Берекелі алтын күз сайыс 3-4 класс

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Берекелі алтын күз (отбасылық сайыс)

Мақсаты: Ата- аналарды мерекелік шараларға тарту, балалардың үлкенге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу.

Музыка ырғағымен қолдарына жапырақ ұстаған балалар залға кіріп, орындарына жайғасады.

1 Жүргізуші:



Құрметті ұстаздар мен ата – аналар балалар  міне  даламызға  көптен  күткен  «алтын  күз»  мерекесі  де  келіп  жетті . Сіздерді  шын  жүректен  осы  мерекемен  құттықтай  отыра  «Алтын күз»  отбасылық сайысын   тамашалауға  шақырамыз. Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын!
1-жүргізуші:   

 Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын,
Көңілді серіппелі күйін ашсын.
Бақ пенен  шаттық бірге қатар қонып,
Береке бірлікпенен ортақтассын. Бүлдіршіндеріміздің көргенді және тәрбиелі азамат болып өсуіне ықпал ету баршамыздың міндетіміз. Ата- ана мен балабақша арасында байланысты нығайта түсу мақсатында өздеріңізбен біріге отырып, ұйымдастырылған « Берекелі алтын күз» сайысын бастаймыз.

2 жүргізуші:

Күз келсе сағынғаны қарашаны,

Ата- ана баласымен жарасады.

Қарсы алайық, келеді жанұялар,

Қызықтайық қыздырып тамашаны.

Ортаға сайысқа қатысушы қыздарымызды аналарымен бірге қол соғып құрметпен қарсы алайық.

1 Жүргізуші: Сайысқа қатысатын жанұяларды таныстырып алайық:

  1. 1 кл Болатқызы Сара - анасы Қарлығаш

  2. 2 кл Ботақызы Дана анасы Қатарбаева Базар

  3. 3 кл Білшан Карина - анасы Боранбаева Анар

  4. 4 кл Марат Ақбота – анасы Бекишова Асем

2 Жүргізуші: Енді осы сайысты қадағалап, әділ бағасын беріп отыратын әділқазылармен таныстырайық:

Физика пәнінің мұғалімі Бекетова Нұрзада апай

Математика пәнінің мұғалімі Қарымсақова Зина апай

Орыс тілі пәнінің мұғалімі Аяпова Сания

1 Жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын оның бөлімдерімен таныстырып өтейін:

1 бөлім: «Жүздің түсін танығанша, бірдің атын біл» (Өздерін таныстыру)

2 бөлім: «Шебердің қолы алтын» (Бұйымдарын қорғау)

3 бөлім: «Өнерлі өрге жүзеді» (өз өнерін көрсету)

4 бөлім: «Күз сән үлгісі» (Бүлдіршіндермен бірге)

5 бөлім: «Менің әсем күзім» (Сурет салу, жапсыру)

2 Жүргізуші: Ендеше, сайыскерлеріміз дайындалғанша 1 класс оқушыларын өлең жолдарымен қарсы алыңыздар.

1 Жүргізуші: 1 бөлім. : «Жүздің түсін танығанша, бірдің атын біл»

Өнер қуып әрбірі өтер дейміз,

Бір басына өнері жетер дейміз.

Сайысқа келген жанұялар кезектесіп,

Таныстырып өтер дейміз.

2 Жүргізуші: Ән 4 класс оқушыларының « Құстар қайтып барады » әнімен қарсы алыңыздар.

1 Жүргізуші: 2 бөлім

Қаңғалақтап құлдилайды жапырақ,
Сарғыш тартып мынау дала, атырап.
Күн шуағын жинай алмай тұрғандай
Қатар-қатар шөмелеге шашып ап, д

«Шебердің қолы алтын» ( үй тапсырмасы бойынша әкелген бұйымдарын таныстыру)

2 Жүргізуші: 2 класс оқушылары өлең жолдарымен

1 Жүргізуші:

3 бөлім: «Өнерлі өрге жүзеді» (өз өнерлерін көрсету)

2 Жүргізуші: Би « Көк бөрі» 4 класс оқушылары

1 Жүргізуші: 4 бөлім: «Күз сән үлгісі»

2 Жүргізуші:

Алтындай сылдырлайды күздің үні,

Жібектей майда шуақ алтын күні.

Биылғы мерекелі нұрлы күздің ,

Тамаша бірдей сұлу күн мен түні



3 класс оқушыларын өлең жолдарымен қарсы алыңыздар

4 класс оқушыларын өлең жолдарымен қарсы алыңыздар.



Жеңімпаздарды анықтау:

Бас жүлде:

1 орын-

2 орын-

3 орын-

2- жүргізуші: Осымен құрметті қонақтар, балалар! Бүгінгі « Берекелі алтын күз» атты отбасылық сайысымыз аяқталды. Зейін қойып тамашалағандарыңызға көп рахмет!