , ой-қиялын дамыту. Музыкаға деген қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекілігі: музыкалық нота суреті, плакатқа жазылған нақыл сөздер, музыкалық категориялық плакат, жетондар.
Техникалық құралдар:
колонка
фортепиано
Баян
Ноутбук
Өтілу барысы:
Жүргізуші: Саламатсыздар ма, ұстаздар мен оқушылар! Бүгін 3 «В»класында өтілгелі отырған «Әуенін тап» атты музыкалық ойынға қош келдіңіздер!
Жүргізуші: Оқушылар, музыка деген не?
(оқушылардың ойлары)
Жүргізуші: Музыка-көзбен көріп,қолмен ұстай алмайтын бейне. Оның басқа көркем өнерден айырмашылығы адамның ішкі сезімін оятып,көңіл күйін дыбыс әуені арқылы,саз ырғақ арқылы бейнелеп жеткізе білуінде. Музыкада 7 дыбыс бар. Олардың атауларын білесіңдер ме?
О: (до,ре,ми,фа,соль,ля,си )
Жүргізуші: Жарайсыңдар! Өте дұрыс. Мінекей, қазір біз «Әуенін тап»атты ойынын ойнаймыз. Ол үшін алдымен команда капитаның сайлау керек. Оны біз сұрақтарыма дұрыс,әрі тез жауап берген оқушы ,сол команданың капитаны болады.
Сұрақтар:
1.Аранжировка деген не? (ән мен күйге сүйемел жасап өңдеу)
2.Мажор деген не? (қуанышты көңіл күйді бейнелейтін әуен)
3.Минор деген не? (қайғылы,мұңды көңіл күйді бейнелейтін әуен)
4.Тембр деген не? (Дыбыс бояуы)
Жүргізуші: Міне, команда капитандары сайланды. Енді, команданың атауларымен таныстырайын.
1-команда: Трио
2-команда: Квартет
3-команда: Дуэт
4-команда: Вокаль
Жүргізуші: Бұл ойын тақтада көріп тұрғандарыңыздай 7 нотаның аты белгіленген.Сондықтан 7 конкурстан тұрады. Кім бірінші таңдайды, оны біз қазір білеміз. (оқушылар өздерінің реттік номерлерін таңдайды).
1—ші конкурс “До”.
Ж: - Конкурс “Ребусты шеш”. Тапсырма: (Тақтадағы ребусты бірінші болып шешіп, жетон алу) «музыка» деген сөз
2-ші конкурс “РЕ”
Ж: -Конкурс «Сен білесің бе?» Тапсырма: әр командағы 2 сұрақтан қойлады, жауап бере алмаған жағдайда менің «қарсыластар» деген сөзімнен кейін карточкаларынды көтеріп,жауап беруге болады.
1-команда:
1.Ақан серінің жүйрік атын қалай атаған? (Құлагер)
2.Қандай қасиеттері бар адамды «сал»деп атаған? (өзі ақын,өзі композитор,өзі әнші,сөзге шешен-сегіз қырлы,бір сырлы адам)
2-команда:
1.Абайдың қандай әндерін білесің?
2.Алғашқы ұлт аспаптар оркестрін кім құрды? (Ахмет Жұбанов)
3-команда:
1.Дирежёрдің міндеті не? (оркестрдің басын қосып,бір адамдай орындату)
2. «Отырар сазы» оркестрінің негізін қалаған кім? (Болат Сарыбаев)
4-команда:
1.Жанр дегеніміз не?(мазмұны мен мінезі жағынан ұқсас музыкалық шығармалар.
2. Әскери мерекелік үрмелі аспаптар? (тромбон,кіші барабандар,саксофон,труба)
3-ші конкурс “МИ”
Ж: Конкурс «Мозайка» Тапсырма: Команда капитаны реттік номерлері бойынша карточканы таңдайды. Шыққан суреттерін әңгімелеп береді.(домбыра, баян,гитара,сазсырнай)
4-ші конкурс “ФА”
Ж: Конкурс «Әуенің тап». Тапсырма: Тақтадағы 2 тақырыпта берілген музыкалық кестені көріп тұрсындар. Осы музыкалық кестеде ән жасырылған. Сендер осының ішінен біреуін таңдап, қандай ән екенін табасыңдар!
5-ші конкурс “Соль”.
Ж: Конкурс: «Сөздерді жинақта» Тапсырма: Сендерге 4 карточкада жазылған өлең жолдарын беремін. Бірақ бұл өлең жолдары дұрыс жазылмаған. Соны дұрыс қою керек.
Айгөлек,Келді міне,Жаңа жыл, Домбырасыз сән қайда, Анажаным.
6-шы конкурс “Ля”.
Ж: Конкурс капитандар үшін: «Музыкалық отырғыш» . (шарты түсіндіріледі)
7-ші конкурс “Си”.
Ж: - “Алло, біз таланттыларды іздейміз!”. Бұл конкурста сендер команда болып ән айтуларын керек. (карточканы алып әнді таңдайды, кароеке сияқты барлығы қосылып әнді айтады) (әннің сөзі көрсетіліп тұрады, командаларға ұпай беріледі).
Ж:Мінекей, конкурсымызда өз мәресіне жетті. Қай команда көп ұпай жинағаның жетондары арқылы білетін боламыз. (ұпайлары саналып, командаларды марапаттау)
Шаттанайық кел ойнап
Қандай сұлу шыршамыз
Жаңа жылда баршамыз
Ортамызда тұр жайнап
Жүрекке ем қонбаған
Қайғысында толғаған
Елдің жырын жырлаған
Домбырасыз ешқашан.
Би билейтін дөңгелеп.
Айдың жүзі дөңгелек.
Айдай толған кезімде,
Айгөлек-ау, Айгөлек,
Өмірді сыйлағаның?!
Анашым,анажаным,
Мейірбан,балажаным.
Бақытым емес пе еді.
Қандай сұлу шыршамыз
Ортамызда тұр жайнап
Жаңа жылда баршамыз
Шаттанайық кел ойнап
Елдің жырын жырлаған
Қайғысында толғаған
Домбырасыз ешқашан.
Жүрекке ем қонбаған
Айгөлек-ау, Айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек.
Айдай толған кезімде,
Би билейтін дөңгелеп.
Анашым, анажаным
Мейірбан,балажаным.
Бақытым емес пе еді.
Өмірді сыйлағаның?!