Алматы облысы,
Қаратал ауданы
МДШО бар Жаңаталап орта мектебі
Тақырыбы:
Қ дыбысы мен әрпі
Тоғасова Хатифа Капаржановна
Қ дыбысы мен әрпі
Сабақтың тақырыбы: Ққ дыбысы мен әрпі (флипчарт)
Сабақтың мақсаты
1. Оқушыларға Ққ дыбысы мен әрпін таныту, буындар мен сөздер өткен сабақты пысықтау; әдемі, көркем, сауатты жазу дағдысын, іскерлігін қалыптастыру;
2. Дүниетанымын кеңейту, шығармашылықпен жұмыс істей отырып, сөздік қорын, әңгімелеу дамыту;
3. Оқушыларды Отан сүйгіштікке, ұқыптылыққа, сауаттылыққа, табиғатты қорғауға, оқуға дағдыландыру.
Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, кеспе буын, суреттер, интерактивті тақта.
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру, саяхат
Сабақтың мазмұны:
І. Ұйымдастыру: Түгендеу, сабаққа зейінін аудару.
I. Психологиялық көңіл - күй.
Күлімдеп күн бүгін,
Қарады маған да.
Күлімдеп күн бүгін,
Қарады саған да.
Шуақ пен нұр төгіп
Көңілді кетті көтеріп.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.\Сұрақтарға жауап беру арқылы Астана сөзін шығарып алу\
Әріп пен дыбыстың айырмашылығы неде?\ А\
Дауысты дыбыстарды атаңдар. Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?\с\
О дыбысы қандай дыбыс? \т\
О дыбысы жуан дауысты ма, әлде жіңішке дауысты дыбыс ма? \а\
О дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?\н\
О дыбысы бар сөздерді атайықшы? \а\
Ендеше Астанаға саяхатқа шығамыз.
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Жаңа сабақ:
а) Сөзжұмбақ шешу
Қандай сөз шықты? \Суреттегі заттардың алғашқы әріптерінен қала деген сөзді шығарту.\
Буынға бөліңдер, бірінші буындағы қандай дыбыс таныс емес.
Қ дыбысының әріп таңбасымен таныстыру.
Қ дыбысын үш рет айту.(дауыссыз дыбыс екенін анықтау.)
Дыбыстық талдау жасату.
Қ әрпіне байланысты видео көрсету.
Қа - ра - қат, қа – ла, қа - лақ, қо - нақ сөздерін буынға бөліп, қ дыбысының орнын байқату.
ІҮ. Оқулықпен жұмыс
Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті - Астанада орналасқан Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының бірі.
Сөздік қоржын.
қала қара қалақ қалта ақ
қола қора қонақ тақта лақ
орақ ақпан Қанат
ошақ алақан Қайрат
қарақат қошақан Қуат
Бағандағы сөздерді буындап не тұтас оқып үйрену, мағынасын түсіндіру.
Қала аттарының бас әріппен жазылатынын түсіндіру.
Қапшағай, Қаратау, Қарағанды.
Ү. Дәптермен жұмыс: Қ әрпін жазып үйрену
Бір, екі, үш
Бойға жинап күш.
Дәптерді ашайық
Қолға қалам алайық
Әдемі етіп жазайық
ҮІ. Сергіту сәті \ «Думан» ойын сауықтыру орталығы\
Ғимараттардың алғашқы үш қабаттарында ойын - думан және спорт орталықтары, сондай - ақ конференциялар, келіссөздер, көрмелер және концерттер өткізуге арналған залдар орналасқан.
Қарлығашқа ұқсайық,
Қане қанат қағайық.
Қарлығаш боп ұшайық,
Ұшып - ұшып алайық.
ҮІІ. Терме диктант Бәйтерек (монументі)
Астананың орталығында көкке бой созып тұрған «Бәйтерек» – қазіргі Қазақстанның нышан - символы, қазақ халқының қайта өрлеуі мен түлеуінің, мемлекеттілігінің, биіктік пен тереңдіктің, кеңдіктің белгісі, дархандықтың көрінісі іспетті. Ол елорданың халық көп баратын жерінің бірі.
Қала, нан, бала, бақа, шопан, қалақ, қонақ, лақ.
«Ақ орда» тапсырма
Суреттердің атын атап, дыбыстық талдау жасаңдар.
Ақ Орда резиденциясы — Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясы.
Бейбітшілік пен келісім сарайы Тапсырма «Тиінге көмектес»
Өтілген әріптерді себетке салу.
Бейбітшілік пен келісім сарайы – архитектуралық құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы. Ол Астана қаласының қолдан жасалған жота үстінде орналасқан.
ҮІІІ. Жаңа сабақтан түсінгенін тексеру:
Қ қандай дыбыс?
Сөздің қай буынында жазылады?
Қала аттары қалай жазылады?
Қала тақырыбына мәтін құрау.
Сөйлем құрату.
Алмат қалада тұрады.
Қарағай тауда өседі.
ІХ. Ой қорыту
«Менің орным қайда?» ойыны
Суреттерді орналастыру.
БҮҮ стратегиясы
Рефлексия
Сендер бүгін сабақта қандай жаңа білім алдыңдар?
Қандай қызықты мағлұматтар алдыңдар?
Қай тапсырманы орындағанда қиындыққа тап болдыңдар?
Қай тапсырма ұнады?
Х. Бағалау
Сабақ қатысқандарды марапаттау. \ Тәуелсіздік монументі эмблемасын тарату\